Сабақтың тақырыбы: Оралхан Бөкей. «Атау кере»


Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту. Тиімділігі



бет9/46
Дата12.10.2022
өлшемі366.24 Kb.
#462543
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   46
11 сынып әдебиет. ЖМБ 1-тоқсан

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.

Оқушыларға жұптық жұмысты орындатады. Пікірлерін сұрайды. Кері байланыс береді.

Жазушының өмірін «Кеңейтілген тізім» әдісі (статистикалық деректер, уақыт желісі, қарапайым фактілер) бойынша дәптеріне жазады.

Дескриптор:
-Тапсырманы дәптерге жазады.
-Ой алмасады.
-Пікірлерін толықтырады. Жалпы - 6 балл.

11-сынып оқулығы
Жұмыс дәптерлері

Топтық жұмыс



Мұғалім оқушыларды топқа бөлу арқылы тапсырманы орындауын қадағалайды.

«Оралхан – тума дарын, туа біткен журналист. Ол көркем әдебиетке
журналистика арқылы келді. Бөкей – қазақ журналистикасына төңкеріс
әкелген қаламгер. Ол бұрыннан қалыптасқан сеңді бұзды, тоңды талқандады. Бөкейше кетті. Оқырман алғашында аңырып қалды, жүре-бара аузын ашып, көзін жұмды. Ол көркем шығармаға «ауыз салғанда» да журналистиканың публицистика жанрын оққағар етті, өзегіне айналдырды»
деген Қалихан Ысқақтың сөзіне қосымша әдебиеттерден дәлел іздейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет