Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
ҚБ: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.
|
№7-тапсырма.
Ақын А. Өтегеновтің өлеңін осы бөлімде оқып, тыңдаған мәтіндерден алған ақпараттарды қолдана отырып, жалғастырып көр.
|
Не қиындық болса дағы шыдайды ұл,
Өзіңді-өзің төзімге сап сынай біл.
Туған жердің жарып шыққан құрсағын,
Мұнай – дәулет,
Мұнай – сәулет,
Мұнай – жыр …
|
Дескриптор: Жалпы -3 балл.
- Ақын А. Өтегеновтің өлеңін осы бөлімде оқып, тыңдаған мәтіндерден алған ақпараттарды қолдып, жалғастырады.
|
Оқулық
Жұмыс дәптерлері
|
|
№8-тапсырма.
Төмендегі мәліметті оқып, өздерің де қосымша дереккөздерді қарап шығып, «Мұнайдан не жасалады?» тақырыбында пікір алмасыңдар.
|
Оқылым-айтылым:
Бүгінгі жастар түрлі жоғары технологиялы гаджеттерді армандайды. Мысалы, имек экранды смартфон немесе 3D-принтер. Аталған құралдарды жасау үшін де мұнай қажет екен. Біз қолданып жүрген смартфондарды құрастыратын заттардың 40 пайызы мұнайдан жасалады. Сонымен қатар мамандар әр компьютерді жасау үшін 11 литр мұнай жұмсалатынын айтуда.
|
Дескриптор: Жалпы -4 балл
- берілген мәліметті оқиды.
- тақырып бойынша пікір алмасады.
|
Оқулық
Жұмыс дәптерлері
|
|
№10-тапсырма:
«Экология: ядролық және мұнай өндірістері» тақырыбы бойынша төмендегі сөйлемдерді толықтырыңдар.
|
1) Мені … таңғалдырды.
2) Мен үшін … қиын болды.
3) Маған … ұнады.
4) Мен алдағы уақытта …
|
|