Сабақтың тақырыбы: Қосмекенділер алғаш құрлыққа шыққан жануарлар Сабақтың мақсаты



жүктеу 68.88 Kb.
Дата17.06.2016
өлшемі68.88 Kb.
Ақмола облысы

Целиноград ауданы

Қоянды орта мектебінің

биология пәнінің мұғалімі

Шугайп Салтанат

Биология 7 сынып

Сабақтың тақырыбы: Қосмекенділер – алғаш құрлыққа шыққан жануарлар
Сабақтың мақсаты:

білімділік – қосмекенділердің тіршілігі, сыртқы, ішкі құрылысы, қаңқасы, тыныс алу, қан айналым, зәр шығару, көбеюі жайлы түсінік беру.
дамытушылық - қосымша суреттермен жұмыс жасап, ойлау қабілеттерін арттыра отырып, өз бетінше жұмыс істей білуге дағдыландыру.
тәрбиелік - еліміздің әрбір тіршілік иелеріне келешек ұрпағымыздың оң көзқараспен қарауына ықпал жасай отырып, сирек кездесетін қосмекенділерді танытып, оларды қорғауға тәрбиелеу
Сабақтың типі: дәстүрлі
Сабақтың түрі: жаңа білім игерту
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі түрде баяндау, тірек - сызба нұсқа әдісі
Көрнекілік: интерактивті тақта, тірек - сызбалар, слайд – суреттер, маркер, арнайы қағаздар

Пән аралық байланыс: география, экология
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Оқушылармен амандасып, түгелдеп, сынып оқушыларын сабаққа дайындау
б) Сабақтың мақсатымен таныстыру
ІІ. Үй жұмысын тексеру (сұрақ – жауап, тест)

Тест жұмысы

1. Балықтарды зерттейтін ғылым саласы

А) микология Б) кардиология В) ихтиология Г) орнитология

2. Балықтар неше класқа бөлінеді?

А) 1 Б) 2 В) 3 Г) 4

3. Шеміршекті балықтар класының түр саны

А) 22000 Б) 20000 В) 7500 Г) 750

4. Балықтардың жүрегі неше қуысты?

А) 1 Б) 2 В) 3 Г) 4

5. Балықтарда қанайналым шеңбері қанша?

А) 4 Б) 2 В) 3 Г) 1

6. Шеміршекті балықтар қалай ұрықтанады?

А) Сырттай Б) іштей В) жынысты Г) жыныссыз

7. Қара уылдырық алынатын балықтар тобы

А)Алабұғалар Б) Албырттар В) Бекірелер Г) Майшабақтар

8.Алғаш рет қуық пайда болған балықтар тобы:

А) Шеміршекті балықтар Б) Сүйекті балықтар В) Скаттар Г) Акулалар

ІІІ. Үй жұмысын бекіту (сәйкестікті табу)

Сәйкестігін табу

Шеміршекті балықтар Сүйекті балықтар

1. Қортпа, шоқыр, пілмай, латимерия, бахтах; 2. Жұпбалық, тұтасбас, акула;

3.Тоқ ішегі жуан әрі оның ішінде оралмалы қатпарлары бар; 4.Терісі ірі қабыршақтармен қапталған;

5. Желбезегінің сыртында сүйекті қақпағы бар;

6. Терісі плакоидты қабыршақтармен қапталған;

7.Желбезек саңылаулары тікелей сыртқа ашылады; 8.Торсылдағы болады;

9.Торсылдағы болмайды; 10.Тұмсығы алға созылыңқы; 11.Клоакасы бар;

12.Аналь тесігі бар; 13.Іштей ұрықтанады; 14.Сырттай ұрықтанады;

15.Уылдырығының саны көп; 16. Уылдырығының саны аз.

IV. Жаңа сабақты түсіндіру

Қосмекенділер — алғаш құрлықта өмір сүруге бейімделген төртаяқты омыртқалы жануарлар. Олар екі ортада: суда да, құрлықта да кездесетіндіктен, қосмекенділер деп аталады. Қосмекенділер суда көбейеді және дернәсілдері сулы ортада дамиды. Қазіргі кезде қосмекенділердің 4 000 - нан астам түрі Жер шарының тропиктік, субтропиктік және қоңыржай аймақтарында кездеседі. Қазақстанда қосмекенділердің 12 түрі таралған.

Құйрықсыз қосмекенділер

4000-дай түрлері бар. Ересектерінде құйрық болмайды,тек итшабағында ғана болады. Артқы аяқтары алдыңғы аяқтарға қарағанда ұзын, жақсы дамыған. Кең таралған түрлері: көл бақа, тоған бақасы, құрбақа, жасыл құрбақа, кәдімгі құрбақа, даната құрбақасы, сүйріктұмсық бақа, шөп бақа, сібірлік бақ, қызылаяқ бақа Қазақстанда кездеседі. Құрбақалардың түсі қоңырқай, тері бұдырлары айқын байқалады. Олар далалы, кейде шөл мен шөлейтті жерлерде де кездеседі. Кешкілік немесе түнгі уақытта белсенді. Зиянды бунақденелілермен қоректеніп, ауыл шаруашылығына пайда келтіреді.



Даната құрбақасы - Қазақстанның Қызыл Кітабына 2010 жылы тіркелген.Ол Зайсан, Балқаш, Алакөл өңірінде таралған.

Қызылаяқ бақа - Балқаш көлінің маңында, Шу өзенінің аймағында таралған. Қазақстанның Қызыл Кітабына 2010 жылы тіркелген.

Құйрықты қосмекенділер

500-дей түрі бар. Бұл отрядқа тритондар мен саламандралар жатады. Дене пішіні ұзын, құйрығы айқын байқалады.



Жетісулық бақатіс – тұрқы 20-25 см. Денесінің көпшілік бөлігін құйрығы алады. Құйрығының үстінде жал тәрізді тері қатпары бар. Басы жалпақ,тұмсығы доғал. Алдыңғы аяқтарында – 4, ал артқы аяқтарында – 5 саусағы болады. Түнде белсенді. Сырттай ұрықтанады. Дернәсіл кезеңінде қыстап шығып, келесі жылы ересек түрге айналады.

Жетісудағы Жоңғар Алатауы мен оған шекаралас Қытайдың биік таулы өзендерінде кездеседі. Қазақстанның Қызыл Кітабына 2010 жылы тіркелген.



Аяқсыз қосмекенділер

170-200 дей түрі бар. Африка, Үнді, Америка, Цейлон жерлерінде мекен етеді. Негізгі өкілдерінің бірі – сақиналы құртжылан.



Олар жер астында ін қазып тіршілік етуге бейімделген қосмекенділер тобы. Терісінде бездері өте көп. Аяқтары жойылған. Есту мүшесінен - дабыл жарғағы, ал көру мүшесінен – көз болмайды. Басқа қосмекенділерден айырмашылығы – іштей ұрықтанады.

1-тапсырма



2-тапсырма Сәйкестікті тап

1

Құрықты қосмекенді

5000

2

Итшабақ немен тыныс алады

Бақа

3

Қосмекенділерді зерттейтін ғылым

Құржылан

4

Қосмекенділердің қанша түрі бар

350

5

Аяқсыз қосмекенді

Итшабақ

6

Қазақстанда қосмекенділердің қанша түрі бар

Тритон

7

Қосмекендінің дернәсілі

12

8

Қосмекенділер ежелгі неден пайда болды

Желбезек

9

Құйрықсыз қосмекенді

Барахнология

10

Қосмекенділердегі бұлшық ет саны

Стегоцефаль

3-тапсырма



4-тапсырма. Сементикалық карта

р/с

Жануарларға тән белгілері

Балықтар

Қосмекенділер

1

Тері жабынында мүйізді қабыршақтар болмайды.







2

Терісінің сырты қабыршақтармен қапталған.







3

Жұп көкірек және жұп құрсақ жүзбе -қанаттары бар.







4

Жүрегі үш қуысты.







5

Бір ғана қанайналым шеңбері бар.







6

Екі қанайналым шеңбері бар.







7

Мишығы нашар дамыған.







8

Ортаңғы құлақ қуысы пайда болған.







9

Есту мүшесі тек ішкі құлақтан тұрады.







10

Жүрегі екі қуысты.







11

Қантарату жүйесі –тұйық.







12

Терісі арқылы да тыныс алады.







13

Дернәсілдері тек желбезектерімен тыныс алады.







14

Су ағыстарының бағытын, күшін сезетін бүйір

сызығы бар.







V. Жаңа сабақты бекіту
«Биологиялық диктант» арқылы жаңа сабақты бекіту.


VI. Қорытындылау
VII. Үйге тапсырма беру
VIII. Бағалау


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет