Сабақтың тақырыбы: Paint графикалық редакторының құралдары. Бүріккіш құралын қолдану. Қылқаламмен сурет салу



Дата17.07.2016
өлшемі27.26 Kb.
түріСабақ
Мерзімі «___» _____________________
Сабақтың тақырыбы: Paint графикалық редакторының құралдары.

Бүріккіш құралын қолдану. Қылқаламмен сурет салу.

Өшіргіш құралын қолдану. Редакторда практикалық жұмыс.

Бағдарламалық – ОЕТС, ОЖ Windows 98.

дидактикалық Оқулық.

қамсыздандыру: Жұмыс дәптер

Сабақтың мақсаты: 1. Графикалық редактормен жұмысқа үйрету.

Қылқаламмен сурет салу дағдысын қалыптастыру.

Бүріккіш құралын қолдану дағдысын қалыптастыру.

Өшіргіш құралын қолдану дағдысын қалыпыптастыру.

2. Оқушылардың қылқалам түрін өзгертуді, бүріккіштің дағының өлшемін өзгертуді, өшіргіштің өлшемін өзгерте білу қабілеттерін дамыту.

3. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.



Сабақтың типі: Практикум

Білім – білікке Оқушылар білуі тиіс

қойылатын талаптар: - редакторда сурет салу техникасын.

Оқушылар үйренуі тиіс:

  • графикалық редакторды іске қосуды;

  • суреттер салуды, редакциялауды;

  • қылқалам түрін өзгертуді ;

  • бүріккіштің дағының өлшемін өзгертуді;

- өшіргіштің өлшемін өзгертуді.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі

II. Үй тапсырмасын тексеру

III. Жаңа сабақты түсіндіру
БҮРІККІШ ҚҰРАЛЫН ПАЙДАЛАНУ
4.2.23-тапсырма. Бояу бүрку әсерін тудыру үшін не істеу керек екенін көрсет.

1. Бүріккіш батырмасын шертіңдер.

2. Түс палитрасында таңдаңдар.

3. Бүріккіш дағының өлшемін таңдаңдар.

4. Бояуды бүркіңдер.
4.2.24-тапсырма. Айту бойынша сурет сал.

Графикалық диктант. Мұғалім оқушының әрекеттерді орындап үлгеруін қадағалауы тиіс. Диктант аяқталғаннан соң, оқушының жұмысы сыныптағы барлық оқушылардың жұмысымен салыстырады да, ішінен ең жақсы сурет таңдалынып алынады.


  1. Кез келген түсті дөңгеленген тікбұрыш түріндегі суреттің жақтауын сал.

  2. Қара түс ҚАРЫНДАШ құралын таңда.

  3. Көкжүйек сызығын жүргіз.

  4. ҚҰЮ құралын таңда.

  5. Жерді ашық жасыл түспен, ал аспанды көгілдір түспен боя.

  6. Ең кішкене радиусты РАСПЫЛИТЕЛЬ.(Бүріккіш) құралын таңда.

  7. Қанық жасыл түсті шыршалардың суретін сал.

  8. Орта радиусты РАСПЫЛИТЕЛЬ құралымен жерде түрлі түсті гүлдер сал

  9. Орта радиусті РАСПЫЛИЛИТЕЬ құрамымен қызғылт сары күннің суретін сал.

  10. Ең үлкен радиусты РАСПЫЛИТЕЛЬ құрамымен сары күн сәулелерінің суретін сал.

  11. Ең үлкен радиусті РАСПЫЛИТЕЛЬ құрамымен аспандағы ақ бұлттардың суретін сал.


ҚЫЛҚАЛАММЕН СУРЕТ САЛУ
4.2.25-тапсырма. Пішіні, түсі мен өлшемі әр түрлі Қылқалам құралын пайдаланып, өлеңге иллюстрация сал.

Бұл шығармалық тапсырма Қылқалам құралын пайдалану дағдысын қалыптастыруға арналған.
ӨШІРГІШ ҚҰРАЛЫН ПАЙДАЛАНУ
4.2.26-тапсырма. Қоңырау сағат.

Сурет салу реті төменде көрсетілген. Өшіргіш құралының көмегімен қандай әрекеттер орындалғанын көрсет.



Ластик (өшіргіш) құралының көмегімен орындалатын әрекеттер компьютерде орындаудың алдында жұмыс дәптерінде көрсетіледі.
IV. Жаңа тақырыпты бекіту

4.2.23-4.2.26 – тапсырмаларды орындау
V. Қорытындылау

1)Үйге тапсырма

Paint графикалық редакторының құралдары.



Бүріккіш құралын қолдану. Қылқаламмен сурет салу. Өшіргіш құралын қолдану.

2)Оқушыларды бағалау
Каталог: files -> lesson
lesson -> Оқулық. қамсыздандыру: Жұмыс дәптері
lesson -> ДӘріс №2 Ақпараттың өлшем бірлігі. Ақпаратты кодтау. Жоспар
lesson -> Оқулық. дидактикалық Жұмыс дәптері. қамсыздандыру
lesson -> ДӘріс №5 windows операциялық ЖҮйесінің негізгі функциялары мен оларды басқару жолдары. Жоспар
lesson -> Стратегический маркетинг
lesson -> Сабақтың мақсаты: «Файлдар», «қапшықтар», «таңбашалар»
lesson -> Сабақтың тақырыбы: Компьютердің сыртқы құрылғылары. Енгізу-шығару құрылғылары. Монитор. Пернетақталық тренажер
lesson -> Сабақтың тақырыбы: Windows 98-дің WordPad қолданбасымен танысу. Бағдарламалық оетс, Windows ож
lesson -> ДӘріс №21 интернет туралы жалпы ұҒЫМ. Жергілікті және ауқымды желілер жоспар
lesson -> Мерзімі сабақтың тақырыбы: Дербес компьютер. Компьютермен танысу. Компьютердің құрылымы. Компьютердің арналуы. Мүмкіндіктерін көрсету. Жүйелік блок. Компьютердің ішкі құрылғылары. Бағдарламалық


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет