Эукариоттарға барлық жоғары сатыдағы жануарлар мен өсімдіктер, сондай-ақ бір немесе көп жасушалы балдырлар, саңырауқұлақтар және қарапайымдар жатады. Эукариот жасушасы ішкі мембраналармен жеке бөліктерге бөлінеді. Жасуша ядросы, митохондрия, пластидтер цитоплазмадан екі қабат мембрана арқылы шектеледі. Ядрода жасушаның генетикалық материалы (ДНҚ, онымен байланысқан заттар) шоғырланады.
Прокариоттарға микроорганизмдер мен көк-жасыл балдырлар жатады. Прокариоттардың эукариоттардан айырмашылығы — олардың айқындалған органоидтері, яғни эндоплазмалық торы, Гольджи жиынтығы, митохондриялары, мембранамен қоршалған ядросы мен хромосомалары болмайды. Прокариот ДНҚ-сын сақина тәріздес болып жасушада шашыраңқы жатады.
Бейне баянға назар аударайық.
Кестеден өсімдік пен жануар жасушасының айырмашылығы көруге болады.
|
Өсімідік жасушасы
|
Жануар жасушасы
|
Қоректену типі
|
автотрофты
|
гетеротрофты
|
Хлорофилл хлоропластар
|
бар
|
жоқ
|
Жасушалық қабырға
|
бар,ірі
|
жоқ
|
Вакуольдер
|
бар
|
барлық кезде бола бермейді,ұсақ (жиырылғыш вакуоль)
|
Жасуша орталығы
|
ашық және жабық
тұқымдыларда жоқ
|
бар
|
Көмірсу қоры
Минералды тұздар
|
крахмал
кристалл түрінде қорға жиналады
|
гликоген
еріген күйіне
|
Жасушаның тіршілігін сақтау үшін қажетті үрдістер мен қасиеттерді жүзеге асыруды қамтамасыз ететін және жасушада белгілі бір қызметтерді атқаратын оның тұрақты компоненттері органоидтар деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |