Сабақтың тақырыбы: Нысандармен жұмыс істеу



Дата19.06.2016
өлшемі22.25 Kb.
#148007
түріСабақ
Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, Шақаман ауылы «Шақаман жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

Информатика пәнінің мұғалімі Маметжан З.М.


Нысандармен жұмыс істеу
Сабақтың тақырыбы: Нысандармен жұмыс істеу

Сабақтың мақсаты: Нысандармен жұмыс істеуді үйрету, орын алмастыру, атын өзгерту көшіру, жою амалдарын игерту

Құрал жабдықтар: компьютер, интерактивтік тақта, нақыл сөздер

Ұранымыз:


Білімді дайын күйінде алмаймыз, үйрену арқылы ғана білімді меңгереміз

Сабақ жоспары:

  1. Ұйымдастыру кезеңі. Ойын түрінде

  2. Үй тапсырмасын тексеру

  3. Жаңа сабақ, Өзіндік оқып, компьютер бетіне түсіру

  4. Демалыс сәті

  5. Үй тапсырмасын беру, бағалау

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Қақпаның артында неше бала тұр?

Қабырғаның көлеңкесінде Ұлудың қай бейнесі қалды?





  1. Үй тапсырмасын тексеру «Жеті жұмбақ» ойынын пайдалана отырып

Сұрақтар:

  1. Неге компьютердің үстіне кітап, дәптер және тағы басқа заттарды қоюға болмайды?

  2. Файлды атау үшін қолданылатын символдардың ең үлкен саны:

  3. Келесі жолға өту пернесі.

  4. Буманы ашу үшін не істеу керек?

  5. Басқа буманың ішіндегі бума қалай аталады?

  6. Интернетке қосылу құрылғысы.

  7. Байттардың аты бар қандай да бір тізбек қалай аталады?

  8. «Бит» сөзінде неше бит бар?

  9. Жарлықты қалай құрамыз?

Жаңа сабақ: Нысандармен жұмыс істеу

Компьютерде жұмыс істеу барысында нысандарға

мынадай амалдар қолданылады:


Қатар орналасқан нысандар ШЕКТЕС НЫСАНДАР деп аталады

Қатар емес орналасқан нысандар ШЕКТЕС ЕМЕС нысандар деп аталады



Белгілеу үшін:

  1. Тінтуірдің сол жағымен бірінші нысаннан бастап белгілеп алып, керек

нысанға дейін тінтуірді апарамыз

2. Топтың бірінші нысанын ерекшелейміз, SHIFT пернесін басып тұрып,

соңғы нысанды ерекшелейміз

3. Топтың бірінші нысанын ерекшелеп, CTRL пернесін басып тұрып,



керек нысандарды белгілейміз.

  • Көшіру

  • Орын алмастыру

  • Жою

  • Атын өзгерту

Компьютердегі тәжірибелік жұмыс. 106 бет. А деңгейі және С деңгейіне бөліп орындату

Демалыс сәті

Қорытындылау

  1. Қандай нысандар шектес нысандар деп аталады? Оларды қалай ерекшелейміз.

  2. Бірнеше нысанды қалай ерекшелейміз?

  3. Нысандарды көшіру мен жылжытудың айырмашылығы неде?

  4. Нысандарды жою бұйрығы қалай жұмыс істейді?

Үй тапсырмасы:

  1. Өзіңді тексер. Тест 107 бет

  2. “Менің досым”тақырыбында шағын әңгіме құру

Топтастыру стратегиясы

Бағалау

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет