Сабақтың тақырыбы: Оқушының жеке басының тазалығы. Мақсаты



Дата13.06.2016
өлшемі4.35 Mb.
#133778
түріСабақ
Астана қаласы Жамбыл Жабаев атындағы
№4 мектеп – гимназиясының
бастауыш сынып мұғалімі
Шәмірбек Ақтолқын Нұрланқызы



Сабақтың тақырыбы:

Оқушының жеке басының тазалығы.

Мақсаты:

Оқушыларға жеке басының тазалығын сақтауды үйрету.

Сабақтың міндеттері:

  • Жеке бас тазалығына нелер жататынын түсінеді;

  • Әр түрлі аурудан тазалық сақтау арқылы қорғануды біледі;

  • Жеке бас гигиенасының адам денсаулығының дамуына,өсуіне әсер ететінін түснеді

Сабақтың түрі:

Дәстүрлі сабақ

Сабақтың типі:

Аралас сабақ

Қолданылатын әдістер:

Сұрақ –жауап, түсіндіру,

Керекті құрал – жабдықтар:

Слайд, суреттер, тірек-сызба, топтастыру

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңдері:

Уақыт

Мұғалімнің іс-әрекеті:

Оқушының іс-әрекеті:

I . Ұйымдастыру кезеңі:

2 мин

Ерте тұрып күнде мен,

Тереземді ашамын.

Сәлем деймін күнге мен,

Шаттық әнге басамын!

Айналама қарасам,

Ғажаптар қаншама!

Сан жетпейді санасам,

Сәлем деймін баршаңа!


Оқушыларды топқа бөлу:

I – топ.
II- топ.

III- топ.


Оқушылар құрал – жабдықтарын түгендейді.
Сергіту жаттығуын бірге қайталайды.

Оқушылар топқа бөлінеді.




II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

3 мин

Өткен тақырып бойынша сұрақтар қойылады.

  • Күн тәртібі дегеніміз не?

  • Күн тәртібін сақтау үшін неге көңіл бөлу керек?

  • Дене сымбатын сақтау үшін не істеу керек?



Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

IV. Мақсат қою кезеңі:

1 мин

Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау. Балалар, біз бүгінгі сабағымызда «Оқушының жеке басының тазалығымен танысамыз.» Балалар бүгінгі сабақққа жақсы қатысуға тырысамыз.

Оқушылар мақсатты тыңдайды, естерінде сақтайды. Мақсатқа жетуге тырысады.


V.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

20 мин

Жаңа сабақты бастамас бұрын балаларға мултьфильм көрсетіледі.

  • Балалар мултьфильмнің тақырыбы қандай?

  • Мултьфиьльмде не жайында көрсетліген?

  • Тазалықты сақтау үшін не істеу керек екен?

  • Мультфиьлімнен сендер қандай ой түйдіңдер?

  • Мойдодыр қандай бала?

  • Біз Мойдодыр сияқты болмас үшін, не істеуіміз керек?

Ал, ендеше балалар бүгінгі сабағымыз оқушының жеке басының тазалығы жайында айтылмақшы.
«Тазалық – саулық негізі» деп бекер айтпайды. Әр адам жеке бас тазалығын, орта тазалығын сақтаса ол денсаулықтың кепілі болмақ.
Адамның денсаулығы - қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл – күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан.

Жеке бас тазалығы дегеніміз – ол күнделікті денсаулықты сақтап, оны нығайтуға бағытталған шаралары. Бұл – тән күтімі, ауыз қуысын, тісті тазалау, ыңғайлы аяқ-киім кию, үй ішінде тазалық сақтау.

Әр адам жеке басының тазалығына тері тазалығы, ауыз – қуысының тазалығы, тізтің тазалығы, бастың тазалығы, қолдың тазалығы жатады.

Ал, енді балалар әр бір тазалыққа тоқтап кетейікші:



  • Күнделікті тері гигиенасы үшін қолданыатын шаралар: теріні тазалықта ұстау үшін денені, басты сабындап жуу жүйелі дағдыға айналуы қажет. Аптасына бір рет моншаға барып жуыну, душқа шайыну керек. Ал жиірек кір алатын бет, қол, мойын қосымша күтімді қажет етеді.

  • Тіс пен ауыз қуысы күтіміне мыналар жатады:

    1. Белгілі бір тәртіп бойынша тіс ысқышпен тіс тазарту.



2. Күніне тіс екі рет тазартылып тұрса, ысқышты орта есеппен алғанда төрт айда бір рет, ал талшықтары синтетикалық болса, 6-8 айда 1 рет отыру керек;

Балалар, біз тазалықты сақтау үшін қандай – құрал жабдықтарды пайдаланамыз?

Қанекеи барлығымыз осы тақтада тұрған суреттерді не үшін және неге пайдаланатынымызды сйкестендірейікші.

Сәйкестендіру тесті:

беті, қолын жуады.

басын жуады.

денесін ысқылайды.
тісін тазалайды.
шашын тарайды.
сүртінеді.

тісін жуады.



Оқушылар мултьфилмьді көреді.

Сұрақтарға жауап береді.

Балалар жаңа тақырыпты тыңдайды, түсіенді, ой түйеді.

Әр оқушы берілген тапсырманың дұрыс жаубын нұсқау арқылы сәйкестендіре-ді.





VI. Жаңа материалдан түсінгендерін зерттеу кезеңі:

10 мин

Оқулықпен жұмыс.

Мәтіннің алдында берілген суретпен және сұрақтармен жұмыс жүргізу.






  • Мәтінді тізбектей оқыту.

  • Әр топқа проблемалық сұрақтарды талдату.

1 – топ:









2- топ:









3-топ:







Дидактикалық ойын:

«Тазалық көмекшілерін жұмбақ арқылы тап»

Шарты: Балалар жасырылған жұмбақтың шешуін табады.

1. Дымқылдап күнде сен

Қолыңа сүйкесең,

Кетіп кір –ласың

Тап –таза боласың

Бұл не?


( сабын)

2. Шомылған баланы

Аймалап алады.

Сипайды қолын да,

Сипайды жонында.

Бұл не?


( сүлгі)

3. Аузы жоқ , көзі жоқ,

Тілі жоқ, сөзі жоқ,

Бірақ та, тісі бар,

Шашыңмен ісі бар.

Бұл не?


(тарақ)

4. Өзі аппақ маржандай,

Тамақ өтпес шайнамай

(тіс)

Сергіту сәті.


Өлеңді мәнерлеп оқиды. Жаттығудан етістіктерді табады.

Оқушылар мәтінді тізбектей оқып шығады.


Әр топ өзіне берілген тапсырманы топпен бірігіп отырып орындайды.

Әр топтың оқушылары берілген тапсырманы тақтаға шығып қорғайды, талдайды.

Оқушылар жұмбақтардың жауабын табады, ізденеді.

Оқушылар орындарынан тұрып, жаттығуды қайталайды, жаттығады.



VII. Бекіту:

2 мин

Дәптермен жұмыс.

Балалар, №2 жұмыс дәптерінің 14 бетіндегі тапсырманы орындайық.

Оқушының жеке басының тазалығы үшін қажетті заттарды айналдыра сыз.

Оқушылар

№2 жұмыс дәптерлеріне тапсырмалар



ды орындайды.


VIII. Үйге тапсырма беру кезеңі:

2 мин

Оқулықтың 94-95 бетін мазмұндау. Тазалық заттарының суретін салу.

Күнделіктерін ашып, үйге берілген тапсырманы жазып алады.

XI. Оқушылардың білімін бағалау кезеңі:

2 мин

Оқушылардың жинаған смаиликтері арқылы бағалау.

Бағалау критериилері:

9-10 ұпай - «5»
7-8 ұпай - «4»
6-5 ұпай - «3»
4-1 ұпай - «2»


Әр оқушы өзінің жинаған смайлик санын айтады.





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет