Сабақтыњ тақырыбы: Серпінділік күші. Сабақтыњ мақсаты: Денелер өзара әсерлескенде пайда болатын күш туралы мағұлмат беру



Дата23.06.2016
өлшемі22.73 Kb.
#155040
түріСабақ
Қиынбай Айдынгүл

ОҚО, Түркістан қаласы, Аманкелді жалпы орта мектебінің Физика пәнінің мұғалімі.
Физика. 9 сынып.
Сабақтыњ тақырыбы: Серпінділік күші.

Сабақтыњ мақсаты: Денелер өзара әсерлескенде пайда болатын күш туралы мағұлмат беру.

Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Білімнің практикалық бағытын игерту, оны жете ұғынуа талпындыру.

Сабақтың түрі: Жаттықтыру сабағы.

Сабақтың өту әдісі: Практикалық, теориялық білімін практикада пайдалану.

Көрнекі құралдар: демонстрация, суреттер, плакаттар, есептер.

Жаңа сабақ.

А) ұйымдастыру.

Б) үйге берілген тапсырманы сұрақ-жауап арқылы сұрау.

В) Жаңа сабақты түсіндіру.


Денеде үдеу пайда болу себебі - күш екенін, күш денелер бір-бірімен өзара әсерлескенде пайда болады. Мысалы, денені қолмен итерсек немесе тартып қалсақ, желкенді жел кеулегенде кеме үдеу алады, садақтың адырнасын тартып қалып, жіберсек, жебесіне үдеу береміз. Осы жағдайдың бәрінде қандай да болса, күштер әсер етеді және олар мүлде түрліше болып көрінеді. Ал, басқа күштерді де атауға болады ғой, мысалы электр және магнит күштері, жер сілкіну т.б.

Табиғатта күштер көп пе? Денелердің механикалық қозғалысын қарастырғанда біз күштің үш түрімен ғана айналысамыз; серпінділік, үйкеліс, ауырлық. Егер денені созсақ, атомдар арасындағы қашықтық артып, тартылу күші әсер ете бастайды. Ол күш атомдарға үдеу береді, сөйтіп олар қайтадан жақындап, бұрынғы орнына келуге әрекет жасайды. Керісінше денені сығып, атомдарды жақындатсақ, онда тебу күші пайда болады.

Сонымен, денені созғанда, сыққанда бастапқы өлшемдерін қалпына келтіретін күш пайда болады. Ол күш серпімділік күші. Созылу, сызылу, иілу, бұралу дененің деформациясы деп аталады. Серпінділік күші – дене деформацияланғанда пайда болатын және дененің ығысу бағытына қарама-қарсы бағытталған күш. Дене созылғанда немесе сығылғанда пайда болатын серпімділік күші: Ғ= RX. R – қатаңдық (Н/м), Х - ұзару (х).

Серпімділік күшінің аса маңызды ерекшелігі - өзара әсерлесетін денелердің жанасу бетіне перпендикуляр болады. Тіреу мен аспа тарапынан денеге әсер ететін сепімділік күшін реакция күші деп атайды.


Бектіу.

Есептер шығару:

1-есеп

M = 0,1 кг F = mg R =

X = 2cm = 0,02m Fa = Fc

R - ? F = RX

R =

2-есеп

R = 100kH/m = 10000H/m F=RX; F=0,001*10000=100H

X = 1 mm = 0,01m

F - ?
Жеке оқушыларға озық тапсырма:



  1. Жүк көлбеу жазықтықта жатыр. Оған серпімділік күші әсер ете ме?

  2. Күштердің маңызы (реферат).


Оқушыларды бағалу.

Сабақты қортындылау.

Үйге тапсырма.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет