Қиық пирамида
Пирамиданың табаны мен табан жазықтығына параллель қима жазықтық арасындагы бөлігі қиық пирамида деп аталады.
Қиық пирамиданың төменгі және жоғарғы екі табаны бар.
Қиық пирамиданың бүйір жақтары — трапециялар, ал оның бүйір кырлары — осы трапециялардың бүйір қабырғалары.
Бір табанының кез келген нүктесінен екінші табан жазықтыгына түсірілген перпендикуляр қиық пирамиданың биіктігідеп аталады.
Дұрыс пирамидадан алынған қиық пирамиданы дұрыс қиық пирамидадейді.
Бүйір жағының биіктігі дұрыс қиықпирамиданың апофемасыдеп аталады.
Дұрыс қиық пирамиданың:
бүйір жақтары тең
бүйір қырлары тең
апофемалары тең
әрбір табан қабырғасындагы екіжақты бұрыштары тең
бүйір қырларындагы екіжақты бұрыштары тең.
Қиық пирамиданың бүйір бетінің ауданы депоның барлық бүйір жақтарының аудандарының қосындысын айтады.
Қиық пирамиданың бүйір бетінің ауданы оның табандарының периметрлерінің қосындысының жартысы мен апофемасына көбейткенге тең:
Sб6= 1/2 (P1 + P2 )к
Толық бетінің ауданы оның барлық жақтарының аудандарының қосындысына тең.
ST6= S66+Smа61+Smа62
Дұрыскөпжақтар
Көпжақтардыңішіндедұрыскөпжақтардыңтарихтаалатынорныерекше. Олардыңжақтары — өзаратеңдұрыскөпбұрыштар. Ежелгізаманматематиктерібұлкөпжақтарды зерттеп-үйренугекөпкөңілбөлген. Дұрыскөпжақтардыңсаныбарболғаны — бесеу-ақ. БұлкөпжақтардыежелгіұлыгрекойшылыПлатон (б.з.д. 427—347 жж.) көрсеткен.
Көпжақтардыңатауларыдаежелгігрексөздеріменбайланысты, оларжақтарсанынбілдіріптүр. "Эдра" — "жақ" дегенұғымдыбереді."Тетра" -төрт, "Гекса"-алты; "Окта"-сегіз; "Икоса" — жиырма; "Додека" — онекі.
3) «Сана аллеясы»
Мақсаты: жаңа тақырып бойынша студенттердің алған білім, іскерлік, дағдыларын дамыту.
Шарты: Оқытушы студенттерге математикалық фигураларды ұсына отырып, сұрақ қояды, ал студенттер шапшаң жауап беруі тиіс, дұрыс жауаптар фишкалармен бағаланады. Егер қате болған жағдайда, топ студенттері қатесін жөндеп көмектесуге болады.
4)«Пирамида тарихын білеміз бе?» (бейнебаян)
Мақсаты:тақырыпты өмірмен, тарихпен байланыстыру.
Шарты:бүгінгі тақырыпқа қатысты пирамида тарихынан студенттерге сұрақтар қою, сонымен қатар бейнебаян көрсету арқылы студенттердің білімін жетілдіру.
5) «Сиқырлы сандықша»
Мақсаты: студенттердің білім, іскерлік дағдыларын дамыту.
Шарты:Оқытушы үлестірме материалдарын дайындайды: 3-ші деңгей күрделі есептер (көк жетондармен бағаланады); 2-ші деңгей – орташа есептер (жасыл жетондармен бағаланады); 1-деңгей - жеңіл есептер (қызыл жетондармен бағаланады).
“Сиқырлы сандықшадағы” тапсырмаларды таңдап, студенттер топ болып тапсырманы дәптерге орындайды да, жүйеге сәйкес тиісті бағасын алады. Ойын тақырып бойынша студенттердің алған білімдерін айқындауға, оны пысықтауға мүмкіндік береді.
1-нұсқа
1)Дұрыс үшбұрышты қиық пирамида табанының қабырғалары 4 дм-ге және 2 дм-ге тең, ал бүйір қыры 2 дм –ге тең.Пирамиданың биіктігін және апофемасын табыңдар.
2)Пирамиданың табаны диагоналі 10 см-ге тең тіктөртбұрыш.
Пирамиданың әрбір бүйір қыры 13 см.Пирамиданың биіктігін табыңдар.
3)Табаң қабырғалары 10 см және 4 см, ал апофемасы 5 см – ге тең дұрыс үшбұрышты қиық пирамиданың бүйір беті мен толық бетінің ауданын табыңдар.
2-нұсқа
1)Төртбұрышты дұрыс пирамиданың биіктігі 7см-ге тең,ал табан қабырғасы 8см.Бүйір қырын табыңдар.
2)Табаң қабырғалары 7 см және 5 см, ал апофемасы 2 см – ге тең дұрыс қиық пирамиданың бүйір беті мен толық бетінің ауданын табыңдар.
3)Дұрыс үшбұрышты пирамиданың бүйір бетінің ауданы 96 см2 - қа тең, ал толық бетінің ауданы 112 см2. Пирамиданың табанының қабырғалары мен биіктігін табыңдар.
3-нұсқа
1)Табаң қабырғалары 10 см және 2 см, апофемасы 3 см – ге тең дұрыс төртбұрышты қиық пирамиданың бүйір беті мен толық бетінің ауданын табыңдар.
2)Пирамида табаны – квадрат, оның биіктігі табының диагоналдарының қиылысуына түседі. Егер табан қабырғасы 20 дм, ал бүйір қыры 21 дм болса, пирамиданың бүйір бетінің ауданың табыңыз.
3)Пирамиданың табан қабырғалары 12 және 10см болатын тіктөртбұрыш.Ұзындығы 8см-ге тең биіктігінің табаны - тіктөрбұрыштың диогональдарының қиылысу нүктесі.1)Пирамиданың бүйір бетінің ауданы; 2)Пирамиданың толық бетінің ауданын табыңдар.
6.«Кім зерек?»
Мақсаты: Жаңа тақырыпты «Кім зерек» ойыны арқылы пысықтау. Бұл ойын студенттердің білімін анықтауға мүмкіндік береді және ойлау, есте сақтау қабілетін дамытады, тапқырлыққа, шапшаңдыққа дағдыландырады.
Шарты: Мұнда 3 студенттер орнында отырып математикалық фигуралармен тапсырманы орындайды, нәтижесін тақтаға келіп баяндайды.
7) Кері байланыс
Қорытынды.
1)Үйге тапсырма
а)§ 6,7,8Тақырыпқа қатысты ережелерді жаттау.
б)№ 6,11 Есеп шығару.
в) Тақырыпқа қатысты математикалық терминдерге ребус, сөзжұмбақ құрастырып келу.
г)Фигуралардың моделін жасап әкелу.
2)Бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |