2-тапсырма
2-тапсырма
Жұптық жұмыс
«Атау кере» повесінен берілген үзіндіде қандай ұлттық және адамзаттық құндылықтар берілген? Шығармадағы құндылықтардың әлемдік тақырыппен үндестігін анықтап, мысалдармен дәлелдеңіз.
1-жұпқа
|
Құнды
лықтардың маңыз
дылы
ғы
|
Әлем
дік тақы
рыппен үндес
тігі
|
Мысал
|
1-үзінді
|
|
|
|
2-үзінді
|
|
|
|
1-үзінді: Бәрінен де бұрын ес біліп,
Етек жапқалы, барлық ғұмырын қадірлі халқы, жағалай жұртымен өткізіп, «Көппен көрген ұлы той» деген ұлағатты сөзді имандай тұтып келген Еріктің шешесі Нюра Фадеевнаға да қиын тиді. Ал Еріктің жары Айнаға Қап тауын асып кетсе де бәрібір, күйеуі қайда – бұл сонда, қосағымен қоса ағарудан өзге арман да, мақсат та жоқ. Тау қойнауындағы жалғыз үйдің күйбің-күйбің шаруасы жалықтырған емес, белі талып шаршаған да емес.
2-үзінді:
«Мен Ана Ара емеспін,-деп ойлайтын ол. –Мен жұмыс арасымын. Өмір бақи ұйқы дегенді білмейтін, сеспей қатқанынша шырын жинап, ызыңдып өтер байғұс аралар сол толассыз еңбегін өзгелер жеп жатқанын қайдан сезінсін?! Ал адамның айырмашылығы еңбек-егіннің жемісін теріп жеуінде, ертеңгі мұрат-мақсаттарға талпынуында емес пе?»
2-жұпқа
|
Құнды
лықтардың маңыз
дылы
ғы
|
Әлем
дік тақы
рыппен үндес
тігі
|
Мысал
|
1-үзінді
|
|
|
|
2-үзінді
|
|
|
|
1-үзінді:
...Әке-шешем және бүкіл Фадеевтер әулеті қазаққа тұрмысқа шығатынымды естігенде үзілді-кесілді қарсы болды, әкем мен ағайым тіпті өлтіреміз деп те қорқытты. Біздің кержақтар –орыстың ішіндегі төменгі жақтан ауып келген аса діншілі. Естуімше, патша ағзамның өзі ішкері жаққа жер аударыпты, неге екенін білмеймін, «кержақтар» атанғанбыз.
2-үзінді:
Тағанның таңғалғаны осынау Өр Алтайдың малшылар мен аңшылардан басқа жан аяғы баспайтын қуысында, ерте дүние дәуіріндегі секілді, тас үңгірді баспана, табиғаттың тағыларын қорек етіп отырған Шалдың қаймана жұрттан қашаң тартқан тірлігі - қомақты қоғам, дүбірлі дәуірден өгейси көшіп, өз қотырын өзі қасыған оқшау кәсібі еді.
Достарыңызбен бөлісу: |