Бүгінгі сабақта: Рационал сандарды көбейтудің ауыстырымдылық, терімділік, үлестірімділік қасиеттерін есептер шығаруда тиімді қолдана білді.
Рефлексия Бас бармақ» әдісі арқылы тақырыпты қорытындылау.
Басбармақ жоғарыға қарай = Мен түсінемін.
Басбармақ көлденең = Мен түсінгендеймін.
Басбармақ төмен қарай = Мен түсінбедім.
Үйге тапсырма. №500/4,5,6/, №502.
Рационал сандарды бөлу үшін, таңбаны айыра білу Рационал сандарды бөлу туралы білу;
Рационал сандарды бөлуді түсну;
Рационал сандарды бөлуге байланысты есептер шығару;
Сабақ барысы:
Уақыты
Кезең дері
Педагогтің әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
5 минут
Ұйым
дастыру
Сәлеметсіздерме!
Бүгін, Рационал сандарды бөлу тақырыбын қарастырамыз
Бүгінгі сабақта меңгеретініңіз: - Рационал сандарды бөлу үшін, таңбаны айыра біледі
-Рационал сандарды бөлу туралы білетін болады;
-Рационал сандарды бөлуді түсінеді;
-Рационал сандарды бөлуге байланысты есептер шығарады;
Жауабы: Рационал сандарды бөлу
Бүгінгі сабағымыздың мақсаты қандай?
Бағалау критеиилері бойынша тапсырмаларды орындаймыз - рационал сандарды бөлу ережелерін тұжырымдайды;
-рационал сандарды бөлуді ауызша айқындайды;
- рационал сандарды бөлуді орындайды
Рационал сандарды бөлу амалы – рационал сандарды көбейтуге кері амал.
1- мысал. Өзен суының деңгейі 3 күнде -45 см-ге өзгерді. Өзен суының деңгейі орта есеппен 1 күнде неше сантиметрге өзгерді?
Шешуі: Өзен суы деңгейінің 3 күндегі өзгерісі см. Өзен суы деңгейінің 1 күндегі өзгерісі см. Демек, Нәтиженің дұрыстығын көбейту амалымен тексереміз:
Өзен суының деңгейі орта есеппен 1 күнде 15 см-ге төмен түсті.
Бұл жерде қандай ереже қорытып шығаруға болады?
Бөлінгіш пен бөлгіштің таңбалары әртүрлі болса, бөлінді теріс сан болады. немесе
4-мысал.
Бөлінгіш пен бөлгіштің таңбалары бірдей болса, бөлінді оң сан болады. ,
Таңбалары бірдей сандардың бөліндісі – модулі бөлінгіштің модулін бөлгіштің модуліне бөлгендегі бөліндіге тең оң сан.
Бөліндіні тапқанда алдымен оның таңбасын анықтап алып, содан соң модульдерінің бөліндісін табады.
Нөл санын кез келген нөлден өзге рационал санға бөлгендегі бөлінді нөлге тең.