Сабақтың тақырыбы: Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем Сабақтың мақсаты



жүктеу 74.28 Kb.
Дата08.07.2016
өлшемі74.28 Kb.
Қазақ тілі, 8 сынып

Сабақтың тақырыбы: Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем

Сабақтың мақсаты:

Білімділік- cалалас құрмалас сөйлемнен алған теориялық білімдерін еске түсіру , практикада қолдана білуге үйрету, шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолын көрсету, ажырату, синтаксистік талдау дағдыларын жетілдіру

Дамытушылық- өз ойын жүйелі, дәлелді жеткізе білуге үйрету.

Тәрбиелік- адамгершілікке, үлкенді сыйлауға, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, сатылай кешенді талдау, СТО элементтері, АКТ

Көрнекілігі: тест сұрақтары, кесте, семантикалық карта

Сабақтың өтілу барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу, оқу құралдарын даярлау, жаңа сабаққа назарларын аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

Синтаксистік талдау (сатылай кешенді талдау,2 сөйлем)

Біресе басымен үйді нұсқады, біресе сақалымен шанада жатқан әйелді нұсқады.

І.Айтылу сазы мен мазмұнына қарай: хабарлы

ІІ.Құрылысына қарай: кезектес салалас құрмалас сөйлем.

ІІІ.Сөйлем мүшесіне талдау:

ІУ.Сөз тіркестері: үйді нұсқады, әйелді нұсқады- еркін, етістікті.

жатқан әйел-еркін, есімді

У.Сөздердің байланысу түрі мен тәсілі:

үйді нұсқады - меңгеру, жалғау арқылы;

әйелді нұсқады - меңгеру, жалғау арқылы;

жатқан әйелді- қабысу, орын тәртібі;

ВЕНН ДИАГРАММАСЫ

айырмашылығы ортақ айырмашылығы

белгі

салаласс
Баян.тиянақты; жалаң, жайылма; бір-біріне бағына байланысады; өзара тең дәредеде байланысады; баян.тиянақсыз; бірнеше жай сөйлемнен құралады.мағыналық түрлері бар;

ІІІ. Жаңа сабақ:

Мысалдар: Ақын адам сөздің асыл болатын сипаттарын білсе, сөзін таза, мінсіз шығарады. Қонаққа ертең не мен барамын, не сен барасың. Күн бұлттанып еді,бірақ жаңбыр жаумады.( артық сөйлемді анықтатқызу)

Тақырыбы: Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем

Оқушылар сабақтың мақсатын өздері шығарады

( 4 сөйлем беру, соның ішінен шартты бағыныңқын анықтап , жасалуын түсіндіреді, кестені толтырады.)

Сабақтас құрмаластың сөйлемнің жасалу жолдары қандай болады?


Бағыныңқының баяндауышы

Тұлғалық белгісі

Сұрауы

Сөйлемдердің сызбасы

1. Шартты рай










2. Көсемше










3. Есімше









(Окушылар кестені толтырғаннан кейін ережені өздері шығарады)
Ережесі: Шартты бағыныңқы сабақтас деп құрамындағы жай сөйлемдердің біріншісі екіншісіндегі істің жүзеге асу я аспау шартын білдіретін құрмаластың түрі.

ІУ Бекіту кезеңі
Тапсырма. Берілген сөйлемдердің баяндауыштарына дұрыс қосымшаларды жалғап, сұрағын анықтаңыз.

Үлгі: Сөз жүйесін тап..., мал иесін табар.(-са- шартты р ай, қайтсе?)

Жасында жаттықтырма..., өскенде бастықтыра алмайсың. Көптің мақұлдығы бол..., қаражатты ешкім жұмсай алмайды. Жақсы ұстаздық ет..., болашақтан тірек табарсың. Су тасқының тоқтатпа..., мал шығыны көп болар еді. Ортақ тіл тап..., жеңіске жету мүмкін емес.

Тапсырма. Сыңарын тап.


Қаражат бөлінбесе,...

Үйдің кілтің алмай,...

Қар жаумаса,..

Құтқарушы тез келмегенде,...

Елін қорғайтын азамат болса,..


жазда шөп сұйық болады.

соңы жаман болушы еді.

үйге кіре алмас еді.

сол ел бақытты

жағдай нашарлар еді.


Жұппен жұмыс (жұп жұмысын бақылау, яғни берген тапсырманы компьютерде Radmin бағдарламасы арқылы бақылау жасау, тапсырманы орындап болғасын интербелсенді тақтадан басқа жұптарға көрсетіп тексерту, осылайша бір-бірін бағалайды).

Тапсырма 1- жұп Берілген сөйлемдерді аяқтаңыз.

Жаз келсе,... ; Еңбек етсең ерінбей,...; Су мол болмай,...; Көл таяз болғанда,...; Нағашысымен күрессе,...


Тапсырма№ 2- жұп Сөздерді орнына орналастырып, сөйлем құраңыз

Бетің, болса, өкпелеме, қисық, айнаға; Қар, тапса, жанады, қалауын; Табылмайды, еңбексіз, ауырса, емі; Күйін, тартқанда, «Боз інген», қояды, шырылдауын, боз торғай; үйге, кірмей, достары, қайтпады, ол ,үйіне;



Тапсырма№ 3- жұп Салалас құрмалас сөйлемдерді шартты сабақтас құрмалас сөйлемге айналдыр.

1.Айыпқа бұйырмаңыз, орныңызға отыра беріңіз. 2.Демалу уақыты аяқталды, жұмысшылар жұмысқа кірісті. 3.Сөз мағынасын түсінді, мазмұнын жүйелеп айтты. 4.Көмектесетін адам көп болатын, жұмысты ерте аяқтайтын. 5.Алдына қарамады, шұңқырға түсті.



Семантикалық карта

Мысалдар

Шартты рай

Есімше

Көсемше

Жаманшылықты сезбегенде, арты жаман болар еді.










Шығыс болмай, кіріс болмас.










Қонақ келсе , есігіңді аш










Қазақ елі қонақжайлылығын көрсетсе, одан басқа халықтар үлгі алар.










Өткенге топырақ шашсаң, болашақ саған тас атады.









Салалас құрмалас пен шартты бағ. сабақтас сөйлемдерден алған білімдерін тексеру мақсатында тест жұмысы жүргізіледі. Шектеулі уақыт беріледі. Тест жұмысы компьютермен орындалады, болған соң интербелсенді тақтада дұрыс жауап ашылады,оқушылар бір-бірінің жауаптарын тексереді.



- Тест жұмысы

1. Құрмалас сөйлемді көрсетіңіз

А) Құстар жылы жаққа ұшып кетті.

В) Көктемде қар ериді.

С) Жаз келіп, жасыл шықты.

Д) Күзде күн қысқарады, салқындайды

2.Біресе жалғаулық шылауы қай құрмаласқа тән екенін көрсет.

А) себеп-салдар салалас В)кезектес салалас С)қарсылықты салалас Д)ыңғайлас салалас

3. Қарсылықты салаласты табыңыз.

А) Байбосыновтың жүзінде әжімнен сау жер жоқ, әйтсе де беті ойнақы еді.

В) Өз жігіттеріме көзім түсіп еді, барлығының жүзінен әзірлікті көрдім.

С) Мүхит пен Кенбай айғайласа сөйлеседі, себебі шамалы дауысты Көкдолы бұрқағы есіттірер емес.

D) Ол қызына екі түрлі нәрсені үйретуге тырысты: бірі - тұрақтылық, бірі- махаббат.

4.Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмаласты табыңыз

А) Қына тасқа бітсе,білім басқа бітеді.

В)Күн бұлттанып еді,- жаңбыр жаумады.

С)Құнанбай Ұлжан қасына отырды да, Мәкіш пен Абайдың жүзіне қарады.

Д)Ол ерте келгенімен, ешкім көрмеді.

5.Түсіндірмелі салаласты көрсетіңіз

А) Дүниеде айнымайтын қорғаушың- ақыл.

Б) Өтірікші өзін алдайды.

С) Мал етінің асылдануы сондай - майы аузыңа салдырмайды.

Д) Жігіттің дені сау болса, сол -дәулет.

УІ.Үй тапсырмасын беру кезеңі


  • Көктем туралы шағын мәтін ( бес сөйлем) құрау

  • Синтаксистік талдау

УІІ.Бағалау

У. Рефлексия

INCERT әдісі



Не білем?

Не білдім?

Не білгім келеді?











©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет