Сабақтың тақырыбы: Пушкин «Балықшы мен балық»



Дата17.06.2016
өлшемі60.86 Kb.
#142194
түріСабақ
Губайдуллина Бағдагүл Бақтығалиқызы

Атырау қаласындағы №31мектеп-гимназияның

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Әдебиет 5-сынып

Сабақтың тақырыбы: Пушкин «Балықшы мен балық» әдеби ертегісі

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға А.Байтұрсыновтың аудармасы Пушкиннің әңгімесі «Балықшы мен балық» ертегісінің мазмұнымен таныстырып, идеялық-тақырыптық мәнін ашып талдау; қанағатсыз, парықсыз балықшы кемпірінің шалына, алтын балыққа жасаған астамшылығын, қиянатын,өрескелдігін дәлелдей отырып, қомағайлықтан тартқан сазайын сипаттау арқылы оқушыларды осы қасиеттерден жирендіру;
Сабақтың міндеттері:

1.Оқушылар бірлесе ынтымақпен жұмыс атқарып, мәтіннің мазмұнын меңгереді, біріге қорытынды жасайды.

2.Шығарманы ұғынып оқыпақсы мен жаманды ажырата білуге, әр нәрсенің қанағаты болатынын ұқтыру, адамгершілікке тәрбиелеу.

3.Өзгелердің пікірін тыңдай отырып, шығармашылықпен жұмыстанады,тіл байлығын арттырады. Оқушылардың сыни көзқарасын қалыптастырып, өзіндік пікірін дәлелдей алу бағытында түрлі іскерлік тапсырмалар орындату; шығармашылық қабілеттерін дамыту



Сабақтың нақылы:Қанағат қарын тойғызар...

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгертуде іскерлік пен дағдыны қалыптастыру.

Қолданылатын стратегиялар: СТО стратегиялары: Ойлану баспалдағы, РАФТ, Автор орындығы,Т кестесі

Қолданылатын көрнекіліктер: А.Байтұрсыновтың және И.А.Крыловтың мысалдар жинағы мен портреті, «Қырық мысал» кітабы, шығармалары.

бетшелер, интерактивті тақта.

Бағалау: мұғалімнің жеке бақылауы бойынша бағалау.

Сабақтың жүрісі:

І. Қызығушылықты ояту.

«Ойлану баспалдағы» стратегиясы бойынша

Күтілетін нәтиже: Үй тапсырмасын тексеру, өткенді қорытындылау;

2. Мағынаны тану. Аудармашы Ахмет Байтұрсынов туралы мағлұмат беру;

Ахмет Байтұрсынов -балаларды оқу-білімге шақырып, көп жылдар бойы ұстаздық қызмет атқарған ағартушы-педагог, қазақ тіл білімінің іргетасын қалаушы, сөз құдіретін танытқан ақын, публицист, туған халқының рухани дүниесін көтеруге көп күш жұмсаған мәдениет қайраткері, өз еліне адал қызмет атқарған қоғам қайраткері.И. А. Крылов туындыларын аударып, “Қырық мысал” деген атпен 1909 жылы Петербургте бастырып шығарды.Мысал өлеңдері: “Қайырымды түлкі”      “Ала қойлар”         “Үлес”              “Қартайған арыстан”  “Өгіз бен бақа”  “Қайыршы мен қыдыр” “Көк есектерге” “Ат пен есек” “Туысыма”                “Досыма хат”         “Қазақ қалпы”             “Қазақ салты”          



Авторлары

Аудармалары

Пушкин


«Балықшы мен балық»,

«Данышпан Аликтің ажалы», «Ат», «Алтын әтеш»,



Араб тілінен

«Нәбік аты»

Вальтер

«Алтын әтеш»

Надсон

«Шайылған көз жасымен»

Крылов

«Аққу, шортан һәм шаян»,«Егіннің бастары,

«Өгіз бен бақа»


















2.1.  Жаңа сабақ. Шығарманың мәні мен мақсатын ұғындыру. Әдеби ертегі туралы түсінік беру.Әдеби ертегі – халық аңызының негізінде туған, авторы белгілі шығарма.

«Балықшы мен балық» видеожазылым арқылы көрсетілді;

мультимедиялық слайдтар арқылы түсіндірілді;



Күтілетін нәтиже: А.Байтұрсыновтың аудармасы Пушкиннің әңгімесі «Балықшы мен балық» ертегісінің мазмұнымен таныстыру;

2.2.Мәтінмен танысу, мағыналық құрылымдық талдау.

(А.Байтұрсынов үлгісімен)


Бастамасы

Балықшының қарапайым тұрмыс кешуі

Ұсынбасы

Балықшы шалдың торға түскен алтын балықты босатуы

Мазмұндамасы

Парықсыз кемпірдің алтын балыққа тойымсыз қолқасының орындалуы

Қыздырмасы

Су патшасы болуды аңсауы

Қорытпасы

Баяғы қалпындағы астау үйге оралуы

2.3.Кейіпкер әрекеттерін талдау



Күтілетін нәтиже: Оқушылардың сыни көзқарасын қалыптастырып, өзіндік пікірін дәлелдеу бағытында шығарма кейіпкерлерінің іс-әрекеттеріне қарай өзіндік талдау жасау

Т кестесі бойынша






Кемпір

Шал

Келісу

себептерім

Жақсы тұрмыс сүруді қалайды.

Алтын балықты босатты.

Келіспеу себептерім

Қанағатсыз, өте парықсыз, байығасын шалын да танымайды.

Бір жақсылығы үшін қайта-қайта балыққа қолқа сала берді, өз кемпірінің қателіктеріне қарсы келмейді.

2.4.РАФТ стратегиясы бойынша жұмыс



Күтілетін нәтиже: қанағатсыз, парықсыз балықшы кемпірінің шалына, алтын балыққа жасаған астамшылығын, қиянатын,өрескелдігін дәлелдей отырып, қомағайлықтан тартқан сазайын сипаттау бағытында өзіндік ой -толғаныс жазу.
Тапсырманың үлгісі:

РОЛЬ

АУДИТОРИЯ

ФОРМА

ТАҚЫРЫП

Шал

Кемпірге

хат


түсінбеушілік

түсінушілік



Оқушы жұмысы: Амансың ба, кемпір? Мен саған осы реніш хатымды жаза отырып, сенің қателіктеріңді айтқым келеді.Отыз жылдан бері балық аулап келе жатырған менің торыма алтын балық ілігіп,басым бір пәлеге қалды емес пе? Қартайғанда күнәҺар болмайыншы деп, оны босатып жібергенімді де саған бекерге айтқанмын. Бір сенің бірнеше тапсырмаңды орындатамын деп мен алтын балыққа қанша бардым...Қазір ойласам, тіпті ұят!Ал сен алтын балықтың бар жақсылығын қанағат тұтпай, астамшылық жасадың. «Көп асқанға-бір тосқын»-деген сөз тегін айтылмаған ғой.Сол астауда тыныш өмір сүрсек болғаны да... Сәлеммен Балықшы шалың.

3.Ой-толғаныс

Сабақ автор орындығы бойынша қорытындыланды. Автор орындығына осы сабақтағы білім дағдыларын толық меңгерген оқушы ғана отыра алады.Бұл әдістің тиімділігі:

1.Сабақта өтілген материалдар қорытындыланады.

2.Сұрақ-жауаптар арқылы білім бекітіледі.

3.Оқушылар мазмұнды сұрақ қоюға дағдыланады.



4. Автор орындығына отыруға тырысады.

Соңғы сөзді маған қалдыр

1.Әркім қолда барын ұсынады.
2.Ер азығы - қанағат.
3.Қанағат қарын тойғызар,
Қанағатсыз жалғыз атын сойғызар(Майқы би).
4.Қанағатсыздың көзі үлкен,
Ақылсыздың сөзі үлкен.
5.Қанағатсыз жан пілге оқталған жалын.
6.Тойсаң тоба қыл.
7.Тойсаң тобаңнан жаңылма.
8.Тоқал ешкі мүйіз сұраймын деп,құлағынан айырылыпты.
9.Тізеден суға белден тоба.
10.Ынсап сайын береке.
11.Тегін келген аттың тісіне қарама.


Мұғалім қорытындысы.

4. Бағалау (мұғалімнің қалауынша)

5.Үй тапсырмасын беру.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет