Сабақтың тақырыбы: Одағайдың түрлері



жүктеу 368.62 Kb.
Дата16.06.2016
өлшемі368.62 Kb.
Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Құмтоғай селосы, Қарақұдық негізгі мектебі

Сүндетбаева Айгүл Нұрлыбекқызы

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 6-сынып

Сабақтың тақырыбы: Одағайдың түрлері

Сабақтың мақсаты; білімділік - оқушыларға одағайдың мағыналық түрлеріне, құрамына қарай бөлінуін түсіндіру;

Сабақтың дамытушылығы – тапсырмалар беру арқылы шығармашылық белсенділіктерін, қызығушылықтарын арттыру;

Сабақтың тәрбиелілігі – әдептілік ережелерін бойына сіңірген, шығармашылық қабілеті дамыған азамат тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас сабақ

Әдіс- тәсілі: баяндау, сұрақ- жауап, әңгімелеу, топтастыру, перфокартамен жұмыс, т.б

Сабақтың көрнекілігі: сызбалы плакат, оқулық,суреттер


Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру бөлімі

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.

382- жаттығуды екі топтан 4 оқушыға оқытып, одағайларды тапқызу.

«Миға шабуыл» Үй тапсырмасын бекіту

Екі топ оқушылары бір- біріне сұрақтар қояды.

ІІІ. Жаңа сабақ. Одағайдың түрлері

-Балалар, назарларыңды тақтаға аударыңдаршы. Мына сызбаны сөйлетіп бүгінгі сабағымыз туралы мәлімет аламыз.


Одағайлар ойға үстейтін мәніне қарай төмендегідей үш түрге бөлінеді

Көңіл күй одағайлары:

Шаттану, таңырқау, аңсау, қуану, ұнату, ренжу, түңілу, өкіну, шошыну, назар аудару сияқты мәнді білдіреді



Жекіру одағайлары жекіру, тыйым салу, бұйыру сияқты мәнді білдіреді.

Шақыру одағайлары мал, ит- құсты шақыру, қуумен байланысты мәнді білдіреді.

Мысалы: пәлі, ойпырай, алақай, пай-пай, бәрекелді, туу, уһ, аһ, әй, еһе, әттең, өй, ой, қап, әттеген-ай, беу, қап, ау, шіркін, т.б

Мысалы: тәйт, тек, жә, т.б

Мысалы: құрау-құрау, шөре-шөре, көс-көс, айт, моһ-моһ, пұшайт-пұшайт, өк, кә-кә, пырс т.б

ІҮ. Сабақты бекіту



Тақтамен жұмыс.

І топ оқушыларына 383- жаттығу жұмысын орындатамын . Шарты: Одағайлардың мағыналық түрлерін анықтап, бағанға бөліп жазыңдар.

ІІ топ оқушыларына 384- жаттығу жұмысын орындатамын. Шарты: Одағайлардың тыныс белгісін қойып, мәтінді көшіріңдер.

Сергіту сәті « Сөз ойла, тез ойла»

Оқушыларға еліктеуіш, бейнелеуіш сөздер тақырыбына байланысты сұрақтар қоямын. Оқушылар сұрақтарға тез ойланып, жауап береді.

Елең- ...., арбаң-........, тарсыл- ......, сарт- ....., абыр- ......, мәре- ....., шарт- ...., жалт- .......

Ауызша тапсырма: 388- жаттығу. Жекіру, шақыру одағайларын табыңдар.


Сызба кесте: І топ Перфокартамен жұмыс

р/с

Одағай

Дара

Күрделі

Көңіл күй

Шақыру

1

Пәлі













2

Пұшайт- пұшайт













3

Кә-кә













4

Шөк-шөк













5

Ойпырай













6

Паһ-паһ













7

Әттең













8

Құрау-құрау













9

Япырау













10

Пай- пай













ІІ топ. Суретпен жұмыс

Оқушыларға слайдтан суреттер көрсетіледі. Сөйлемдер ішінде, одағайлар болуы керек.

Тақтамен жұмыс. 386- жаттығу. Одағайларды тауып, олардың қай түріне жататынын ажыратыңдар.

Ү. Сабақты қорытындылау

«Ой қорыту»

Тест сұрақтарын тарату, оқушының өзіне тексерту.

1.Шақыру одағайларын табыңдар.

а) ойпырай ә) түу б) шөре-шөре

2. Көңіл күй одағайын табыңдар.

а) тек ә) мәссаған б) құрау-құрау

3. Дара одағайды табыңдар

а) беу ә) шөре-шөре б) паһ-паһ

4. Жекіру одағайын белгілеңдер

а) көс ә) жә б) қойшы

5. Күрделі одағай қатысқан сөйлемді көрсет

а)Аһ, бұл неткен бақыт! ә) Ой, есім шықты б) Ой-хой, дәурен-ай!

Нені білдім? Одағайға топтастыру құру.



ҮІ. Үйге тапсырма: 385- жаттығу. Одағайларды қолдана отырып, «Пай, пай, әжелер –ай!» тақырыбында шағын әңгіме жазыңдар.

389- жаттығу. Көркем шығармалардан одағайдың әр түріне 5-6 сөйлем көшіріп жазу.



ҮІІ. Бағалау.

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 6

Сабақтың тақырыбы: Сан есімнің мағыналық түрлері. Есептік сан есім

Сабақтың мақсаты: білімділік – сан есінің мағыналық түрлерімен таныстыру, алған білімдерін пысықтап, теориялық ұғымдарын мысалдар арқылы терең меңгерту;

дамытушылық – сұрақ- жауап, тапсырмалар арқылы оқушылардың есте сақтау, өз бетінше ойлау, өзіндік пікір айту іскерліктерін дамыту;

тәрбиелік: ынтымақ пен бірлікке, жолдастық көмек көрсетуге, адамгершілік ізгі қасиеттерге баулу.

Типі: жаңа білімді меңгерту

Түрі: аралас сабақ

Әдісі: сұрақ- жауап, түсіндірмелі кубизм, ой толғаныс стратегиясы

Көрнекілігі; оқулық, дидактикалық материалдар жинағы

Пәнаралық байланыс: әдебиет, математика
Сабақ барысы.

І. Ұйымдастыру:

а) оқушылардың сабаққа қатысуы қадағаланады

ә) оқу құрал- жабдықтары тексеріледі

б) сынып 3 топқа бөлінген




ІІ. Үй жұмысын тексеру. 141- жаттығу. Сан есімдерді қатыстыра отырып, жұмбақ, санамақ немесе жай өлең құрастыру. йыви
ІІІ. Жаңа сабақ
Сан есімнің мағыналық түрлері. Есептік сан есім

Сан есімнің мағыналық түрлері. Есептік сан есім


Сан есім мағынасына қарай

Реттік сан есім



Есептік сан есім



Болжалдық сан есім


Топтау сан есім



Жинақтық сан есім




Бөлшектік сан есім



ІҮ. Жаңа білімді бекіту

142- жаттығу. / жазбаша/ Мәтіннен сан есімдерді теріп жазып, құрамын анықтаңдар.

143- жаттығу / ауызша/ Мәтінде қандай сан есімдер кездеседі? Олар қандай мағына білдіреді?Есте сақтау жолдарын санамалап айтып көріңдер.

Ү. Сергіту сәті. Әр опқа бір- бір математикалық жұмбақтарды беріп, есептік сан есімді тапқызу. Оларды құрамына қарай ажырату.

І топ. Мұз айдында жеті бала

Асыр сап жүр сырғанап.

Сырғанамай екі бала

Жағалауда тұр қарап.

Енді осы баланың

Санын айтсаң жарадың / тоғыз/



ІІ топ. Екі аяқ пен екі қол,

Бір ауыз бен бір тілің.

Нешеу болды, қане, бол,

Санап шығар кім бұрын. / алты/



ІІІ топ. Тал басында тізіліп

Он жапырақ тұр еді

Ұшып кетті біреуі.

Ізінше оның жұлынып

Түсті тағы бесеуі

Тұр әлі де ілініп



Жапырақтың нешеуі? / төрт/
ҮІ. Дамытушылық кезең

  1. Көп нүктенің орнына тиісті сан есімді жазып, қалай түрленіп тұрғанын

анықтаңдар.

  1. Білекті ........ жығар, / бір – есіптік сан есім, -ді – табыс септігі/

Білімді ..... жығар / мың – есептік сан есім, -ды табыс септігі/

  1. .........тістен шыққан сөз / отыз екі – атау септігі, күрделі/

....рулы елге тарайды /отыз –атау септігі, дара/

  1. ... бірі –қыдыр, /қырық – есептік сан есім, -тың –ілік септігі/

  2. ... атасын білген ер / жеті – есептік, атау септігі/

.. жұрттың қамын жер / жетпіс- есептік, атау септігі/

  1. Ер жігіттің .. сөйлегені өлгені / екі- есептік, атау септігі/

  2. .. кесірі ... тиеді / бір- есептік,-дің –ілік септігі/ , / мың – есептік, -ға- барыс септігі/




  1. Семантикалық кестені толтырыңдар.




Сөздерден сан есімдер шығарып, құрамын анықтау

Сандарды жазу

Дара сан есімдер

Күрделі сан есімдер

Кекілік

2

*




Түшкіру










Алтын жүзік










Жетілді










Жүзім біркелкі пісіпті










Күшті










Тоғызқұмалақ










Балтыр










Тон сегіз еді










Мыңбай- күшті жігіт










Оның бесігі










Кейбір










Қырық жеті мал













  1. Ойтолғаныс стратегиясы. Сан есімдерді қатыстырып , берілген

тақырыптарға ойтолғау жазыңдар.

І топқа- 20 теңгемен сөйлес

ІІ топқа – 10 жылдан кейін тақта қандай болады деп ойлайсың?

ІІІ топқа- 8 шиден мүсін жаса.

ҮІІ. Сабақты қорыту.Кубизм әдісі арқылы сабақты қорыту.

  1. Салыстырыңыз / Сан есім/ Сын есім/

  2. Зерттеңіз /Сан есім құрамы, мағынасына қарай бөлінуі/

  3. Қолданыңыз /Сан есім қатысқан жұмбақ, жаңылтпаш, мақал- мәтел табу/

ҮІІІ. Үйге тапсырма. 1444 – жаттығу.Газет- журнал мақалаларынан есіптік сан есім түрлеріне он мысалдан теріп жазыңдар.

ІХ. Бағалау. Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау.

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақырыбы: Етістіктің түрленуі

Сабақтың мақсаты: білімділік 1) етістіктің түрленуі жайлы түсініктерін қалыптастыра отырып өзіне тән ерекшеліктерін түсіндіру; 2) Етістік.Етістіктің құрамына,тұлғасына қарай топталуы бойынша алған білімдерін кеңейту.

Тәрбиелік: оқушының тіл байлығын дамыту арқылы тілдік құрлымдарды өз бетінше талдап меңгере білу,іс-әрекет,ізденімпаздық дағдыларын қалыптастыру.

Дамытушылық: ой мен тілді дамыту,сөздік қорын молайту.

Сабақ түрі: жаңа сабақ.

Әдіс-тәсілі: топпен жұмыс,деңгейлік тапсырмалар,шығармашылық жұмыс.

Көрнекіліктері: үлестірмелер,сызбалы кестелер.

Сабақтың барысы. 1.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен сәлемдесіп,кезекші мәліметімен танысу,сынып тазалығына мән беру,оқушы назарын сабаққа аудару.

2
Етістік

категориялары



Көсемше

Сабақты етістік

Болымды етістік

Есімдік

Салт етістік

Етіс

Болымсыз етістік
.Үй тапсырмасы. 1 (тақтаға сызба ілінеді).

а) Етістік дегеніміз не?

ә) Мағынасына,құрамына,тұлғасына қарай қалай бөлінеді?

б) Етіс дегеніміз не? Етістіктің түрлері.

в) Есімше дегеніміз не? Жасалу жолы.

г) Көсемше.Көсемшенің жұрнақтарын ата.


Сөйлеп тұрған сәттегі

іс-әрекет



Сөйлеп тұрған сәттен

бұрын болған іс-әрекет



Алда болатын

іс-әрекет


Жаңа сабақ. Ал,енді ширатпа сұрақтарынан сүрінбей өткен болсаңдар,жаңа сабағымыз түсінікті болу үшін назарымызды келесі сызбалы кестеге аударайық.


Шақ іс-әрекеттің өту кезеңі сөйлеп тұрған сәтке

байланысты айқындалады




Етістік шақтары есімше,көсмше

тұлғалы етістік түбіріне

-ып, -іп, -а,

-е, -й


келіп отыр

-ар, -ер, -мақ,

-мек, -бақ, -бек

бармақ екен

-ды, -ді. -ты,

-ті, -ған, -ген

Ол кеше келген
осы шақ келер шақ өткен шақ

Етістік қимыл іс-әрекетті білдіреді де,қашанда оның белгілі бір мерзімде іске асатынын көрсетеді. Іс-әрекеттің орындалу барысы сөйлеушінің хабарлау кезімен және сөйлеп тұрған сәтпен байланысты қимылдың өту кезеңін білдіру етістіктің шағы деп аталады.

Етістік – шақ категориясы арқылы түрленетіндігі жайлы білімімізді толықтыру үшін топ аралық деңгеймен жұмыс жүргіземіз.

1.Үміткерлер тобы: орташа оқитындар

122-жаттығу жұмысын логикалық тұрғыдан қарастырады.

Тапсырма: құстар қалай сайрайды?

Тізбектеп жазып шығыңдар.

Үлгі: бұлбұл сайрайды,қаз қаңқылдайды,... (тауық,әтеш,үйрек,көркей,құр,күзен,құндыз,көкек,сауысқан,торғай, бүркіт,аққу,т.б.).

2.Талапкерлер тобы: жасы оқитындар.

123-жаттығу жұмысын үлгісі бойынша орындайды.

Қосымша бастапқы үш сөйлемге морфологиялық,синтаксистік талдаулар жасаттырамын.

3.Дарындар тобы: өте жақсы оқитындар.

Шығармашылық жұмыспен айналысады.Оларға мынадай сөз тіркестері беріледі:

Күннің қысқаруы,түннің ұзаруы,Жоңғар Алатауы,көл,жайылыс,қыстақтағы малшылар,қыстақ,соғым,шуылдаған балалар.

Осы сөз тіркестрін пайдалану арқылы шағын шығарма жазып шығады.Қосымша дарындар тобындағы алты оқушыға үлестірмелер таратамын.

Естай үлкендермен отырып шай ішті. (сөз құрамы,сөйлем мүшесіне талда)

Барлығымыз көңілді серуенге шықтық (асты сызылған сөзді құрамына талда)

Мен білімге жетікпін.(асты сызылған сөздің сөйлем мүшесі ретіндегі орны).

«Бауырыма,ағама,анама,әкеме» сөздерін құрамына талдап,кез-келген біреуіне сөйлем құра.

Тәуелдік жалғауының үшінші жағында тұрған сөзді септе.

«Басында,қасында,жанында» сөздерін құрамына қарай талдап,буын түріне ажырат.

Ауыл келбеті
(Алдымен жазып үлгерген оқушының шығармасын оқушылар назарына ұсынамын).
Күз айы аяқталып,қыс та келіп қалды.Әдеттегіден гөрі күн қысқарып,түн
ұзарды.Алыстан мұнартып көрінетін Жоңғар Алатауы әлдеқашан қарға
бүркенген.Ауылымыздың батысында орналасқан Алқакөліміздің бетінде де шытқыл
мұздар пайда бола бастады.Ауыл адамдары малды жайылыстан айырып,жаз дайындаған
азығымен қоректендіруде.Өйткені күннің қысқаруына байланысты дала тағысы әредік
бой көрсетіп жүр.
Әсіресе қыстақта отырған малшылар малдарына қырағылықты күшейтті.Аз күнде елдің
қыстық соғымы да сойыла бастайды.Туған туыстар бас қосқан жерде балалар шуылдап
ойнайды.
Бекіту. Сабақ барысын өтілген тақырыптарды сұрақ-жауап түрінде қорытындылап,үйге тапсырма беремін.

Үміткерлерге: 122-жаттығуды көшіріп жып,шақ түріне ажыратып келу.

Талапкерлерге: 123-жаттығудың тапсырмасы.

Дарындарға: 124-жаттығу.


Бағалау. Сабаққа белсене араласқан оқушылардың еңбектерін бағалау.
Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақрыбы: Зат есімнің сөйлемдегі қызметі
Сабақтың мақсаты : а) білімділік – зат есімніңсөйлемдегі қызметі туралы түсіндіру,зат есім тақырыбы бойынша білімін жетілдіру;

ә) дамытушылық – сөйлеу тілдерін жетілдіру,шығармашылық қабілетін даытуға ықпал жасау;

б) тәрбиелік – тілге байланысты мысалдар ала отырып туған тлін сүюге,қадірлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: ой қозғау,топтастыру,сұрақ-жауап,деңгейлік тапсырма,топтық жұмыстар.

Сабақтың көрнекілігі: плакат-сызбалар,үлестірмелі қағаздар.

Сабақтың барысы. 1. Ұйымдастыру бөлімі.

Сәлемдесу.Сабаққа даярлау.

2.Бүгінгісабақтың құрлымымен таныстыру.

Сабақ «Ашық журнал сабағы» деп аталады.Журналдың әр парағында тақырыптар берілген: 1. Қайталау – оқу анасы; 2. Жаңа сабақ құпиясы; 3. Кітап – досың,ақылшың; 4.Білімді мыңды жығар; 5.Жеті жұрттың тілін біл; 6. Біліміңді байқап көр.

Әр беттегі тақырыпты аша отырып тапсырмаларды орындаймыз.Сыныптағы оқушылар деңгейіне қарай 3 қатарға бөлініп отырғызылады. 1-қатар Белсенділер, 2-қатар Алғырлар, 3-қатар Талапкерлер (Бүгінгі сабақта тілге байланысты

мысалдар алынады.)

1. «Қайталау – оқу анасы». Өткен сабақтарды,үй тапсырмасын сұрауда алғашқы «Қайталау – оқу анасы» парағы ашылады.Әр қатарға өткен сабақ бойынша деңгейлік тапсырмалар беремін.

1-қтар оқушылары бірлесіп зат есім бойынша тірек-сызбасын салады,түсіндіреді,ережесін айтады.


кім? не? дара, күрделі негізгі, туынды


жалпы, жалқы көптеледі




деректі, дерексіз септеледі тәуелденеді


2-қатар оқушылары бірлесіп зат есімді орыс тілімен салыстырып көрсетеді.

Қазақ тілінде

Ортақ белгісі

Орыс тілінде

1.Зат есім

2. Кім деген сұрақ адамға қойылады

3. Не деген сұрақ адамнан басқа

нәрселерге қойылады.



1.Заттың атын білдіреді.

2.Сұрақтары: кім,не.

3.Жалпы,жалқы болып бөлінеді.


1.Имя сушествительное

2.Кто деген сұрақ жанды

Нәрсеге (адамға,малға, жан-

Урға) қойылады.

3.Что деген сұрақ жансыз

Нәрселерге қойылады.


3-қатар оқушыларынаүй тапсырмасын оқытып,тексеремін. 47-жаттығу.


2.Жаңа сабақты түсіндіруде «Жаңа сабақ құпиясы» парағын ашамыз.

а) «Ой қозғау». Бастауыш,орта буында алған сөйлем мүшелері туралы түсінігін,түрлерін сұраймын.

ә) Мысалдар арқылы жаңа сабақ түсіндіріледі.

- Балалар, мына мысалдарды оқып,сөйлем мүшелеріне талдайық.

Оқушылардың талдап түсіндіруі бойынша бірлесе отырып зат есімнің сөйлемдегі қызметін анықтап,ережесін шығарамыз.

1.Тіл – ұлттың жаны.Атау септікте тұрып,кім,не сұрағына жауап беріп,бастауыш қызметін атқарады.

2.Тіл – адамның ойын білідіретін құрал.Зат есім жіктеліп келіп,сөйлемнің баяндауышы да болады.3-жақта жіктелген сөздің жіктік жалғауы болмайды.

3.Тіл – идеяның,ойдың,сезмнің жанды көрінісі.Зат есім ілік септікте тұрып анықтауыш қызметін атқарады.

4.Өз тіліңді қадір тұтпай тұрып,өзге тілді сүйе алмайсың.Зат есім табыс,барыс,шығыс,жатыс,көмектес септікте тұрып толықтауыш қызметін атқарады.

5.Біз тіл арқылы рухани байлығымызды меңгереміз.Зат есім түбір тұлғада мезгілдік,мекен-бағыттық,себеп-мақсаттық мәндегі шылаулармен тіркесіп келіп пысықтауыш та болады.



3.Жаттығу жұмыстарын жүргізу үшін «Кітап – досың,ақылшың» парағы ашылады.

51-жаттығуды сынып оқушылары ауызша орындайды. 3-қатар оқушылары 55-жаттығуды жазбаша орындайды.


4. «Білімді мыңды жығар». а) 2-қатар оқушылары үлестірмелі қағазбен жұмыс жүргізеді.Зат есімдерге толық сатылай талдау жүргізіледі.

1- топшама.Адам тағдырын тәрбие шешеді,тәрбие құралы – сөз. (Олжас Сүлейменов).

2-топшама. Ақылды ой,алғыр сөз – адамның ең жоғарғы қасиеті. (Ғабиден Мұстафин).

3-топшама. Ақылдың көркі – тіл

Тілдің көркі – сөз. (Жүсіп Баласағұни).

4-топшама. Тіл тазалығы үшін күрес ешқашан толастамақ емес.

5-топшама. Тіл – ойдың тікелей шындығы.

Тіл – барша білімдердің қазынасы.

6-топшама. Тілім – шипам,дәрім де,

Мәңгүрт болып күн көрмен.

Абыройдың бәрін де

Маған осы тіл берген.
ә) 1-қатар оқушылары шығармашылық жұмыспен айналысады.Берілген тірек сөздер бойынша «Тілім – менің тірегім»

атты шағын шығарма жазады.



5.Сергіту сәті ретінде «Жеті жұрттың тілін біл» парағы ашылпды.

Оқылған мақалдағы айтылмай қалған сөзді тауып айту,орысша,ағылшынша баламасын тау.

а) Жігітті намыс өлтіреді, ... қамыс өлтіреді (қоян – заяц – hare)

ә) Баланың тілі - ... (бал – мед – һunу). Ананың тілі - ... (бал –мед – һunу)

б) Оқусыз ... жоқ, ... күнің жоқ.(білім – знание – khowiedge)

г) Өнер алды – қызыл ... (тіл – язык – tongue)

ғ) Көп сөз – көмір

Аз сөз - ... (алтын – золото – gold)

д) ... – оттан да ыстық»Отан – Родина – Motherland)

е) Ашу – дұшпан,ақыл - ... (дос,друг – friend)

ж) ... өссе – жердің көркі(гүл – цветы – flower)

... өссе – елдің көркі (қыз – девочка – girl)

з) Айтылған ... – атылған оқ(сөз – слова – word)

6.Бекіту сұрағын беру үшін «Біліміңді байқап көр» парағы ашылады.

а) Текст сұрақтары

3 нұсқадан тұратын тест сұрақтары беріледі.Әр нұсқада 10 сұрақ.

І нұсқа сәйкестендіру тесті,ІІ,ІІІ нұсқада ашық тест сұрақтары берілген.жауабы тақтаға ілініп,өз-өздерін тексеріп,

Бағалайды.

«5»: 0-1 қате; «4»: 2-3 қате; «3»: 4 қате.

ә) Топтстыру. Зат есім сөйлемде қандай қызметтер атқарады?
баяндауыш бастауыш




анықтауыш толықтауыш пысықтауыш



Үйге тапсырма: 1.Өздерің оқып жүрген әдеби кітаптан бес сөйлем жазып,зат есімдерге талдау жүргізу.

Сыныбы: 8



Сабақтың тақырыбы: Сөйлемнің айқындауыш мүшелері

Сабақтың мақсаты: а)Сөйлемнің айқындауыш мүшелері туралы түсінік бере отырып,оқушылардың ойлау қабілетін сабаққа деген қызығушылығын және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету;.

ә) Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық,жылдамдық,есте сақтау қабілеттерін арттыру,сөйлеу тілін жетілдіріп,шешендік өнерге баулу;

б) Сабақ барысында оқушыларды сауаттылыққа баулу;

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты игерту.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,тіл дамыту, топтастыру

Сабақтың көрнекілігі: плакат,кеспе қағаздар, қосымша материалдар.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын



б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Сөйлемде кейде бір заттық жағынан айқындап,түсіндіріп тұратын сөз я сөздер тобы болады.Осыны айқындауыш дейміз. Мысалы: Біздерге,қарттарға,жастар сияқты өмір сүруге тура келеді. Осы сөйлемдегі айқындауыш – қарттарға,ол біздерге деген толықтауышты айқындап тұр.Есіктен қарт шахтер Бейсен кірді. Бұл сөйлемде айқындуыш – қарт шахтер; ол Бейсен деген сөзді нақтылап тұр


Айқындауышш



Оңашаланған айқындауыш

Қосарлы айқындауыш

Оңашаланған айқындауыштың анықтауыштан айырмашылығы бар: анықтауыш өзі анықтайтын сөзінен бұрын тұрса,оңашаланған айқындауыш онан кейін тұрады да,өзі айқындайтын сөздің мағынасын нақтылайды. Оңашаланған айқындауыш өзі айқындайтын мүшесімен қызметтес әрі тұлғалас болады.Сондықтан оңашаланған айқындауыш сөйлемде бастауышты,баяндауышты,пысықтауышты,толықтауышты,кейде анықтауышты айқындайды.



Отарбай,жас мұғалім,сабақты жақсы өткізуге тырысты.Бұл сөйлемде жас мұғалім деген айқындауыш бастауышты айқындап тұр.Оңашаланған айқындауыш та,айқындалатын сөз де атау септігінде тұр.

Айқындауыш, әдетте,сөйлемде екі жағынан да үтірмен,кейде айқындауыштар тізбегінде үтір болса,онда екі жағынан сызықшамен ажыратылады.

Мысалы: Олардың бірі – сары сақал,арық,боз - өз ойының жүйріктігін көрсетуге тырысады.Осында айқындауыш – сары сақал,арық,боз.Айқындауыш өз ішінде үтірмен белгіленгендіктен,екі жағынан сызықшамен ажыратылған.

Қосарлы айқындауыш өзі айқындайтын мүшесіне қосалқы атау болады.Амангелді батыр,Ер Тарғын,Ақан сері, Біржан сал,әнші Күләш,т.б.

Кейбір қосарлы айқындауыштар өздерінің айқындайтын сөзінен,қос сөздер сияқты,дефис арқылы бөлінеді: жер-ана,әйел-ана,панфиловшы-ұландар,инженер-техник,пәтер-мұражай, т.б.

Жаттығумен жұмыс: 5 8-жаттығу. Төмендегі сөйлемдерде оңашаланған айқындауыштың қандай сөйлем мүшесін айқындап тұрғанын тап.

Шығармашылық жұмыс: Мына қосарлы айқындауышты қатыстырып сөйлем құраңдар.

Абылай хан, жәнібек батыр, Қаз дауысты Қазыбек би, әйел-ана, күйші Құрманғазы, би-шешендер, ғалым-ұстаз, әнші Күләш,

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

Үйге тапсырма: 59-жаттығу

Сыныбы: 9


Сабақтың тақырыбы: Мақал-мәтелдер

Сабақтың мақсаты:

а) оқушылардың мақал-мәтелдер туралы білім,білігін тереңдету,салыстыру,ажырата білу дағдылары мен оқу,талдау машықтарын қалыптастыру;

ә) ана тілін ардақтап бағалай білуге,сөз қадірін терең ұғуға тәрбиелеу;

б) оқушылардың логикалық ойлауын,ой дәлдігін дамыту,сөйлеу мәдениетін жетілдіру,түрлі амал-тәсілдер арқылы іздендіре отырып шығармашылыққа баулу;



Сабақтың түрі: шығармашылық ізденіс

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, деңгейлік тапсырмалар,түсіндіру, т.б

Сабақтың көрнекілігі:, кітаптар, тірек сызба,суреттер т.б

Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.


ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Қазақ әдебиеті нешеге бөлінеді?

2. Тұрмыс-салт жырлары әдебиеттің қай түріне жатады?

3. Салт өлеңдерінің ішінде қайсысын көп қолданады?

4. Не себепті баланың тұсауын ала жіппен кеседі?


б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Тақтаға мақал-мәтелдер жазылған форматты іліп, ондағы мақал-мәтелдерді оқушыларға оқыту.

Білім қымбат,білу қиын.

Ықыласты шәкіртке сабақтың ауыры жоқ,

Ықылассыз шәкіртке ұстаздың тәуірі жоқ.

-Балалар,бұл мақалдарды біздің сабағымыздың ұраны етіп алсақ,жаңа сабағымыз не туралы екенін аңғаруға болады. Демек, бүгінгі жаңа сабақтың тақырыбы...

-- Мақал-мәтелдер.

--Дұрыс,балалар, олай болса жаңа сабақты зейін қоя мұқият түсініп алыңдар. Содан соң жаңа тақырыпқа байланысты жұмыстар жүргіземіз.

Мақал-мәтелдер –халық даналығының,көрегендігінің айнасы,тіл байлығының алтын қазынасы. Мақал-мәтелдер-өмір шындығының көрінісі,халықтың кейінгі ұрпаққа қалдырған өсиеті,өмір сүру әрекетінің ережесі.

«Сөздің көркі- мақал» деп тегін айтылмаған. Мақал-мәтелдерді адам баласы өзі айтайын деген оймен орайластырып,орынды қолданса,сөзі мірдің оғындай өткір,көңілге қонымды, көркем әрі бейнелі болады. Мақал –мәтелдер сөзбен терең мазмұнды ойды бере алады


Халық даналығының айнасы






Халықтың ұрпағына өсиеті

Асыл сөз қазынасы.






Өмір сүру ережесі

(Жолда жүру,суда жүзу,қауіп. Ереже

Мақал-халықтың өмірден алған тәжірибесінің,ой-тұжырымының қорытынды жиынтығы,айқын ойды үлгі-өнеге, ақыл ретінде қысқа қайырылып, көркем бейнелеп жеткізетін халықтың дана,нақыл сөзі.


Ой,тиянақты,дәлелді

Аяқталған сөйлем







салыстыру



Екі бөлімді

Мақал-мәтелдер қосарлана айтылғанымен,олар бір-біріне туыс болғанмен,екеуінің өзара айырмашылықтары бар. Ол айырмашылықтар мақал мен мәтелдің ойды түйіндеу жағынан да, құрылымы жағынан да байқалады. Мысалы: «Тоқпағы күшті болса,киіз қазық жерге кірер» деген мақалды алсақ,бұл мақал екі жай сөйлемнен тұрады. Мұнан мақалдардың көбіне екі бөлімнен тұратынын білеміз. Оның үстіне мақалдарда ой тиянақты болады. Алдыңғы ой екінші түйінді пікірдің шарты түрінде келеді. Яғни киіз қазақтың жерге кіруі тоқпағының күшті болуына байланысты. Сонымен қатар мақалдарда бір-біріне қарама-қарсы ұғымдар мен нәрселерді салысстыру арқылы ой-пікірді айқындай түсу тәсілі басым келеді. Мысалы: «Біреу тойып секіреді,біреуі тоңып секіреді», «Ер жігіттің екі сөйлегені-өлгені,Еменнің иілгені –сынғаны» деген мақалдардан дәлелдеу мен қорытынды пікір бірдей жүріп отыратынын байқаймыз. Мәтел мақалға қарағанда ойды ақырына дейін жеткізбей,топшалап,болжам ретінде түсіндіретін, сөйлем түрінде де, сөз тіркесі түрінде де келетін фразеологиялық бірлік.


Сөйлем немесе сөз тіркесі




топшылау

Мағына тұспалды





Қорытынды пікір, дәлелдеу жоқ


Мәтел құрылысы ойды түйіндеу жағынан мақалдан өзгешерек. «Әлін білмеген әлек», «Көппен көрген ұлы той» деген мәтелде тұспал ғана бар,мағына ашық емес,қорытынды пікір жоқ. Оны, бейнелік сөз айшығы арқылы берілген ойды тыңдаушы өзі топшалайды. Мәтелде тиянақты тұжырым да болмайды.

Мақал-мәтелдердің тақырыптары әр алуан. Ол халықтың әлеуметтік шаруашылық,рухани өмірін түгел қамтиды.

Топпен жұмыс: Мақалдар мен мәтелдерді ажыратып баған түрінде жазу 1-топ мақалдарды, 2-топ мәтелдерді.

Білімді бекіту: Оқушыларды іздендіре отырып кестені толтыру.



Мақал-мәтелдер

Тақырыптары

1

2

3



4

5

6



7

Денсаулық-зор байлық

.............

Досы көпті жау алмайды,.....

...............

Ата көрген оқ жонар,........

...............

Ерді намыс өлтіреді, ...........


.......

өнер-білім

...........

Еңбек


...........

Ынтымақ,бірлік

..........


Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: Әр түрлі тақырыпқа байланысты мақал-мәтелдер жаттап келу.

Сыныбы: 9



Сабақтың тақырыбы : Сәбидің дүниеге келуімен байланысты өлең-жырлар

Сабақтың мақсаты : а) ауыз әдебиетінің түрлері туралы түсінік беру,пәнге деген қызығушылығын арттыру;

ә) оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық,қарапайымдылық қасиеттерін қалыптастыру;

б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру;

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, т.б

Сабақтың көрнекілігі:, кітаптар, суреттер т.б

Пәнаралық байланыс: тарих,ән-күй

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.



б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Қазақ халқында нәрестенің дүниеге келуі үлкен қуаныш болып тойланған. Отбасының арманы мен тілегі, алтын тірек-діңгегі, ерлі-зайыптылардың сүйеніші мен қуанышы — бала.

Сондықтан да қазақ халқының ертегі, өлең-жырларының көбінде зарыққанда көрген ұлдарының батыр, өнерлі болып суреттелуі "Атадан ұл туса екен, ата жолын қуса екен, еліне қорған болса екен" деген тілектен туған.

Адамның тууынан бастап, қартайғанға дейінгі өмір жолының әр кезеңін атап өту, оған арнап өлең-жыр шығару қазақ халқының ежелгі дәстүрі болған. Бала туғанда елді жинап "шілдехана" жасау, азан шақырып, ат қойғызу, бесікке салу, аяғын апыл-тапыл баса бастаған кезде "тұсау кесу", алғаш рет жолға шықса "тоқым қағар", бес жасқа келгенде "атқа мінгізу", мектепке оқуға барғанда "тіл ашар" тойларын жасау секілді салт-дәстүрлер сақталған. Осындай салттан туған өлеңнің бірі — бесік жыры. Баланы бесікке салуды қазақтар қуанышпен тойлап өткізген. Мұны да ойын-сауыққа айналдырған. Онда айтылатын өлең-жырларда жас бала дені сау, еңбек сүйгіш, өнерлі, елін қорғаушы ер-азамат болып өссе екен деген тілек байқалады.

"Бесік жырында " ананың балаға деген мейірі, махаббаты жырланады.

Мәселен:

Әлди, бөпем, әлди-ай!

Айналайын шырағым,

Көлге біткен құрағым.

Жағамдағы құндызым,

Аспандағы жұлдызым,

Әлди, бөпем, әлди-ай!



Кітаппен жұмыс: Кітаптан өлеңдерді мәнерлеп,нақышына келтіре оқиды.

Шығармашылық жұмыс: «Шілдехана», «Тұсау кесер», «Тоқым қағар», «Атқа мінгізу» туралы ойтолғау жазады

Білімді бекіту:

Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.

Қазақ әдебиеті нешеге бөлінеді?

Тұрмыс-салт жырлары әдебиеттің қай түріне жатады?

Салт өлеңдерінің ішінде қайсысын көп қолданады?

Не себепті баланың тұсауын ала жіппен кеседі?



Білімді бағалау:

Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.



Үйге тапсырма: «Бесік жыры», «Тұсау кесер» өлеңдерін жаттап, әуенімен айтып келу.

Сыныбы: 9

Пәні: қазақ әдебиеті

Сабақтың тақырыбы: А. Құнанбаев «Ескендір» поэмасы

Сабақ мақсаты:

а) поэманың мазмұнын, идеясын, астарындағы тарихи шындықты таныстыру;

ә) адамның іс- әрекеті арқылы өмір заңдылықтарын, адамдар арасындағы қарым- қатынас жасау жолдарының маңыздылығын түсіне білуге үйрету,

б) сыпайылыққа, адамгершілікке, мейірімділікке, білімді бағалай білуге тәрбиелеу,



Түрі: сын тұрғысынан ойлау сабағы

Әдіс- тәсіл: кубизм, сұрақ- жауап, сахналау

Көрнекілік; жинақ, портрет, нақыл сөздер, сызбалар
Сабақ барысы.

І. Қызығушылығын ояту

Оқушылар Абайдың «Сегіз аяқ» өлеңі арқылы топқа бөлінеді.

Мен –ақынмын

Мен – батырмын



Сұрақ- жауап / оңайдан күрделіге қарай/

  1. Әдеби тіл мен халықтық тілдің байланысы бар ма?

  2. Халық тілінің Абайға әсері болды ма?

  3. Абай әдебиет әлеміне өзгеріс әкелді ме?

  4. Абайдың сөз өнеріне, өлеңге қатаң талап қойғаны өз шығармашылығынан байқала ма?

  5. Абайдың сөз өнеріне деген талғам, талабына дәлел болар шығармаларынан мысал келтіріңіз .

ІІ. Мағынаны тану.

Бұл тақырыпты әлем қаламгерлері де қозғаған.

Әлем әдебиетінен: Фирдоуси – «Шахнама», «Низами- «Ескендір –нама», «Жәми- «Ескендірдің даналық кітабы».

«Кубизм» әдісі бойынша «Ескендір» поэмасы талданады. Поэманы оқып келу үйге тапсырма ретінде берілген.



  1. топ. Баяңдаңыз. Поэмадағы оқиға желісін ретімен баяңдаңыз . Шығарма

құрылысы туралы не білеміз?

Суреттеңіз. Қақпа алдына келген кездегі Ескендірдің портреті мен Аристотельдің бейнесін жасаңыз. Көркем бейне деген не?

  1. топ. Дәлелдеңіз. Ескендір – батыр. Ескендір батыр емес.

Ұсыныс жасаңыз. Ескендірдің орнында болсаң, қандай іс- әрекет жасар едіңіз?

Оқушылар осы тапсырмалар бойынша жауаптар береді.


Шығарма бойынша тапсырма

Тапсырмалар

Мәтіннен көрсетіңіз

  1. топ. Ауыспалы мағынадағы сөздер

Антоним сөздер

  1. топ. Көнерген сөздер

Шығармадан алар даналық ой

Ортақ тапсырма:

Шығарма идеясына сәйкес мақал- мәтел ойлаңыз.







ІІІ. Ойтолғаныс. Абайдың өлең жолдары арқылы қорытындылау

Малда да бар жан мен тән,

Жүрек, сезім болмаса.

Тіршіліктің несі сән

Тереңге ден қоймаса?

Осы бүгінгі сабақ туралы ой, сезімдерін бір сөйлемге сыйғызып жазу тапсырылады.

Тақтада жылқы, музыкант, таразының суреттері ілінген. Әр оқушы өздеріне берілген түрлі түсті жапсырма қағаздарды өзіне ұнаған сурет астына апарып жапсырады.

ІҮ. Қорытынды: Әр сурет балалардың түрлі әсерде отырғандығын дәлелдейді.

Ү. Бағалау.

ҮІ. Үйге тапсырма: «Ерлік жасай білеміз бе?» тақырыбында шығарма жазу.

Сыныбы: 7

Пәні: қазақ әдебиеті

Тақырыбы: «Әдебиет әлемінде» - зияткерлік ойыны



Мақсаты: оқушылардың әдебиетке деген қызығушылықтарын арттырып, олардың дүниетанымын, ой- өрісін кеңейту арқылы таным, білім дағдыларын қалыптастыру.

Көрнекілі: нақыл сөздер, шарлар


Сабақ барысы:

  • Бүгінгі біздің «Әдебиет әлемінде» атты зияткерлік ойын сабағымызға қош

келіпсіздер! Сендердің қазақ әдебиетінен қаншалықты білімді екендеріңді осы сабақта көрсетесіңдер.

Сабақ сайыс болғандықтан 2 топқа бөлінулерің керек. Сайысты бастамас бұрын қазылар алқасымен таныстырып өтейін.



  1. Бекетаев Талғат – оқу ісінің орынбасары

  2. Орымхан Серікболат – тәрбие ісінің орынбасары

  3. Ә. Фатколлаева - «Тіл , әдебиет және қоғамтану» пәндер бірлестігінің жетекшісі

  4. Н. Жақсылық- қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Сайысымыз 7 кезеңнен тұрады. Әр кезең 1-5 ұпай аралығында бағаланады.
І кезең. Таныстыру. Әр топ өздерін таныстырады.
ІІ кезең.» Бәйге». Сұрақтар мен тапсырмалар. Екі топқа 10 сұрақтан беріеді. Әр дұрыс жауап – 5 ұпай.
«Жасұлан» тобына:

  1. Әдебиет қай тілден енген?

  2. Лиро- эпостық жыр

  3. Шешендік сөз

  4. Дулат Бабатайұлы туған жер

  5. «Аягөз, қайда барасың?» өлеңін жатқа айт

  6. Абайдың «Жаз» өлеңін жатқа айт

  7. «Желсіз түнде – жарық ай» өлеңін айт

  8. Отан, туған жер тақырыбында мақал- мәтел айт

  9. Асан қайғы туралы не білеміз?

  10. Әдеби ертегі


«Топжарған» тобына:

  1. Ахмет Байтұрсынұлы туған жері

  2. М. Әуезовтің туған жылы

  3. Сұлтанмахмұттың «Шілде» өлеңін жатқа айт

  4. Сырбай Мәуленовтің «Менің Республикам» өлеңін жатқа айт

  5. М. Шахановтың өмірі мен шығармашылығы

  6. Оқу- білімге байланысты мақал- мәтел

  7. «Аяз би» ертегісінен үзінді айт

  8. «Қажымұқан» хикаятының авторы кім?

  9. Махамбеттің «Қызғыш құс» өлеңін жатқа айт

  10. М. Мақатаевтың «Барлығы да – сендердікі» өлеңін жатқа айт.


ІІІ кезең «Теория әлемінде». Әдеби терминдерге түсінік беру
ІҮ кезең «Сен білесің бе?» . Оқылған өлеңнің тақырыбын, авторын табу.

/ А. Құнанбаев, С. Сейфуллин, Ш. Құдайбердіұлы, М. Жұмабаев, А. Байтұрсынұлы, Ы. Алтынсари, Қ. Аманжолов, т.б /



Ү кезең. «Тапқырлық»

Туған жер, өзен-көл, қымбатсың сен, сүйем сені. Аталған сөз тіркестерін қатыстырып, бір шумақ өлең шығару.


ҮІ кезең.

Құлақтан кіріп бойды алар,

Жақсы ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең, менше сүй!»- деп Абай атамыз айтқандай, ендігі кезеңіміз «Өнерлі өрен» деп аталады. Әр топ өздерінің өнерін, биін, күйін, әнін орындайды.
ҮІІ кезең- сайысты қорытындылау. қазылар алқасына сөз беріледі. Жеңімпаздар марапатталады.

Жүргізуші: Орындалды көздеген ой- арманың

Жақсылыққа толы болды жан- жағың

Тілейміз алдағы уақытта да

Сайыстарға қатысуға барлығың!

Мұқағали Мақатаевтың туғанына 83жыл толуына арналған

«Ақиық ақын Мұқағалиға тағзым!» атты кеш сценарийі


Мақсаты: Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін оқушылардың бойына сіңіру, Отан мен елін сүюге ұмтылған жастарды ұлттық поэзияны сүюге тәрбиелеу және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Түрі: поэзиялық кеш.

Көрнекілігі: Ақын – жазушылардың Мұқағали туралы ой пікірлері, слайд, ақын портреті, музыкалық сүймелдеу.

Армысыздар ардақты ата – аналар, ұлағатты ұстаздар, құрметті оқушылар! Бүгін біз ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 81 жас толуына байланысты ұйымдстырылып отырған кешке қош келдіңіздер! Ақын тойы – бәріміздің тойымыз, өзін қазақпын деп санайтын бүкіл халық тойы.

Бүгін менің туған күнім, ой, беле-ай,

Мына халқым неге жатыр тойламай?!

Бір той жасап берер едім өзім-ақ,

Тәңірдің бір бір жарытпай-ақ қойғаны-ай! – деп ақын сөзімен айта келе, «Ақынның сөзі жүректе» атты поэзиялық кешімізді ақын М.Мақатаевтың есімін ардақтауға арнаймыз!



1. Өлең: «Жазылар естеліктер мен туралы» ор: 5-сынып оқушысы

Орақ Алиса
Жүргізуші: Егер біз Абай десек - Әуезовті, құлагер десек - Ақан мен Ілиясты, ал Қарасаз десек – Мұқағалиды қатар айтамыз. Кішкентай ауылдан шыққан үлкен ақын - өзін де, ауылын да бар қазаққа танытты.

2. Ән: «Сарыжайлау» ор: 2-сынып оқушысы Әбутәліп Нұрдәулет
Жүргізуші: Ақын поэзия талай жүрекке от берді, бозбаланың жыры, бойжеткеннің сыры болды. Оның жыры оқырманмен бірге шаттанды. Бар қазақтың жүрегіне жол тауып, ұлтымыздың мәңгі өлмес асыл мұрасына бөленіп, музыка қазынасына айналды.

3. Өлең: «Досым» ор: 5-сынып оқушысы Санымбай Гүлім
Жүргізуші: Ақынның іштей арман еткен, бірақ жария етіп, арнайы ашып айтпаған армандарының бірі – адамның жеке басының бостандығы, сөз бен қиял бостандығы. Осы арман, осы көңіл күй – Мақатаев поэзиясындағы негізгі арқауының бірі.

4. Ән: «Есіңе мені алғайсың» ор: 5- сынып оқушылары

Мұхтаров Ғалымбек, Алтынбек Әсел
Жүргізуші: М.Мақатаев – заманымыздың ғажайып ақындарының бірі.: «Мақатаев атты алып ақынның жарқын жүзіне, миллион адам, миллион түрлі пікір дайындаса да, ешбір кіреуке, көлеңке түспей келешекке қарай керуен түзеп, көше бермек», - дейді Ә.Тәжібаев.

5. Өлең «Аққулар қош болыңдар» ор: 2-сынып оқушысы Ибраһим Назгүл
Жүргізуші: «Біз Мұқағалиды сәл де ұмытқан жоқпыз. Ұмыта да алмаспыз. Қайта арамызға түскен уақыт оның тұлғасын зорайта асқақтата түсіпті...», - дейді Әбділда Тәжібаев

6. Ән: «Иіскейін» ор: 5-сынып оқушысы Бижан Нұрболат

Жүргізуші: Мұқағали поэзиясына бас имейтін адам жоқ. Ол дара тұлға, ғажайып ақын.

7. Өлең: «Жырласам ба екен» ор: Сабырғали Алтынбек


Жүргізуші: Ол жерде Сырымбеттей тау бар ма екен?

Жайдақтың шөбі шүйгін қаулар ма екен?

Мінеки, көп ай болды хабары жоқ,

Әкем кеп көңілімізді аулар ма екен?,- деп, осы тұңғыш өлеңінен бастап, әкесін сағынған қаршадай баланың көкірегін өртеген мұң-нала, үміт-арман оқушы дәптеріне түсе берді.



8. Ән: «Арулар» ор: 3-сынып оқушылары Болатбек Сұлтан

Сәндіғали Ерқанат
Жүргізуші: Алтын домбырасына қосыла шырқап, келе жатқан өмірге, Мәжнүнше ғашық ақынға қуана, қызыға қараймыз. Бүгінгі таңда Мақатаев поэзиясы адамның жансарайын жаңғыртып, ой-санасын сәулелендіріп, болмыс-бітімін жаңаша жасандыра түсетін нақты рухани күшке айналып отыр.

9. Өлең «Бір әңгіме қозғашы ауыл жайлы»

ор:5-сынып оқушысы Бүркітбай Думан

10. Өлең: «Поэзия» ор: 3-сынып оқушысы Орақ Арайлым

Жүргізуші: Мұқағали Мақатаев ғасырдан ғасырға жырлары жаңарып, жетіп отыратын тот баспайтын шын асыл. Қазақтың қара өлеңін, шекпен жауып өзіне қайтарса,ол ақынның еліне, өлеңіне деген адалдығы.

11. Ән: «Бақыт деген» ор: 4-сынып оқушысы Ұлан Ақтоты

12. Өлең: «Сары жапырақ» ор: 4-сынып оқушысы Шоқан Аружан

Жүргізуші: Ақынның отыз жылдай отасып, өмірінің соңғы күндерін бірге өткізген қосағы Лашын Әзімжанова ақын өмірінің кейбір сәттері туралы былайша әңгімелейді:

-«Өмірінің марқайған кездері, қуанған сәттері де, қайғысы да басым болды. Ақеділ, ақкөңіл адам болатын. Құдай талант берген соң аздаған тік мінезі де болды. Біреу өзіне қарап болмас сөз айтса қайтарып тастайтын. Сонан кейін кек сақтау дегенді де білмейтін....»



13. Ән: «Сенің көзің» ор: 6-сынып оқушылары Еркінбекұлы Нұрбатыр

Кенжебаев Батырбек

14. Өлең: «Жалғыз терек» ор: 4-сынып оқушысы Биболатқызы Айгүл
Жүргізуші: Замандастарының естеліктерінде ертемен балалардың балабақшаға ұйқысын қимай, қиналып жылап бара жатқанын көргенде, ақынның қатты қиналатыны айтылады.

15. Ән: «Көнеміз ғой» ор: 7-сынып оқушысы Ұлан Ұлағат

16. Өлең: « » ор:6-сынып оқушысы Сәндіғалиқызы Динара
Жүргізуші: Ақын үшін ерекше мәнді, айрықша қадірлі екі бейне: бірі – сәби болса, екіншісі - жүрек. Жүрек – ақынның қолдауында тіршіліктің, өмірдің бейнесі, адалдық пен адамдықтың таразысы, адам имандылығының қайталанбас қасиетті символы.

17. Ән: «Отыздан асып барамын» ор:8-сынып оқушысы

Ғалымжанов Райымбек

18. Өлең: « » ор: 7-сынып оқушысы: Қазкенов Нұрсұлтан
Жүргізуші: Мұқағали Мақатаев біздің дәуірдің 60-70 жылдарындағы қазақ поэзиясының шоқтығын биік көтерген талант иесі. Ол әдебиетке келген жылдардан-ақ жыр әлеміне үлкен дайындықпен, ауыз әдебиеттің бай мұраларынан терең сусындап, мөлдірінен сіміріп бойына шалқар қуат дарыта келді.

19. Көрініс «Аққулар ұйықтағанда» ор:5-сынып оқушысы

20. өлең «Бүгін менің туған күнім» ор: 8-сыынп оқушысы

Тасмағанбетов Бекарыс
Жүргізуші: Өмірдің алуан сәттерінде лирикалық кейіпкер бетпе-бет келген сан алуан жағдайлардың барлығының түйіні толғаныс теңізіне бойлауға жетелейді.

21. Өлең: «Поэзия» ор:9-сынып оқушысы Шоқан Гүлден

22. Ән: «Сарыжайлау» ор: 9-сынып оқушысы Қуанышбек Ерболат
23. Көрермендер арасында айтушыларға ән, өлеңдерін айтқызу
Жүргізуші:

Бала ақынға армансың - Мұқағали,

Ұқсағысы келетін өлеңімен,

Ғашықтарға армансың – Мұқағали,

Жүрек отын жеткізер жырыменен.
Ұрпағыңа аңызсың – Мұқағали,

Жатқа айтар, қалдырған әр сөзіңді.

Жаңғырады өр даусың Мұқағали,

Бағындырдың жырыңмен шың, биіті.


Ақын емес жанды да Мұқағали,

Алғандайсың жырға елітіп, табындырып.

Қара сөздің құдіретін ұғынар адамзатқа,

Қойғандайсың моншақтан жыр тағындырып.

Мәңгі тірі, өлмейді ол, рухы мықты,

Жартастардан мұңды үні жаңғырды.

Абай дана айтқандай - өр ақынның,

өлмейтұғын артында сөз қалды.


Өмір! Мұқағали осы өмірде өрт жүрегімен маздап, лапылдап жанып тұр. Оның өлеңдері - өрт жүректің өмір өзені. Ал өмір өзен – тұрған өшпес өлеңдер! Келгендеріңізге көп-көп рахмет, қош сау болыңыздар!


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет