Бөлім:
|
Түзулердің өзара орналасуы
|
Педагогтің Аты; Тегі; Әкесінің аты бар болса):
|
|
Пән/Сынып:
|
7 сынып
|
Күні:
|
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Перпендикуляр түзулер. Перпендикуляр, көлбеу және оның проекциясы.ББЖБ№2
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:
|
7.1.2.8
Перпендикуляр, көлбеу және көлбеудің проекциясы ұғымдарын меңгеру;
7.1.2.9
нүктеден түзуге түсірілген перпендикулярдың біреу ғана болуы туралы теореманы дәлелдеу және қолдану;
|
Сабақтың мақсаттары:
|
-перпендикуляр, көлбеу және көлбеудің проекциясы ұғымдарын ажырата білу;
-нүктеден түзуге түсірілген перпендикулярдың біреу ғана болатыны туралы теореманы қолдана білу.
|
Сабақ барысы:
|
Уақыты
|
Кезең дері
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
5 минут
|
Ұйымдастыру
|
Сәлеметсіздерме!
Бүгін, Перпендикуляр түзулер. Перпендикуляр, көлбеу және оның проекциясы тақырыбын қарастырамыз
Бүгінгі сабақта меңгеретініңіз: -перпендикуляр, көлбеу және көлбеудің проекциясы ұғымдарын ажырата білу;
-нүктеден түзуге түсірілген перпендикулярдың біреу ғана болатыны туралы теореманы қолдана білу.
Үйге тапсырмасын тексеру.
Сұрақ - жауап / өткен тақырыптарға шолу/
1. Екі үшбұрыштың үш қабырғасы және үш бұрышы тең, олар тең үшбұрыштар ма?
2.Барлық қабырғасы тең үшбұрыш тең бүйірлі үшбұрыш па?
3.Екі тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрыштары тең, олар тең
үшбұрыштар ма?
4.Бір катеті және бір бұрышы (сүйір бұрышы болмауы да мүмкін) тең тікбұрышты үшбұрыштар, тең үшбұрыштар ма?
5.Катет гипотенузадан үлкен болуы мүмкін бе?
|
Сұрақтарға жауап береді
|
|
Оқу құралдары; оқулық; слайд; бағалау парақтары
|
10 мин
|
Жаңа сабақ
|
Перпендикуляр және көлбеу
Анықтама. АН кесіндісі – А нүктесінен α жазықтығына жүргізілген перпендикуляр деп, ал Н нүктесі перпендикулярдың табаны деп, аталады. МA кесіндісін жүргіземіз. Ол А нүктесінен α жазықтығына жүргізілген көлбеу деп, ал М нүктесі көлбеудің табаны деп аталады. МH кесіндісі көлбеудің α жазықтығына түсірілген проекциясы деп аталады.
Берілген нүктеден жазықтыққа жүргізілген перпендикуляр дәл сол нүктеден осы жазықтыққа жүргізілген кез келген көлбеуден кіші болады. АН < МА.
Үш перпендикуляр туралы теорема:
Жазықтықта көлбеудің табаны арқылы жүргізілген түзу, осы көлбеудің жазықтыққа түсірілген проекциясына перпендикуляр және көлбеудің өзіне де перпендикуляр.
Д әлелдеуі.
Суретті қарайық, мұнда АН кесіндісі a жазықтығына перпендикуляр, МА – көлбеу, а – a жазықтығындағы М нүктесі арқылы МА көлбеуінің проекциясына перпендикуляр түзу: а перпендикуляр МА болатынын дәлелдейік.
АМН жазықтығын қарастырайық. а түзу осы жазықтыққа перпендикуляр, өйткені ол қиылысушы АН пен МН түзулеріне перпендикуляр. Бұдан а түзуі АНМ жазықтығында жататын кез келген түзуге перпендикуляр, оның ішінде а перпендикуляр МА екені шығады. Теорема дәлелденді.
|
Тақырып бойынша ресурстарды қарап, танысады
|
Дескриптор:
-Үшбұрыш теңсіздігін біледі
- Теореманы дәлелдейді
- Сызбасы
|
Интернет ресурстары
|
20
минут
|
Бекіту тапсырмасы
|
|