Сабақтың тақырыбы Үшбұрыш және оның түрлері



бет4/5
Дата20.02.2023
өлшемі0.53 Mb.
#469818
түріСабақ
1   2   3   4   5
phpyR8K9G shbrysh-zhne-ony-trler

Ертегі есеп:
Бір барлық үшбұрыштар орман алаңқайында жиналып қай үшбұрышты патша сайлаймыз деп кеңеседі. Олар узақ уақыт айтысып, бір тоқтамға келе алмады. Сонда бір үлкен үшбұрыш
«бәріміз үшбұрыштар патшалығына жолға шығайық, қай үшбұрыш патшалыққа бірінші болып кірсе, соны сайлайық» дейді. Барлық үшбұрыш келісіп, жолға шығады. Жолда алдарынан өзен шығып: «менен тек бұрыштары сүйір үшбұрыштар өтеді» дейді. Сонымен кейбір үшбұрыш әрі қарай өте алмай жағада қалады. Қалғандары өтіп әрі қарай жолға шығады. Жолда алдарынан тау шығады, тау айтады «тек екі қабырғасы тең үшбұрыштар өтеді» дейді. Бұл өткелден өткен үшбұрыштар одан әрі жүріп отырады. Олар бір кезде тік жарға кездеседі, ол жерде өте тар көпір тұрады. Көпір «менен тек барлық қабырғалары тең үшбұрыш өте алады» депті. Сонымен көпірден бір үшбұрыш өтіп үшбұрыштар патшалығына жетіп, сол патша болыпты. Қай үшбұрыш патша болды? Қай үшбұрыш негізгі қарсылас болып көпірге дейін келді? Ал жарыстан бірінші шығып қалған үшбұрыш қандай үшбұрыш?
Оқушылар жауаптарын топпен ақылдасады, топ басшысы тақтаға шығып айтады.


ҚБ: «Шапалақ» әдісі.
«үш дұрыс жауап»- үш шапалақ,
«екі дұрыс жауап» - екі шапалақ,
«бір дұрыс жауап» - бір шапалақ арқылы кері байланыс жасайды.

Интербелсенді тақта, слайд, үшбұрыш модельдері

Сабақ соңы
(10 минут)

Қорытындылау

Қалыптастырушы бағалау жұмысы.Тапсырмалар орындату арқылы оқушының нені білгенін, нені үйренгенін,әлі не түсініксіз екенін анықтаймын.





Дескриптор:
1.Үшбұрыш түрін анықта;
2. Төбелерін белгіле;
3. Қабырғаларын жаз.



  1. Семантикалық картамен жұмыс.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет