Сабақтың тақырыбы: Санды теңдіктер. Тура санды теңдіктердің қасиеттері


Өзара тең екі санды өрнектің теңдік «=» белгісімен жазылуы



бет2/4
Дата02.04.2024
өлшемі4.01 Mb.
#497335
түріСабақ
1   2   3   4
Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу

Өзара тең екі санды өрнектің теңдік «=» белгісімен жазылуы санды теңдік деп аталады.
Мысалы, санды теңдіктер: 5 = 5, 36 ÷ 3 + 4 = 16.
Тура теңдіктің қасиеттерін қарастыу керек.

  1. 1. Егер a = b және b = c болса, онда a = c.

  2. 2.Тура санды теңдіктің екі жақ бөлігіне де бірдей санды қосқанда тура санды теңдік шығады. Егер a = b болса, онда a + c = b + c, мұндағы c – кез келген рационал сан.

  3. 3.Тура санды теңдіктің екі жақ бөлігін де нөлден өзге бірдей санға көбейткенде немесе бөлгенде тура санды теңдік шығады. Егер a = b және c ≠ 0 болса, онда ac = bca : c = b : c.

  4. 4.Екі тура санды теңдікті мүшелеп қосқанда тура санды теңдік шығады. Егер a = b және c = d болса, онда a + c = b + d.

  5. 5. Екі тура санды теңдікті мүшелеп көбейткенде тура санды теңдік шығады. Егер a = b және c = d болса, онда ac = bd.

Мысалы, 0,2 – 2,2 = –2 және 3,4 = 2 + 1,4 тура теңдіктерін мүшелеп көбейту керек:
(0,2 – 2,2) ∙ 3,4 = –2 ∙ (2 + 1,4),
–6,8 = –6,8.

Тақырып бойынша ресурстарды қарап, танысады
№1. Мысалы, 36 = 12 ∙ 3 және 12 ∙ 3 = 9 ∙ 4 болса, онда 36 = 9 ∙ 4. №2. Мысалы: 3 + 4 = 7, 3 + (–2) + 4 = 7 + (–2), 5 = 5.

№3. Мысалы: –12 + 22 = 10, (–12 + 22) ∙ (–3) = 10 ∙ (–3), –30 = –30.


№4. Мысалы, 0,2 – 2,2 = –2 және 3,4 = 2 + 1,4 тура теңдіктерін мүшелеп қосу керек:
0,2 – 2,2 + 3,4 = –2 + 2 + 1,4,
1,4 = 1,4.

Мысалдарды жазып, шығарады.











Жалпы білім беретін мектептің 6–сыныбына арналған оқулық.
Оқулық авторлары: Т.А.Алдамұратова, Қ.С.Байшоланова, Е.С.Байшоланов Алматы «Атамұра» баспасы 2018 ж
Интернет ресурстары

25
минут


Бекіту тапсырмасы



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет