1. «Миға шабуыл» әдісі. Диалогтық саралау.
Өткен материалды қайталау.
Қандай өрнек алгебралық өрнек деп аталады?
Қандай алгебралық өрнектер алгебралық қосынды деп аталады?
Қандайөрнектер теңбе – тең өрнектер депаталады?
Қосудыңауыстырымдылық жәнетерімділікқасиетінпайдаланып,
алгебралық өрнектер қалай ықшамдалады?
Көбейтудіңауыстырымдылықжәнетерімділікқасиетін пайдаланып, алгебралық өрнектер қалай ықшамдалады?
Таңбалар ережесі +(+)=…; +(-)=… ; -(+)=… ; -(-)=…
|
Үй тапсырмасы.
Қалыптастырушы бағалау.. Интербелсенді тақтада есептің жауаптары көрсетіледі.
«Бас бармақ» әдісі бойынша бір-бірін бағалайды.
|
10 мин
|
Жаңа сабақты бекіту.
|
Жаңа сабақ.
Санды өрнектегі амалдардың орындалу реті қандай?
18:6:3 = 1 (15 + 5):4 = 5 300-200+150 = 250
Мұғалім: Нәтижесі неге тең? Сонда қандай теңдік шығады?
Олай болса, бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы «Санды теңдіктер және олардың қасиеттері».
Жаңа сабақ. Санды теңдіктермен сіздер 5-ші сыныпта өттіңіздер, анықтамасын еске түсірейік.
Өзара тең екі санды өрнектің теңдік «=» белгісімен жазылуы санды теңдік деп аталады. Мысалы, санды теңдіктер:5 = 5, 36 ÷ 3 + 4 = 16.
Тура теңдіктің қасиеттерін қарастыу керек.
1. Егер a = b және b = c болса, онда a = c.
2.Тура санды теңдіктің екі жақ бөлігіне де бірдей санды қосқанда тура санды теңдік шығады. Егер a = b болса, онда a + c = b + c, мұндағы c – кез келген рационал сан.
3.Тура санды теңдіктің екі жақ бөлігін де нөлден өзге бірдей санға көбейткенде немесе бөлгенде тура санды теңдік шығады. Егер a = b және c ≠ 0 болса, онда ac = bc; a : c = b : c.
4.Екі тура санды теңдікті мүшелеп қосқанда тура санды теңдік шығады. Егер a = b және c = d болса, онда a + c = b + d.
5. Екі тура санды теңдікті мүшелеп көбейткенде тура санды теңдік шығады. Егер a = b және c = d болса, онда ac = bd.
Мысалы, 0,2 – 2,2 = –2 және 3,4 = 2 + 1,4 тура теңдіктерін мүшелеп көбейту керек:
(0,2 – 2,2) ∙ 3,4 = –2 ∙ (2 + 1,4), –6,8 = –6,8.
|
Тақырып бойынша ресурстарды қарап, танысады.
Тақырып бойынша ресурстарды қарап, танысады
«Санды теңдіктер және олардың қасиеттері» бойынша материалдарды оқып танысады, бір-біріне сұрақ алмасу арқылы бүгінгі сабақты түсінеді.
|
|