Сабақтың тақырыбы: Реактивті қозғалыс. Сабақтың мақсаты



жүктеу 26.07 Kb.
Дата08.07.2016
өлшемі26.07 Kb.
Жумагалиева Эльмира Руслановна

Физика пәні мұғалімі

Қ. Сәтбаев атындағы №19 орта мектеп

Атырау қаласы

Сабақтың тақырыбы: Реактивті қозғалыс.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік мақсаты: Оқушы білімін, іскерлігін, дағды деңгейін бақылау, бағалау. Реактивті қозғалысымен таныстырып солар жайлы түсінік қалыптастыру.

  2. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.

  3. Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.

Сабақтың түрі:жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Әңгіме, лекция, дискуссия, кітаппен жұмыс.

Сабақтың көрнекіліктері: интерактивті тақта ,құрал жабдықтар, суреттер,

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

1. Сәлемдесу;

2. Оқушыларды түгендеу;

Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.

А) теориялық білімдерін тексеру.

Ә) практикалық тапсырмаларын тексеру.

Б) есептерін тексеру.



Білімді жан-жақты тексеру.

Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, мақсат қою.

Бүгінгі негізгі мақсатымыз оқулық бойынша реактивті қозғалыспен танысамыз.



  1. Дене импульсі дегеніміз не?

  2. Күш импульсі дегеніміз не?

  3. Дене импульсінің өзгеруі қандай шамаға тәуелді?

  4. Күш импульсі мен дене импульсінің арасында қандай байланыс бар?

  5. Тұйық жүйе деп қандай жүйені айтамыз?

  6. Импульстің сақталу заңын тұжырымдаңдар.

Жаңа материалды меңгерту:
Зымыранның ұшуынның видеосын көрсету
1. Импульстің сақталу заңының техникада табысты қолданылуының бір мысалы реактивті қозғалыс.

2. Техникадағы және табиғаттағы реактивті қозғалыстың мысалдары.

3. Ғарышты зерттеудегі жетістіктер.

4. Көпсатылы зымырандар.

5. Реактивті қозғалыс жылдамдығы.

Оқытылып отырған оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру.

Тәжірибелер әлемі

1 топ Шардың ұшуы

2 топ Сұйықтың ағуы

3 топ Ыдыстың қозғалысы
Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу. 18-жаттығу 1,2

.


  1. 2 м/с жылдамдықпен қозғалып келе жатқан массасы 5 кг дененің импульсін анықтаңдар.

2. Горизонталь бетте 5 м/с жылдамдықпен массасы 3 кг дөңгелек сырғанамай домалап келеді. Оның импульсін табыңдар.

3. Массасы 160 г хоккей шайбасының импульсі массасы 8 г , 600 м/с жылдамдықпен ұшатын оқтың импульсіне тең болуы үшін шайба қандай жылдамдықпен ұшуы қажет.


Үй тапсырмасын беру: §21 18-жаттығу (3)
Бағалау

19 Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп



Ашық сабақ

«Реактивті қозғалыс»
Пән мұғалімі: Жұмағалиева Эльмира


Атырау қаласы


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет