2) «Білгенге маржан» (жаңа тақырыпты электрондық оқулық арқылы түсіндіру)
Мақсаты:Пирамида, қиық пирамида, дұрыс көпжақтар туралы білім, білік, дағдыларын жетілдіру, математикалық сауаттылығын арттыру.
Шарты:Оқытушы жаңа тақырыпты түсіндіреді, студенттер мұқият зейін қойып жаңа тақырыпты меңгеруі тиіс.
Жаңа тақырыпты түсіндіру Пирамида Көпжақтардың ерекше қызықты түрінің бірі — пирамида. Пирамида тақырыбын қозғағанда Мысыр пирамидаларын атамай кету мүмкін емес. Олар тек математиктерді ғана емес, сонымен қатар физиктерді, тарихшыларды, т.б. қызықтырып келеді.
Пирамида деп бір жағы кез келген көпбұрыш, ал қалған жақтары төбелері ортақ үшбұрыштардан тұратын көпжақты атайды. Пирамидаларды дөңес және дөңес емес деп бөлеміз.
Пирамиданың биіктігі дегеніміз — оның төбесінен табан жазықтығына түсірілген перпендикуляр немесе осы перпендикулярдың ұзындығы.
Егер пирамида табаны дұрыс көпбұрыш болып, төбесінің проекциясы табанының центріне дәл түссе, онда ол дұрыс пирамида деп аталады.
Дұрыс пирамиданың бүйір жағының пирамида төбесінен түсірілген биіктігі пирамиданың апофемасы деп аталады.
Дұрыс пирамиданың:
Пирамиданың бүйір бетінің ауданы депоның барлық бүйір жақтарының аудандарының қосындысын айтады.
Пирамиданың бүйір бетінің ауданы оның табаны периметрінің жартысын пирамиданың апофемасына көбейткенге тең:
Толық бетінің ауданы оның барлық жақтарының аудандарының қосындысына тең. ST6= S66+Smа6