10 мин
|
Жаңа сабақты бекіту
|
Дәлелдеуі:
Теорема. Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы 180°-қа тең.
Теорема:Үшбұрыштың сыртқы бұрышы онымен сыбайлас емес екі бұрышының қосындысына тең.
|
Тақырып бойынша ресурстарды қарап, танысады
|
Дескриптор:
-Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысын біледі
- Теореманы дәлелдейді
- Сызбасы
|
Интернет ресурстары
|
15
минут
|
Бекіту тапсырмасы
|
Тапсырмалар
І
1. Бұрыштары 1) 45°, 35°, 110° 2) 70°, 60°, 50°
3) 90°, 60°, 45° 4) 55°, 45°, 60°
болатын үшбұрыштар бола ма?
2.Берілген екі бұрыш бойынша үшбұрыштың үшінші бұрышын табыңдар:
30°, 50° 2) 60°, 40° 3) 29°, 30° 4) 81°, 90°
3. Үшбұрыштың сыртқы бұрышының бірі оның ішкі бұрыштарының қосындысының 2/3-не, ал ішкі бұрышының бірі 4/9-не тең. Үшбұрыштың барлық ішкі және сыртқы бұрыштарын табыңдар.
4. Үшбұрыштың бір бұрышы екіншісінен 45° кіші, ал үшіншісінен 15° артық. Үшбұрыштың бұрыштарын табыңдар.
ІІ
1 АВС үшбұрышында ∠А+∠В=110° және∠В+∠С=120°. Үшбұрыштың барлық бұрыштарын табыңдар.
2. Үшбұрыштың бұрыштары шамаларының қатынасы 5:7, ал үшінші бұрышы қалған екі бұрыштың кішісінен 44° артық. Үшбұрыштың үшінші бұрышын табыңдар.
ІІІ
Үшбұрыштың бұрыштарының шамаларының қатынасы 4:2:3. Оның барлық бұрыштарын табыңдар.
Қатесі бар геометриялық диктант
1 Үшбұрыштың үш төбесі, үш қабырғасы, үш бұрышы бар.
2. Сыбайлас бұрыштардың қосындысы 180 градусқа тең .
3. Сыбайлас бұрыштар өзара тең болады.
4. Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы 180 градусқа тең .
5. Үшбұрышта екі тік бұрыш болады.
6. Тең қабырғалы үшбұрыштың бұрыштары тең болады.
7. Үшбұрышта екі доғал бұрыш болады
8. Үшбұрышта бір бұрышы тік, екінші бұрыш доғал болады
9. Үшбұрыштың сыртқы бұрышы онымен сыбайлас емес екі бұрышының қосындысына тең болады.
10. Үшбұрышта бір бұрышы 100 , екінші бұрыш – 120 болады
Оқулықпен жұмыс. №3.17
|
Берілген тапсырмаларды орындайды.
Білім алушы берілген дескрипторға сәйкес тапсырмаларды орындайды.
Оқулықтан тақырыпқа қатысты есептерді шығарады.
|
Дескриптор:
- есептерді шығарып
-жауабын жазады
4-балл
Бағалау:
Әрбір дұрыс жауапка 1 балл қойылады
Дескриптор:
-суракка жауап береді
Сонымен қатар, өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Слайд
Жалпы білім беретін мектептің 7–сыныбына арналған оқулық.
Оқулық авторлары: Ә.Н.Шыныбеков, Д.Ә.Шыныбеков
Алматы «Атамұра» баспасы 2017 жыл
|