Сабақтың тақырыбы Орталық Азия өркениеттерінің ежелгі ошақтары Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары


Анықта. Мәтінді оқып, Орталық Азия қоғамының өркениеті несімен ерекшеленгенін анықта. Кемінде 3 ерекшелігін тап



бет2/3
Дата11.09.2023
өлшемі1.03 Mb.
#477133
түріСабақ
1   2   3
Бөлім

Анықта.
Мәтінді оқып, Орталық Азия қоғамының өркениеті несімен ерекшеленгенін анықта. Кемінде 3 ерекшелігін тап.
Талда
Мәтінді талдау үшін «Айналмалы бекеттер» тәсілі бойынша ұйымдастырылады.. Барлық бекеттерге бірдей мазмұндағы мәтін беріледі. Бірақ әр топқа әртүрлі сұрақтар қойылады. Сұрақты талқылауға және ойларын қағазға түсіруге арнайы уақыт беріледі.
ЕБҚ оқушы (көру және есту қабілеті төмен) сұрақтарға жауапты жазбаша ұсынады.
«Серпілген сауалдар»

  1. Орталық Азияда көне түріктердің жазба мәдениеті қалай дамыды? (Бұл топқа көне түрік әліпбиі, руна жазуы, «Күлтегін» және «Тоныкөк» жазулары туралы мәтін беріңіз)

  2. Орталық Азия өркениеттерінің ежелгі ошақтары білім мен ғылымның дамуына қандай үлес қосты? (Бұл топқа Әбу Насыр әл-Фараби, Әбу Райхан әл-Бируни туралы мазмұндағы мәтінді ұсыныңыз)

  3. Орталық Азиядағы тіл білімі мен әдебиеттің дамуы қалай жүзеге асырылған? (Бұл топқа Махмуд Қашқари, Жүсіп Баласағұни, Ахмет Иүгнеки, Қожа Ахмет Йасауи туралы ақпарат беріңіз.)

  4. XVI-XVII ғасырларда пайда болған тарихи шығармалар Орталық Азияның өркениет ошағы болғандығы туралы қандай дәлелдер береді? (Бұл топқа М.Х. Дулатидің «Тарих и Рашиди», Қ. Жалайыридің «Шежірелер жинағы», «Шыңғыснама» тарихи шығармалары туралы мәлімет ұсыныңыз.)

Талқыла
Ислам діні Орталық Азияда өркениеттің дамуына қалай әсер етті? деген сұрақты талқылап, кемінде 3 дәлел келтіріңдер.
ЕБҚ оқушыға дереккөздің форматын үлкейтіп, қолдау
Дерекпен жұмыс
А дереккөзі
Түркілерде соңғы соғды жазуының кең қолданысқа ие болуы X-ғасырдың алғашқы жартысында ұйғыр қағанаты құлаған соң ұйғырлар Гоби шөлінен Гансу аймағына көшіп келгеннен кейін жүзеге асты. Бұл жазуды көбірек Гансудағы сары ұйғырлар қолданғаны үшін көне ұйғыр жазуы деп те аталды. Көне түркі руник жазбаларымен са­лыстырғанда, соңғы соғды жазуымен қат­талған ескерткіштер, мәтіндер өте көп. Қа­зір мазмұны жағынан будда, манихей, несториан дініне қатысты діни мәтіндер және хандардың жарлық хаттары, барыс-келіс хаттары, келісімдер, әдеби шығармалар, т.б. мол материалдар сақталып отыр. (
Тапсырма: Орталық Азияда жазба мәдениетінің алатын орны мен ерекшеліктеріне сипаттама бер.
В дереккөзі
VIII-XI ғасырларда Орталық Азия мен Қазақстанда Араб халифатының ислам дінінің таралуына байланысты күшті нығайтылды, араб мәдениетінің ықпалы өсті. Араб тілі халифат аумағында басым болды, бірақтан жергілікті мәдениеті мен тілін сақтап қалған. Араб мәдениетінің дамуына арабтармен жаулап алынған халықтардың арасынан шыққан ғалымдар көптеген үлес қосқан.
Тапсырма: Орталық Азия өркениетінің білім мен ғылымның ежелгі даму ошағы болғанын түсіндір.
С дереккөзі
Арабтардың Орта Азия халықтарын ислам дініне енгізуі негізінен VIIІ-Х ғасырларда жүргізілді [1, 10-11 бб.]. Жоғарыдағы мәліметті мына бір деректер де растайды: «Жаулап алынған халықтардың кейбір жерлерінде халық 2-3 ғасыр бойына араб жаулаушыларына, ислам дінін қабылдауға қарсы шайқасты. Мысал ретінде, Азербайжан халқының Бабек қолбасшылығымен болған күресі, Орта Азиядағы Муканнаның көтерілісі, т.б. келтіруге болады
Тапсырма: Орталық Азияның өркениеті ислам дінінің таралуымен ерекшеленді деген пікірмен қаншалықты келісесің? Өз пікіріңді білдіріп, баға бер.
ЕБҚ оқушыға қолдау көрсету мақсатында суреттің үлкен нұсқасын ұсынамын.

Оқушылар ақпараттық мәтінмен жұмыс жасайды
Оқушылар өз жұмыстарының қорытындыларын сынып алдында қорғайды.

Оқушылар бір-біріне қосымша сұрақтар, қойып, бір-бірін толықтырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет