Материалды қайталау кезеңінде оқушылар оқу материалын баяндаудың өз деңгейін таңдап, топтарға бөлінеді: білім, түсіну және қолдану (сурет), талдау (анализ және суреттерді салыстыру). Сабақта ақпаратты қабылдаудың әртүрлі типтеріне сәйкес оқу ақпараты ұсынылады. Бекіту кезеңінде білім деңгейі төмен оқушыларға әртүрлі тапсырмалар беріледі.
|
Мақсаттар бойынша бұрынғы алынған білімдерді формативті бағалау: 8.1.1.12 үшбұрыштың орта сызығының қасиеттерін дәлелдей және қолдана білу; 8.1.1.13 трапецияның орта сызығының қасиеттерін дәлелдей және қолдана білуі. Мақсат қою кезеңінде жақын даму аймағын айқындаумен байланысты. Түсіну кезеңінде оқушылар үшбұрыштың және трапецияның орта сызығын қолдану дағдыларын бағалауға мүмкіндік беретін критерийлер бойынша бағаланады.
|
Оқушылар сыныпта топтық жұмыс кезінде және «Карусель» жаттығуларын орындағанда қозғалыс барысында қауіпсіздікті сақтау шараларын қадағалау
|