Сабақтың тақырыбы: Өсімдік тіршілігіндегі судың ролі. Суға қатынасы бойынша өсімдіктердің экологиялық топтары



Дата13.06.2016
өлшемі14.12 Mb.
#133657
түріСабақ

ОҚО Шымкент қаласы

№27 «Мәртөбе» жалпы орта мектебінің директордың ғылыми-істер жөніндегі орынбасары, биология пәні мұғалімі

Санаты: Жоғары

Еңбек өтілі: 22 жыл

Сынып: 6


Пәні: Биология

Сабақтың тақырыбы:



Өсімдік тіршілігіндегі судың ролі. Суға қатынасы бойынша
өсімдіктердің экологиялық топтары
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Өсімдік тіршілігіндегі судың ролі, суға қатынасы бойынша өсімдіктердің экологиялық топтары туралы білім беру;
2. Дамытушылық: Оқушылардың заман талабына сай сапалы биологиялық білім дағдыларын, дүниетанымын қалыптастыру, табиғаттың біртұтастылығы туралы көзқарастарын, шығармашылық қабілеттерін дамыту; экологиялық ойды қалыптастыру, нәтижелі практикалық іс-әрекет жүргізу мүмкіндігіне қол жеткізу;
3. Тәрбиелік: Оқушыларда органикалық дүние бірлігінің біртұтас табиғи бейнесі туралы көзқарас қалыптастыру; тірі ағзалардың құрылыс ерекшеліктерін зерделей отырып, табиғатты сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Әдісі: СТО технологиясының элементтері
Көрнекілігі: электрондық оқулық, суреттер, кеппешөптер, муляждар, түрлі түсті қаламдар, постер, құмырадағы бөлме өсімдіктері.

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалім оқушылардан өзінің айтқанын хормен қайталауды сұрайды

Туысым, досым, жұрағат

Әрбір сабақ үйрену, ұғу ұлағат.

Әрбір ісім тірлік, тірек, адамдық,

Әрбір сөзім шындық, бірлік, адалдық.

Осы сөздерден кейін сынып оқушылары 2 топқа бөлінеді.

Топ ережесі құрылып, бағалау критерийлері ұсынылды.

І. Қызығушылықты ояту
“Антивирус”
Мұғалім 20 сөз оқиды. Оқушылар мұғалімді тыңдап, тізбектегі тек өсімдікке байланысты сөздерді есіне сақтауы керек. Есінде қалғанды дәптерге жазады.

Жапырақ, барыс, лептесік, гүл, аналық, табақша, аталық, жауқазын, ботаника, күн, тұқым, жеміс, тамыр, сабақ, спирт, топ, крахмал, микроскоп, фотосинтез, құбылыс.

ІІ. Мағынаны тану
Бес жолды өлең “Су”
1. Кім? Не? Су
2. Қандай? Мөлдір, сұйық
3. Не істейді? Ерітеді, буланады, қорғайды.
4. Сөйлем. Су жапырақ бетінен буланады.
5.Синоним. Зат

Суға қатынасы бойынша өсімдіктердің экологиялық топтарға бөлінуі:
1. Ксерофиттер (грекше xeros – құрғақ, phyton – өсімдік; құрғақсүйгіш өсімдіктер) ылғал тапшы аймақтарда өсетін өсімдіктер жатады. Жапырағы, сабағы түрін өзгертуге бейімделген.
2. Суккуленттер (лат. Succulentus – шырынды өсімдіктер) Олардың жапырақтары, сабақтары етжеңді болып жұмырланып немесе тікенектерге айналған.
3. Мезофиттер (грекше mesos – аралық) – ксерофиттер мен гигрофиттер арасындағы аралық топ; ылғалы жеткілікті топырақта өсетін өсімдіктер.
4. Гигрофиттер (грекше hugros – ылғал) – ылғалы мол жерде өсетін өсімдіктер жатады. Оларға ылғалды тропиктік орманда өсетін өсімдіктер жатады.
5. Гидрофиттер (грекше hudor – су) – төменгі бөлігі суда болатын, грунтқа бекініп өсетін су өсімдіктері.

ІІІ. Ой толғаныс
1-тапсырма.
Өсімдік тіршілігіндегі судың ролі.
2 - тапсырма.
Суға қатынасы бойынша өсімдіктердің экологиялық топтары.

«ӨСІМДІКТЕР ӘЛЕМІ» слайд шоу



ІV. Бағалау



Аты-жөні

І.

Қызығу-шылықты ояту



ІІ.

Мағынаны тану



ІІІ.

Ой толғаныс



Жалпы ұпай саны

1
















2
















3
















4
















5
















6
















7

















ІV. Үйге тапсырма: мәтінді оқу, дәптермен жұмыс.

V. Кері байланыс
Баяндама тақырыбы:

Жаңаша оқыту тәсілдерін биология пәнінде қолданудың тиімділігі
Жоспар

І. Кіріспе бөлім.

ІІ. Негізгі бөлім.

  1. Жаңаша оқыту тәсілдерін биология пәнінде қолданудың тиімділігі

А) Сабақ – оқытушының педагогикалық мәдениетінің айнасы

Ә) Оқыту мен үйретудің тәсілдері

ІІІ. Қорытынды бөлім.

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер
«Ұстаздың биігі ойлана қарасаң биіктей береді, үңіле қарасаң, тереңдей береді, қол  созсаң қарсы алдыңда, айналсаң артыңда тұрғандай» – деп Сократ айтқандай,  Егеменді еліміздің алдыңғы қатарлы отыз мемлекеттің қатарына қосылуға табандылықпен жылжу саясаты қоғамымыздың барлық саласында түбегейлі өзгерістер енгізіп, жаңа талаптар қойылып отыр. Соның ішінде болашақ ұрпаққа әлемдік деңгейде білім беру мақсатына орай білім мазмұнына жаңаша қарау – басты міндеттердің бірі. Қазіргі кезде білім берудің жаңа жүйесінің жасалынуы, білім мазмұны мен әдіс-тәсілдерінің жаңаруы бәсекелестікке қабілеті мол, шығармашылық бағытта еңбектенетін, ой қабілетімен ерекшеленетін азаматты тәрбиелеуді көздейді.

Сапалы білім – ел болашағын айқындайтын басты көрсеткіш болып табылады. Бүгін мектеп партасында отырған бүлдіршіндер ертең ел тағдырын шешетін азаматтар. Олардың сапалы білім алуын бүгін қамтамасыз ету –мұғалімнің басты міндеті.

«Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттерімен озады», - деп Абай атамыз айтқандай,  озық ойлы білімдар адамдар заманның, қоғамның дамуына, өзгеруіне үлесін қосып келеді. Осындай қоғамдық әлеуметтік мәдени өзгерістер, дамулар мектептің оқыту процесіне әсер ететіні сөзсіз. Кез келген оқыту белгілі мөлшерде адамды дамытады. Оқитын пән қаншалықты жаңа, бағалы болса да, мұғалімнің шеберлігі қандай жоғары болсын, мұғалім мен оқушының өз белсенділігін туғыза алмаса, берген білім  күткен нәтиже бермейді. Оқушының адам ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады. Жаңа технологияның басты мақсаттарының бірі – баланың оқыта отырып, ой еркіндігін, белсенділігін, ізденімпаздығын қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру.

«Білім берудегі Кембридж тәсілдерінің теориялық негіздері» осы жоғарыда айтылған ұстанымды ұстайды. Яғни, мұндағы бала өзі ізденуші, бір-біріне үйретуші, ал мұғалім бағыт беруші, нұсқаушы. Бұл тәсілдің басқа технологиялардан ерекшелігі жеті модуль арқылы іске асады.

Әйгілі зерттеуші Л.С.Выготскийдің «Дәстүрлі оқыту-бала дамуына тек қондырғы болып, дамуға стихиялы әсер етсе, яғни, «дамудың соңында жүрсе»,жаңаша оқыту-«дамытуды өзімен бірге ала жүреді» -  деген болатын. Сондықтан тек дәстүрлі оқытумен шектеліп қалмай,  мұғалім әрқашан ізденісте болып, өзіне және шәкірттеріне тиімді жақтарын қарастырып отыруы тиіс.

«Сабақ – оқытушының  педагогикалық мәдениетінің айнасы», -деп А.Сухомлинский айтқандай, осы жеті модульдің ішінде өзімнің пәніме тиімдісі, жарыққа шығарары, баланың қызығушылығын оятары, білімін жетілдірері қайсы екен деп көп ойланғаным рас. Саралай келе әр сабақта бір немесе бірнеше модульді бірден қолдануға болатынын анықтадым. Бұл қолданыстан ұтылғанымнан ұтқаным көп болды.

Әр мұғалім өз сабағының –көшбасшысы. Көшті қалай бастап алып жүрем десе де өз еркі. Ал көшті дұрыс бағыттай білу ол шеберлігіне байланысты.

Бағдарлама үш деңгейден тұрады. Оқыту мен үйретудің тәсілі мынау болып табылады:

1. Қызығушылығын ояту-жаңа сабақты түсіндіру кезіндегі үйрену процесі. Бұл бұрынғы білетін білім мен жаңа білімді ұштастырудан тұрады.

Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер  арқылы оқытуда оқушылар бұрынғыдай тек тыңдап және көшіріп қана қоймай, белсенді әрекеттер атқарады. Ол белсенді әрекеттерге ойлау, оқу, сөйлеу, талқылау, жазу, пікірлесу, пікір таластыру жатады.

Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер  арқылы оқытуда білім дайын күйінде берілмейді, ол тек белсенді әрекеттер арқылы ғана игеріледі, оқушылар өзара қоян- қолтық қарым -қатынаста болып, онымен бірлесе әрекет жасау, диалог құру. Өзімізге сыни тұрғыдан ойлауымыз керек. Сабақта оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруі,  пікір алмасуы диалогпен жүзеге асты. Топтық әдісті қолданғанда  оқушылардың бір- бірімен ақылдасуы, оны  топтан біреуінің шығып  айтуы, ал  болжау әдісін қолданғанда оқушылардың мәтінде не туралы жазылуы мүмкін екендігі туралы өз ойларын да диалог арқылы көрсете білді.

2. Мағынаны тану – жаңа сабақты бекіту процесі. Бұл кезеңде оқушы жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша  жұмыс жасайды,тапсырмалар орындайды. Сонымен қатар олар идеяны жеткізіп қана қоймай, шешім табу үшін топқа сұрақ қояды және басқаларды сұраққа тартады. Әр топтан бір оқушы шығып ұжым алдында мәтін мазмұнын қысқаша баяндап береді.

3.  Ой толғаныс – сабақты қорытындылау кезеңі. Осы кезеңде үйренуші не үйренгенін саралап, салмақтап, оны қандай жағдайда қалай қолдану керектігін үйренеді. Мысалы, бұл жерде балалар эссе жазады. Өз ойларын қағаз бетіне түсіріп, түйгендерін анықтайды.         Бұл модульдің нәтижесі көп. Атап айтар болсам, ой – пікірін ашық, еркін айту, бір-бірінің сабақ барысында қателіктерін айту, жақсы қасиеттерін үйрену, сабақ-білім естерінде көп уақытқа сақталады, сабақ барысында өзі талдайды, бір-біріне талап, өтініш, тілектерін білдіре алады.

Бұл модулдің тағы бір ерекшелігі оқушыларды топтап оқытуы болып тұр. Топтап оқытудың пайдасы туралы Ибн  Сина Әбу Әли Хусейін Ибн Абдолла (Авиценна 980-1037) былай деген болатын:«Егер бала жалғыз оқып, сыныптастары жоқ болса, бұл оқытушы мен үйретушіге ортақ қынжылыс болмақ. Сондықтан ең жақсысы -  балалар оқу тәрбие үрдісінде үлгілі мінезге бір-бірінен үйренетін ұжымдық оқытуды ұйымдастыру».

Балаларды ұжымдық оқытудың төмендегідей пайдасы бар.

1.  Оқушылар оқу және тәрбие үрдісінде ғылымға сусап тұрады.Өз білімдерін мақтан тұтып, досының білімін қызғанады. Намыс пен мақтаныш тәрбиеленушіні өзгелерден кейін қалмауға міндеттейді.

2. Оқушылар кездескенде үнемі сөйлеседі, сонымен естерін және шешендігін дамытады. Егер балалардың біреуі жақсы сөз естісе және оны құрбыларына айтса, онда балалардың естері дамиды және өзін-өзі оқыту журеді.

3. Ұжымдық оқытудың келесі қоғамдық пайдасы оқушылар өзара достасады, бірін-бірі сыйлауға үйренеді, өзара дауласады, жарысады және құқықтар мен міндеттер туралы пікір айтысады.

Топқа бөліп оқытқанда оқушылардың талпынысы артады, әр оқушы өзін жеке керекті тұлға ретінде сезінеді және өз үлесін қосуға талаптанады. Бір адамның айтқанынан гөрі бірнеше адамның айтқаны есінде тез жатталады.

Модульдің тағы бір сатысы «Талантты және дарынды балаларды оқыту».

Рас, ізденуші мұғалім бала бойындағы туа біткен түрлі қасиеттерді дәл байқап, оның сапалық ерекшеліктеріне баға беріп, ары қарай өз бетінше дамыта түсуіне жағдай туғызуы керек, көмектесуі қажет. Бұл үшін, әрине ұстаздың өзі де өзгеруі, яғни дәстүрлі оқытудың таптаулары сүрлеуінен арылуы тиіс. Осылайша оқытудың жаңа мазмұнын жасауға бетбұрысты әрбір мұғалім өзінен бастағаны жөн. Мұғалім  шәкіртке білім, білік, дағды беріп қана қоймай, ақыл-ойы мен қабілетінің дамуына көңіл бөліп, «оқи алуға үйрету керек». Дарынды және талантты балаларды оқытуда мына қағидаларды есте ұстаған дұрыс.

-Баланың бойындағы құмарлығын, қызығушылығын жойып алмай, оның үнемі алға жылжуға деген табиғи талап-тілектерін, сұраныс пен мұқтаждарын ескеру, шығармашылығын жетілдіру.

- Білімді өз бетінше іздену арқылы алуға қолайлы жағдай жасау.

- Өзін-өзі дамытатын тұлға қалыптастыру

Осы қағидаларды ұштастыратын болсақ қана оқушы өзінің дарынды екенін сезінеді. Бойындағы «мені» оянады. Басқалардан артық тапсырма алу оларды шабыттандыра түседі, бірақ әрдайым мұғалім баланы қанаттандыру үшін өзіне сенімін молайту  үшін бірге ізденісте болуы шарт. Түрлі жарыстарға қатыстырып, мақтау сөздер айтып ізденуде тоқтап қалмауға баулу керек. Ал мен бұл балалармен жеке жұмыс  жоспары бойынша жұмыс істеген жөн деп таптым. Алға ұмтылған баланы артқа тартпай сабақ үстінде басқа тапсырмалар беріп бала білімін шыңдаған дұрыс. Қосымша ақпаратты жинауды осындай дарынды оқушыларға берсе, олардың да, өзгенің де жиғаны көп болмақ.

«Нашар мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді»-деп неміс педагогі А.Дистерверг айтып өткендей бүгінгі таң мұғалімдері жақсы мұғалім атану үшін түрлі әдістерді пайдалану арқылы бала білімін ұштауда. Мұғалім оқытуға кіріспес бұрын оқушылардың мінездерін зерттеп, білімдерін тексеруі тиіс. Мұғалім әр баланың білім дәрежесі қаншалықты екенін саралап алғаннан кейін, оның алға жылжуына ықпал етуге міндетті.



«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиялармен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет»-деп елбасымыз өз жолдауында айтып қана қоймай, әр мектепті түрлі ақпаратты техногиялармен қамтамасыз етуде. Ақпараттық технологиялардың білім берудегі пайдасы мыналар болып табылады.

- алыстағы ақпарат көздерін пайдалану,

- түрлі жүйелерге ену арқылы өз бетімен іздену,

- сұраныс бойынша ақпарат алу,

- интернет тарапында берілген тапсырмалар мен жаттығуларды орындау,

- ақпаратты кез-келген арақашықтықта тез арада жеткізу,

- өзі оқып отырған тілде электронды пошта арқылы хат алмасу,

- ақпараттың қажетті түпнұсқасына қосылу.

Интернет арқылы ғаламдық желінің ақпараттық ресурстарын қолдана отырып, оларды оқу үрдісіне енгізіп, сәйкес дидактикалық түсініктемелер беру арқылы дидактикалық мәселелердің келесі жолдарын тиімді шешуге болады.

- күрделілік дәрежесі жағынан түрлі материалдарды оқу дағдылары мен біліктерін қалыптастыру,

- интернеттен алынған материалды талдау негізінде ауызша сөз іскерліктерін жетілдіру,

- жазбаша серіктеріне хат жазу, жауап жазу, баяндама, реферат т.б. жазба жұмыстарын дайындау арқылы жазбаша тіл білігін арттыру,

- өзі оқып отырған тіл елінің тарихы мен мәдениеті, салт-дәстүрлері, экономикалық даму ерекшеліктерін қамтитын танымдық білімдерін кеңейту.

Яғни, ақпараттық технологиялардың білім беруде маңызы зор. Өйткені ол оқушыларға үлкен ақпараттық білім кеңістігіне жол көрсетеді. Бұл баланың ой өрісін кеңейтіп қана қоймайды, білім деңгейін көтеруге үлкен үлесін қосады.

Білім алу кезінде бағаның орны ерекше. Бір сабақ үстінде бірнеше оқушыны бағалау мұғалім шеберлігіне байланысты. Баға алуда оқушылар алға талаптанады, ізденеді. Кейбір оқушы білім үшін емес, баға алу үшін оқиды. Сондықтан бағаны дұрыс қою және оның нақты болуын алға қою әр мұғалімнің есепке алар міндеті. Сабақ үстінде бірнеше бағалау әдістерін қолдануға болады. Суммативті баға мен формативті бағаны қою әрбір  сабақтың негізгі сатысы болуы шарт.

Білім берудің мазмұнына енгізіліп жатқан өзгерістер мен жаңалықтардың барлығы да ғылым негіздері бойынша білімді меңгертумен қатар оқытуды дараландыруға жағдай жасау арқылы оқушылардың жеке және жас ерекшеліктерін ескере отырып, қажеттіліктері мен қызығуларына сай білім беруге бағытталып отыр. Сабақ беруде мұғалім оқушылардың жас ерекшелігін негізге алуы керек. Тапсырамаларды да меңгере алатындай, сұрақтарға дұрыс жауап іздей алатындай етіп қою керек. Сол кезде сабақ күтілген нәтижеге қол жеткізеді.

Сонымен сөзімді қорытар  болсам сабақ барысында мынадай талаптар басшылыққа алынуы қажет:

1. Мұғалім оқыту кезінде билік жүргізу әдісінен арылуы керек.

2. Оқыту үрдісі кезінде сабақтағы басты тұлға білім беретін мұғалім емес, осы білімді қызыға қабылдауға дайын оқушы болуы тиіс.

3. Балалардың оқуға деген ынтасын күшейту керек.

4. Өз дербестігін, белсенділігін дамыту қажет.

5. Оқу, дамыту жұмысын ұтымды жүргізу үшін баланың табиғи талабын, қасиетін дер кезінде айқындау керек.

Осы қағидалар негізінде сабақты жаңа технология әдістерін қолдану арқылы жүргізу -  оқушының өзін-өзі дамытуына, өз біліміндегі олқылықтарды өзі тауып, өз сұрағына өзі жауап іздеп жан –жақты білім алуына көмектеседі. Бұл мұғалімдер үшін де, оқушылар үшін де өте тиімді. Мұнда оқушылардың өздері ойлануға, сөйлеуге, бір-бірінің ойын қайталамауға  үйренеді.  Оның нәтижесін бүгінде көріп отырмыз. Өйткені, олар қызығушылықпен сабаққа қатысады. Барлық тапсырмаларды өздері орындайды.

Әр уақытта бала білімін алға қоюшы ұстаз үлкен көрсеткішке қол жеткізу жолында талмай талаптанып, шаршамай еңбектенеді. Сол кезде ғана еліміз көкке шарықтап, басқа елге елді танытады. Елді өсіретін де, елді төмен түсіретін де – білім. Сондықтан қолда бар амалдарды тиімді пайдалана білу сіз бен біздің үлесімізде, құрметті әріптестер!


Пайдаланылған әдебиеттер

1. Құрманғалиева Ж. «Биология жұмыс дәптерлері мен зертханалық жұмыс

дәптерлері» 6 сынып

2. А.Құсайынов «Салыстырмалы педагогика». Алматы, 2008ж.

3. Захарова Молдир «Білім беруде Кембридж тәсілдерін қолданудың

тиімділігі»

4. С.Орынханова «Дарынды бала – асқан талант иесі» Алматы, 2012ж.

5. С.Арыстангалиев, Е.Рамазанов «Қазақстан өсімдіктері» Алматы, 1977ж.

6. «Биология» талапкерге арналған оқулық-тест «Шың» кітап

7. Жизнь растений 1-3 том М. «Просвещение», 1978ж.

8. Интернет желісін пайдалану (www.45minut.kz, ustaz.kz, shola-isatai, умник kz, testent.ru және т.б.)


Баяндама тақырыбы:

АДАМНЫҢ ШЫҒУ ТЕГІ ЖӘНЕ ЭВОЛЮЦИЯСЫ ТУРАЛЫ ҚАЗІРГІ КӨЗҚАРАСТАР
«Әлемдегі шешуі табылмаған жұмбақтың бірі-Адам»
Адамның пайда болуы, яғни оның шығу тегі туралы мәселе адам баласын ежелден – ақ толғандырып келе жатқан өте күрделі мәселелерәң бірі болып саналды. Адамның пайда болуы туралы әртүрлі көптеген көзқарастар мен болжамдар қалыптасқан. Мысалы , креационизмдік көзқарас боыйнша адамды «Құдіретті күш» немесе «Жаратушы» жаратқан деп түсіндірсе, ал панспермиялық тұжырым ғарыш кеңістігіндегі басқа ғаламшарлардан келуі мүмкін деп болжам жасайды. Тіпті адам ертеде өзендер мен көлдерде тіршілік еткен нияпитек маймылдарынан пайда болған деген де болжамдар бар. (1). Бұл көзқарастардың ешқайсысы да ғылыми тұрғыдан ешбір дәлелденбеген әрі нақтылы ғылыми деректерге негізделмеген көзқарастар деп атауға болады.

Ғылыми тұрғындан алғанда дүниежүзінің көптеген биолог ғалымдары адамның шығу тегі мен тарихи даму кезеңдерін тікелей эволюциялық теория мен байланыстырады. Өткені эволюциялық теория адамның шығу тегі мен тарихи даму кезендерін көптеген әрі нақты ғылыми дәлелдемелерге сүйене отырып түсіндіреді.

Тірі ағзаларды жүйелеп жіктеудің негізін салған швед ғалымы Карл Линней (1707-1778) адамның өзіне тән биологиялық белгілеріне байланысты адамды жеке биологиялық түр ретінде саналы адам (Homo sapiens ) деп атап, оны маймылдармен бірге приматтар отрядына жатқызды. Латынша «primas»-«алғашқылардың біріншісі» деген ұғымды білдіреді. Француз ғылымы Ж.Б.Ламарк ()1744-1829) К.Линнейдің көзқарасын жақтап, маймылдар мен адамның арғы тегінің бір екіндігін атап көрсетті.

Ағылшын ғалымы Чарлз Дарвин (1809-1882) адамның шығу тегі мен тарихи даму кезеңдері мәселесіне арнап, «Адамның шығу тегі және жыныстық сұрыпталу» (1871), «Жануарлар мен адам көңіл – күйінің (эмоцияларының) байқалуы туралы» арнайы еңбектер жазып, маймылдар мен адамның арғы тегінің бір екендігіне нақтылы дәлелдемелер келтірді.

Көрнекті неміс ғалымы Эрнст Геккель (1834-1919) «Жаратылыстың табиғи тарихы» () 1869 және «Антропогенез немесе адамның шығу тегінің тарихы» (1874) деген арнайы еңбектер жариялады.

Жоғарыда аты аталған ғалымдардың биология ғылымдарына сіңірген еңбектерін мектептерге арналған биология оқулықтарынан да байқауға болады. Бұл ғалымдардың бәрі де негізінен адамның биологиялық түр екендігіне басты көңіл бөлді. Ал, адамның әлеуметтәк (қоғамдық) жағын неміс философы Фридрих Энгельс (1820-1895) айқын түрде ашып көрсетті.

Биология ғылымында қалыптасқан Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясына соңғы жылдары күмән келтіріп, сын айтушылар және оның ілімін дәйексіз теріске шығарушылар байқала бастады, тіпті мектепке оқылатын биология оқулықтарынан Ч.Дарвин ілімін алып тастау керек деген көзқарастар да айтылып жүр. Мұндай орынсыз пікірлерді көбіне биология ғылымына ешбір қатысы жоқ кездейсоқ мамандардың айтуы биолог ғалымдарды таңқалдыруда. Мұндай көрініс тек біздің елімізге ғана емес, көршілес Ресейде де байқалуда. Көрнекті орыстың биолог ғалымы Александр Марковтың 2012 жылы жарық көрген эволюциялық биология мәселелеріне арналған өте құнды ғылыми еңбегінде Ч.Дарвиннің эволюциялық іліміне қатысты биология ғылымына ешбір өатысы жоқ даурықпа сөзге құмар адамдардың орынсыз пікір айтуларын өткір сынға алғандығын көруге болады. Бұл ғалымның сөзін кітаптағы түпнұсқа бойынша орыс тілінде беруді жөн көрдік. «... В последнее время... стало слишком модно (правда, не столько в научном мире, сколько за его пределами). Что само по себе должно служить предостережением. Мода-не лучший ориентир для ученого. (подчеркнуты нами Р.С. и др). К тому же сами опровергающие порой весьма смутно себе представляют, какую именно из идей основоположника дарвинизма они опровергают и высказывал ли они вообще такую идею. «Теория Дарвина опровергнута» можно прочесть о том, что не все мутации случайны, или что приобретенные признаки, возможно, иногда наследуются, или что человек умелый (Homo habilis) мог и не быть прямым предком современного человека. Между тем Дарвин знать не знал ни о человеке умело (его тогда еще не нашли), ни о мутациях в нынешнем понимании этого слова (генетики еще не было), а наследование приобретенных признаков Дарвин пологал вполне вероятным и даже очевидным. Подобные «опровержения» не свидетельствуют ни о чем, кроме дурного вкуса авторов подобных броских заговолок (подчеркнуты нами Р.С. и др) (2). Ғалымның бұл айтылған пікірлері биологиядан сәл де болса хабары бар адамдарға ой салады ғой сенеміз. Әсіресе биология саласының мамандары үшін бұл тұжырымдар басты өмірлік ұстанымға айналуы тиіс деп ойлаймыз.

Эволюциялық үрдістің табиғатта болатындығы бұлтартпас ақиқат айғағы екіндігін көпшілік биолог ғалымдар мойындайды.

Кемеңгер ойшыл ақын Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931) өзінің «Үш анық» атты философиялық еңбегі мен ақиқатқа негізделген арнайы өлендерінде табиғаттағы үнемі болып жататын эволюциялық үрдісті «барлық таласы» және «жаралыс (жаратылыс Р.С.) басы қозғалыс» деген ұғымдар арқылы бердегендігі белгілі (3).
Бас қозғалыс қой жанның атасы. Жаралыс басы қозғалыс,

Сол жаннан талай жан өскен. Қозғауға керек қолғабыс.

Жанына қарай тән өскен. Жан де мейлі бір мән де,

өсімдік жаны нашар боп, Сол қуатпен бол таныс.

Олардан жәндік және өскен,

Жәндіктен адам жаралған.
Абыз ақын бабамыздың бұл жыр жолдарынан эволюциялық үрдістің біртіндеп қарапайым ағзалардан құрылысы күрделі ағзаларға қарай тарихи дамуы айқын байқалады. Ақын жырларындағы «қозғалыс» деген тұжырым ғылымдағы «эволюция» деген ұғымның баламасы деп түсіну керек. «Эволюция» немесе «қозғалыс» деген ұғымдар шынайы шындықты айқындай түседі. Бұл табиғатта ешбір талас тудырмайтын табиғи заңдылық.

Адамның шығу тегі мен оның тарихи даму кезеңдерін антропология ғылымының антропогенез деген саласы зерттейд».

Ағылшынның көрнекті антрополог ғалымы Роберт Фоули қазіргі ғылыми деректерге негізделініп жазылған адамның шығу тегі мен эволюциясы жайында жазылған «Тағы да қайталанбас бір түр» («Еще» один неповторимый вид) атты ғылыми еңбегінде барлық биологиялық түрлердің бәрі де және адам да тірі ағза ретінде теңдесі жоқ өзара бір-бірінен айырмашылығы шамалы және олардың бәрінің де эволюциялық заңдылықтары мен жүру үрдісінің ұқсас болатындығын атап көрсеткен (4).

Соңғы жылдары биология ғылымның түрлі салалары бойынша жинақталған көптеген ғылыми деректер бойынша әлі де болса адамның пайда болуы мен тарихи даму кезеңдерінде нақтыланбаған бірнеше сұрақтарды атап көрсетуге болады. Ондай сұрақтарға мыналар жатады:



  1. Адамның екі аяқпен жүріп тіршілік етуі қалай болады? Жалпы алғанда, адам сүтқоректілер класына жататын тек екі аяғымен тік жүріп тіршілік ететін бір ғана түр. Екі аяқпен тік жүріп тіршілік ету өте ұзақ уақыттарға созылған табиғи сұрыпталу арқылы жүріп отыратын өте күрделі үрдіс. Екі аяқпен тік жүріп тіршілік ету бұдан 8-10 млн. жыл бұрын басталған. Бұл жөнінде адам өзінің ең бастапұы пайда кезеңінде екі аяқпен тік жүретін жануарлардан пайда болған деген де көзқарастар бар. Бірақ бұл болжам ғылыми тұрғыдан толық дәлелдеген емес.

  2. Неліктен адамның екі қолы аяқтарымен салыстырғанда қысқы әрі әлсіз? Бұл сұрақтың жауабы туралы да әртүрлі болжамдар бар. Кейбір ғалымдар бұл кезде ыммен білдірілетін белгілер арқылы топтасып тіршілік етудің артықшылықтарына басты назар аударады.

  3. Эволюциялық өлшем бойынша соңғы 1,5-2млн.жыл ішінде ғана адамның ми көлемінің кенеттен ұлғаюына қандай жағдайлар әсер етті? Бұл сұрақтың жауабын кейбір зерттеушілер еңбек құралдарын жетілдіре түсу және еңбек құралдарынкеңінен пайдаланумен байланыстарса, ал кейбір ғалымдар ұжымдық еңбек әрекеттерінің толығымен қанағаттандыра алмайды.

  4. Адамның абстрактылы ойлауы мен санасының қалыптасуына негіз болатын сөйлеу қабілеті және оның жетіле түсуіне қандай жағдайлар әсер етті? Жануарлардың көпшілік түрлері әртірлі дыбыс шығару арқылы түрлі әрекеттерді аңғартады. Бұл кезде дыбыс дем алған кезде шығатын болса, ал адамның айқын сөйлеуі дем шығарған кезге сәйкес келеді. Бұл сұрақтың да әлі күнге толық жауабы табылған жоқ.

  5. Қазіргі адамның абстракты ойлауы мен санасы немесе байланысты? Бұл сұрақ бойынша нейрофизиология және психология мамандары осы күнге дейін белгілі бір қорытынды жасай алмай келеді.

  6. жоғарыда келтірілген сұрақтарға байланысты адамның шығу тегі мен тарихи даму кезеңдері туралы ХХ ғасырда көптеген болжамдар айтылып жүр. Сондай болжамның бірі-ағылшын ғалымы Ф.Вуд Джонстың тарзиальды гипотезасы деп аталады (1929). Бұл гипотеза бойынша адам ертеде тіршілік етіп кейіннен жойылып кеткен адамтектес маймылдардан емес, керісінше ертедегі тропикалық ормандарда тіршілік еткен ұзын өкшелі маймылдардан (долгопят( пайда болған дегенді білдіреді. Бұл маймылдардың қазіргі кезде кіші ұзын өкшелі деген түрі Үнді-Майлай аймағындағы нулы тропикалық ормандарда кездеседі. Олар көбіне екі артқы аяғының көмегімен біршама тік жүре алады. өйткені олардың табанындағы өкше қайықша сүйектері ұзын болып келетіндіктен ұзын өкшелі (тарзит) маймылдар деп аталған Ф.Вуд Джонс өз болжамында адам денесінің пропорциясы барлық адамтектес маймылдардан гөрі ұзын өкшелі маймылдарға ұқсас болатынын және олардың бассүйегінің бет бөлімінің шағын болуымен т.б. белгілерімен байланыстырады. Вуд Джонс болжамын көптеген ғалымдар сынап, ұзын өкшелі маймылдар еш уақытта топтанып (қоғамдасып) тіршілік етпегендігін алға тартады. Сонымен қатар, салыстырмалы анатомиялық, приматологиялық, палеонтологиялық және антропологиялық зерттеулер Вуд Джонс болжамының шындыққа сәйкес келмейтіндігін дәлелдеп берді.

Антропегенездің гиганттық (алыптық) гипотезасын 1945 жылы немістің антрополог ғалымы Ф.Вейденрейх ұсынды. Ол Оңтүстік – Шығыс Азия аймғынан табылған алып адамтектес маймылдардың көптеген қазба қатаң қалдықтарына сүйене отырып, алыптық қасиет адамның ертедегі арңы тектерінің алып болып келгендігіне негізделген. Ғалымының бұл болжамын көптеген ғалымдар сынып гигантопитек – адамтектес маймылдардың тірелген бір тармағы деп есептейді.

Антропегенездің келесі бір болжамы – симиальдық гипотеза деп аталды. Бұл гипотезаны алғаш рет ұсынған Ч.Дарвин. латынша «Simia»- «маймыл» деген ұғымды білдіреді. Бұл гипотеза адамның шығу тегін ертеде тіршілік еткен адамтектес маймылдар тобымен байланыстыра түсіндіреді. Бұл гипотезаны уағыздаушылар қазіргі кезде кездесетін адамтектес маймылдарды адаммен салыстыра отырып, олардың туыстық жақындығына басты назар аударады. Осыған сәйкес қазіргі кезде симиальдық гипотезаның гиббондық, орангутандылық, гориллалық және шимпанзелік тармақтарын ажыратады. Б.л гипотеза тармақтарынан кеңінен таралған шимпанзелік тармақ болып саналады. өйткені анатомиялық, генетикалық, биохимиялық және т.б. осы заманғы зерттеулер бойынша африкалық шимпанзе мен қазіргі адамдардың көптеген белгілерінің бір-біріне ұқсастығы 99 пайызға тең екендігін көрсетеді (5).

Адамның шығу тегі туралы қазіргі кезде бұл айтылғандарда басқа да әртүрлі болжамдар (гипотезалар) кездеседі. Дегенмен де, шет елдерде мектептерге және жоғары оқу орындарына арналған биология оқулықтары мен оқу құралдарында адамтектес маймылдар мен адамның арғы тегі және олардың тарихи даму кезеңдерін ажыратуда тқазіргі кезде митохондиальды ДНҚ-ның молекулалардын талдауға негізделеді (6,7).

Қазіргі кезде көптеген палеонтолог және антрополог ғалымдар ғылым жетістіктеріне сүйене отырып, өте ежелгі қазба қаңқа қалдықтарымен олар пайдаланған еңбек құралдарының негізінде антропогенездің 4 кезеңін ажыратады:

1.Австролопитекттер (адамның ең бастапқы арғы тегі)

2.Архантроптар (ежелгі адамдар)

3.Палеоантороптар (ертедегі адамдар)

4. Неоантроптар (қазіргі адамдардың тікелей арғы және қазіргі адамдар).

Молекулалық биология ғылымының зерттеулері бойынша өте ежелгі адамдардың арғы тегі болжам бойынша бұдан 15-20 млн. жыл бұрын тіршілік еткен. Мұндай қорытынды қазіргі кезде тіршілік ететін адамтектес маймылдар мен адамның қан құрамындағы нәруыз молекулаларын салыстыру арқылы жасалып отыр.

Жоғарыда айтылған адамтектес маймылдар мен адамның шығу тегі мен тарихи даму кезеңдерін кесте түрінде былайша көрсетуге болады:




р/с

Дәуірлер мен эволюция кезеңдері

Ертедегі түрлер

Ертедегі түрлерге ұқсас қазіргі түрлер

1

65 млн. жыл бұрын

Қарапайым жәндікқоректілер




2

55 млн. жыл бұрын

Адапидтер және ертедегі жоғары сатыдағы маймылдар

Лемуроидтар, цебоидтар (жартылай маймылдар)

3

37-40 млн.жыл бұрын

Парапитектер, проплиопитектер, египетопитектер, плиопитектер, эпиплиопитектер, сивапитектер

Гиббондар, орангутандар

4

20-22 млн.жыл б.рын

Дриопитектер (алдымен Африкада тіршілік етіп, кейіннен Еуропа мен Азияда таралған)

Гориллалар

5

14-15 млн.жыл бұрын

Удабнопитектер (Шығыс Еуропа мен Батыс Азияда таралған), проконсулдар, кениапитектер, гигантопитектер, рамапитектер




6

5-4 млн. жыл бұрын

Алғашқы австролопитектер (екік еткен), африканустар, робистустар, зинджантроптар




7

2 млн. жыл бұрын

Кейінгі ірі денелі австролопитектер жойылып кеткен тұйық тармақ




8

2-1,5 млн. жыл бұрын

Епті адам (Homo habilis)




9

1-0,3 млн. жыл бұрын

Тік жүретін адам (Homo erectus) Архантроптар (ежелгі адамдар, питекантоптар, синантроптар т.б.)




10

100-40 мың жыл бұрын

Палеонтроптар (неандерталь адамдары)




11

40 мың жыл бұрын

Саналы адам

(Homo sapiens)



Қазіргі адамдар

Қорыта айтқанда, адамның шығу тегі мен тарихи даму кезендері туралы шешуін таппаған мәселелер көп–ақ. Алдағы уақытта ғылым жетістіктеріне сәйкес көп мәселелердің ақиқатының анықталатынына сеніміміз ол.


Әдебиет
1.Сыч В.Ф.Общая биология: учебник для вузов. М.Академикаческий Проект.

Культура 2007.331 с.

2.Марков А. Рождение сложности, Эволюциянная биология сегодня: Неожиданные открытия и новые вопросы. М. Астрель СООRPUS, 2010. 527 с.

3.Құдайбердіұлы Ш. Үш анық (Қаз. ССР Ғылым акад., М.О. Әуезов атын.

Әдебиет және өнер институты. Жауапты ред. А.Сейдімбеков. Алматы. Қазақстан: ғыл. әдеби орталығы, 1991. 80-бет.)

4.Вишняцкий Л.Б.Человек в лабиринте эволюции. М. Издательство «Весь мир», 2004.156 с.

5.Столяренко Л.Д., Столяренко В.Е., Котова А.В., Петрулевич И.А. Антропология: Учебное пособие. М.ИКЦ «МарТ», Ростов н/Д: Издательский центр «МарТ», 2008.304 с.

6.Чебышев н.В., Гузикова г.С., Лазарева Ю.Б., Ларина С.Н. Биология. Новейший справочник. М. Махан. 2007.512с.



7.Новейший полный справочник школьника: 5-11 классы. Биология. Авт. –сост. Ю.А.Садовниченко. М. Эксмо.2009 512с.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет