Сабақтың тақырыбы: Нәтиже сабақ



жүктеу 54.97 Kb.
Дата01.07.2016
өлшемі54.97 Kb.
«Ана тілі» сабағы 2-сынып

«Ана тілі 2-сынып» электронды оқулығы

Ә.Ахметов орта мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі Екібаева.Ә. Қ



Сабақтың тақырыбы: Нәтиже сабақ
Сабақтың мақсаты: Тақырып модуль бойынша сөздерді өзара байланыстырып, сөз тіркестерді, сөйлемдерді құрастырып, оқушылардың білімдерін нәтижелеу, белсенділік сөздік қорын байыта отырып, ауызекі сөйлеуді, жазу дағдыларын қалыптастыру, балалардың ой - өрістерін дамытып, қазақ тіліне деген қызығушылықты арттыру.

Көрнекілігі: Сюжетті суреттер, интерактивті тақта, сөздер, оқулық, үлестірмелі тапсырмалар.
Сабақтың барысы:


  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Нәтиже сабақ.

Балалар, біз бүгін «Менің үйім» модулін аяқтаймыз. Осы тақырып бойынша алған білімімізді бекітеміз. Сабақта әртүрлі жұмыстар орындаймыз, жазамыз, оқимыз, аударамыз, ойын ойнаймыз. Ал сабақтың соңында жақсы баға аламыз, келістік пе?

Дәптерлеріңде әріптер жазылған, оларды дұрыс және әдемі жазып қойыңдар.


Сабақтың тақырыбы: «Нәтиже сабақ».
Сөздік жұмыс. Өткен тақырыптар бойынша сөздерді қайталаймыз. (суреттерді көрсетіп, ненің суреттері екенін сұрау). (Қаланың, ауылдың суреттері). Бірінші суретте нелерді көреміз? (үйлер, көшелер, дүкендер, бағдаршам, жолдар, кітапханалар, мектептер). Екінші суретте ше? (ауыл, мал, шөп, жануарлар)

Қала қандай? Ауыл қандай?

Айырмашылығы неде?

Біз қайда тұрамыз? (Астанада, қалада). Біздің қала қандай? Сендер біздің қаламызды сүйесіңдер ме? Келешекте қаламыз үшін жұмыс істейсіңдер ме? (Ия).

Жарайсыңдар, рақмет!

Қаладағы және ауылдағы адамдар қайда тұрады? (Үйлерде)

Біз қазіргі сабақта үйді саламыз, интерактивті тақтаға қараңдар, үйдің бөлшектері дайын, ал үй әлі салынған жоқ. (Слайд 1. Үйдің бөлшектері)

Үй қандай бөлшектерден тұрады? (шатыр, еден, қабырғалар, терезелер, есік). Дұрыс, міне, үйіміз дайын. Енді үйдің ішін көрейік.

(Слайд 2. Бөлме)

Мынау ненің суреті? Нені көріп тұрмыз? (бөлме) Бөлмедегі заттарды атап шығайық . (үсел, шкаф, диван, орындық, компьтер, доп, кілем, сурет, гүлдер, кітаптар)

Мына сурет бойынша шағын мәтін құрастырайық: Мынау бөлме.
Бөлмеде ..., ..., ... бар. Бөлме таза, ... .

(Слайд 3. Бөлмедегі заттар)


Берілген сұрақтарға жазбаша жауап беру керек. Бірақ жазғанда тақтадағы әріптер туралы ұмытпаңдар, дұрыс және әдемі жазыңдар, жарай ма? (Иә).
Дәптерге жазу.

Компьютер қайда тұр? (үстелдің үстінде).

Кітаптар қайда тұр? (шкафтың ішінде).

Доп қайда жатыр? (диванның алдында).

Орындық қайда тұр? (шкафтың қасында).
Үстінде, ішінде, алдында, қасында деген сөздердің астын сызып қойыңдар. Бұл қандай сөздер? Олар неге керек?

Жарайсыңдар, балалар!



Жұмбақ айту. Мына суретте үйдегі бір зат жетіспей тұр. Ол зат туралы біз жұмбақты жаттадық. Оны бәріміз хормен айтып шығайық. Алдына келесің, өзіңді көресің. Ол не? Айна.
Сергіту сәті. Ойын ойнаймыз. Не артық? Мына суреттердің біреуі артық, қандай? Неге?

Үй

Есік

Терезе

Аң



Диван

Шкаф

Үстел

Ағаш




Қалам

Нан

Қарындаш

Дәптер



Айжан

Бір

Серік

Иван

Алдарындағы парақтарда сызба берілген, сол бойынша сөздерден сөйлемдерді жинау керек.


Тапсырма


Астана

тұрамын

жанып тұр

шкаф

ауылда

бар

көшеде

бағдаршам

Мен

қаласында

үлкен

бөлмеде

мал



Тапсырма



Бұл не?

Көшеде адамдар жүр.

Қалада нелер бар?

Ауылда атам мен әжем тұрады.

Ауылда кімдер тұрады?

Бұл қала.

Көшеде кімдер жүр?

Қалада биік үйлер бар.

Сұрақ - жауап арқылы жекелеген тапсырма.


Оқулықпен жұмыс.

Тапсырма. Жұмбақтың бір сөзін қарындашпен жазу керек.
Бекіту кезеңі. Қарындашпен тізбексөз шешу.
Үй тапсырмасы: тақырып бойынша тізбексөзді құрастыру.
Бағалау.
Сабақтың қорытындысы.
Ана тілі 2 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Түйе
Сабақтың мақсаты: Қазақ халқының ұлттық кәсібінің бірі төрт түлік малдың ішіндегі түйенің ерекшелігіне тоқталу. Оның еті де, сүті де адамға шипалы екенін түсіндіру. Оқушыларды мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту, түйенің пайдасы туралы білімдерін толықтыру, тіл байлығын, ой - өрістерін дүниетанымын кеңейту. Оқушыларды төрт түлікке деген құрметке, еңбек – сүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: төрт түліктің суреті, сызбалар, тест тапсырмалар, интерактивті тақта.
Әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, ой – қозғау.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, қазақ тілі, математика
Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

Оқушылардың назарын сабаққа аудару


Кел балалар ойнайық

Ойнайық та ойлайық

Қандай сұрақ болса да

Таппай оны қоймайық



ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау.

  1. «Сиыр» өлеңін жатқа айту.

  2. үй тапсырмасын бекіту.

Оқушылар сиырға байланысты сөздерді тауып жанына жазады.


ІІІ Жаңа сабақ.

Иір – иір денесі

Сахараның кемесі

Ащы шөптер тамағы

Шөлге шыдап бағады

Төрт түлік бізге кисек – киім, ішсек – тамақ, мінсек – көлік

Мақал – мәтел оқытып мазмұнын түсіндіру.

Ендеше балалар бүгін біз төрт түлік малдың бірі – түйе туралы жырды өтеміз. Түйе киелі жануар. Төрт түлік малдың басы. Ыстық суыққа шыдамды. Оның терісі, сүті, жүні өте пайдалады. Сүтінен шұбат, қымыран дайындайды. Терісінен аяқ киім тігеді, ер қаптайды. Жүнінен жылы киім тоқиды, көрпеге салады. Түйе 30 – 40 жыл өмір сүреді. Төрт түлік малдың ішіндегі қандай жануарлар жыл он екі айда кездеседі. (сиыр, жылқы, қой)

Ал түйе өзінің бойына сеніп жылдан құр қалған екен.

Түйеге байланысты сөздерді тіркеп жазу.

Оқулықпен жұмыс

Өлеңді мәнерлеп оқып беру

Оқушыларғы іштей оқыту

Тізбектей оқыту

Қиын сөздермен жұмыс

Сергіту сәті:

Биені – құраулап (құрау - құрау)

Түйені көс – көстеп (көс – көс)

Сиырды аухаулап (аухау - аухау)

Шақыра аламыз, сауамыз, бағамыз.


Екі топқа мақал – мәтел айтып жарыстыру.
Тренинг ойын:

Әр балаға өздері қалаған төрт түліктің біреуінің қимылын жасап көрсетеді.(қалған бала табады)


Сабақты бекіту:

Тест тапсырмалары:



  1. Түйе баласын қалай шақырады?

А) пұш –пұш

Ә) көс көс

Б) құрау құрау




  1. Түйе не істейді?

А) кісінейді

Ә) мөңірейді

Б) боздайды




  1. Түй атасы кім?

А) шопаната

Ә) қамбарата

Б) ойсылқара


Үйге тапсырма:

«Түйе » жырын жаттау



Төрт түлікке байланысты мақал – мәтел жаттау.
Оқушыларды бағалау

Сабақты қорыту.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет