Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
ҚБ: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.
|
1-тапсырма. Жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы түсіндіреміз.
|
Айтылым.
Қосымша дереккөздерді пайдаланып, шағын хабарлама дайындайды.
Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың айтылым дағдысы қалыптасады.
|
Дескриптор: Жалпы – 4 балл.
- Қосымша дереккөздерді пайдаланып, шағын хабарлама дайындайды.
|
Оқулық, жұмыс дәптерлері.
|
|
2-тапсырма. «Қажымұқан» повесінің кейіпкері – белгілі қазақ палуаны Қажымұқан Мұңайтпасовтың өмірі мен ерлік істері туралы зерттеу жүргізіңдер.
|
Жазылым.
Эссе жазады және сұрақтарға жауап жазады.
Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың жазылым дағдысы қалыптасады.
|
Дескриптор: Жалпы – 3 балл.
- Эссе жазады
-Сұраққа жауап береді.
|
Оқулық, жұмыс дәптерлері.
|
|
4-тапсырма.
«Қар күреген бала» және «Жаяу сүйреген шана» бөлімдерін түсіндіреміз.
|
Айтылым.
Топқа бөлініп, әр оқушы сюжеті бойынша жазушы көтерген негізгі идеяны анықтайды өз пікірін білдіреді.
|
|