Сабақтың тақырыбы: Қосу және азайту. Сабақтың мақсаты



жүктеу 33.5 Kb.
Дата14.06.2016
өлшемі33.5 Kb.


Юсупова Гулмира Хасанхановна

Сайрам ауданы, №100 жалпы орта мектебінің бастауыш пәні мұғалімі

Сыныбы: 2

Пәні: математика


Сабақтың тақырыбы: Қосу және азайту.

Сабақтың мақсаты:

Сандарды және сәйкес шамаларды қосу мен азайтуды бірліктермен, ондықтармен, жүздіктермен амалдар сияқты орындайтынын түсіндіру. Логикалық ойлау қабілетін, ой-өрісін дамыту. Пән бойынша білімдерін кеңейту. Тапқырлыққа, іздемпаздыққа тәрбиелеу.



Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі:

Үнтаспа, дидактикалық материал, ребус, шарлар,балықтар,сиқырлы сандықтар т.с.с.



Сабақтың әдісі:

Көрнекілік, сұрақ-жауап,топтық жұмыс, «Ой қозғау» стратегиясы, жинақтау,ауызша есептеу.



Сабақтың барысы

I Қызығушылығын ояту.

Сиқырлы сандықта не бар деп ойлайсыңдар? Оқушылардың жауаптары тыңдалады.

Жасырын сөзді тапсақ,сиқырлы сандықты ашамыз.
II «Ой қозғау» стратегиясы.

А) Ребус шешу

ʼ

ʺ ʺʺ ʺ ʺ


Шешуі: Қосу, азайту.


Ә) Сұрақ-жауап әдісі.

1. Қосу амалының компоненттерін ата.

2. Азайту амалының компоненттерін ата.
Б) Тірек білімді еске түсіру.

5 неше бірл. бар?

60 неше онд. бар?

200 неше жүзд. бар?

265 неше жүзд. неше онд. неше бірл. бар?

265 = 2жүзд.6онд.5бірл.

2......

3.....


2+3= 5

5-3= 2


5-2= 3
* Қорытынды: Бірл.онд.жүзд. шамаларды қосу,азайту сандарды қосу,азайтуға ұқсас орындалады.
III Дәптермен жұмыс.
IV «Балық аулау» ойыны.

Қосудың жаңа әдісіне баса назар аудару.

200+300

2жүзд.+3жүзд.



200см+300см
Өздік жұмыс.

V Карточкамен жұмыс. Әр оқушыға тарату.

1ц= 100кг

1теңге= ......тиын

1мин=........сек

1сағ= .......мин

А) Оқушылар бірін-бірі тексереді.

Ә) Бағалайды.
VI Сергіту сәті.

Логикалық жаттығулар.



  1. Үш таңбалы саннан екі таңбалы санды азайтқанда 1 қалды. Азайғыш пен азайтқышты тап.

Шешуі: 100-99= 1

Ең кіші үш таңбалы сан 100

Ең үлкен екі таңбалы сан 99


  1. Екі қолымда 10 саусақ болса, 4 қолымда неше саусақ?

Шешуі: 20 саусақ.
VII Шығармашылық тапсырма.

«Кел, ойнайық !» ойыны.

Шарда жазылған өрнектің мәнін табу.

65-18 36+7
85-26 41+39

93-44


48+12
61-3 100-12

VIII Топпен жұмыс.

«Кім жылдам?» ойыны.

Әр топтың оқушыларына сәбіз және қояндар үлестіріліп беріледі.

Тапсырма: 21 сәбізді 3 қоянға тең бөліп бер. Әр қоян неше сәбіз алды?

Шешуі: 7 сәбіз.
X Оқулықпен жұмыс.

«Масштаб» деген не?



  • Белгілі бір заттың көлемін кішірейтетін санды «масштаб»деп атайды.

Р= 2см+1см+2см+1см= 6см

Р= 6см
XI «Балапанға көмектес» ойыны.


(овал 1овал 2прямоугольник 3 15 7) = 12



XII Өзгеше фигураны тап.

Шешуі:11-в

10-ә

8-б


5-б
Жасырын сөз: «Отан»

Әнұран орындалады.


Ой жинақтау. Тақырыпқа байланысты алған білімдерін қорытындылау.

Сиқырлы сандық ашылып, ішіндегі алдын ала дайындалған жұлдызшалар, шаршылар, үшбұрыштарды үлестіру арқылы бағаланады.


Үйге тапсырма беру. 196-бет,№ 4, 6



©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет