Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
ҚБ: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
Сонымен бірге «Шапалақ» және «Смайликтер» әдісі арқылы мадақталады.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
15 мин.
|
«Кім шапшаң» әдісі арқылы әр топқа тапсырма беріледі.
|
1-топ.Дастандағы салт-дәстүрдің бүгінгі күндегі қолданысы қандай?
2-топ. Сол ескі заман мен қазіргі заманды салыстыр.
3-топ.Сыни пікір жазыңдар.
|
Дескриптор: Жалпы – 5 балл.
Топтасып жұмыс жасайды, ауызша жауап береді.
|
Оқулық, жұмыс дәптерлері, магнит тақтасы, маркерлер.
|
7 мин
|
Тест сұрақтары арқылы оқушылардың шығарманы қаншалықты меңгергенін бақылау.
|
Әр топқа тест сұрақтары таратылады.
|
Дескриптор: Жалпы – 5 балл.
Оқушылар дастан бойынша тест сұрақтарына жауап береді.
|
Жұмыс дәптерлері, оқулық.
А3 қағазы, маркерлер.
|
7 мин
|
«Бұрыш» әдісі Оқушылар берілген төрт жауаптың біреуін жазады, сосын қағазды умаждап, бір-біріне лақтырады. Кез келген қағазды алып, сол қағазда жазылған сөз бойынша бөлменің төрт бұрышына барып тұрады.
|
Бұрышта қағазда жазылған сөздер:
1.Екі жастың өздері кінәлі.
2.Салт-дәстүр кінәлі
3.Тобықты елі кінәлі
4.Матай елі кінәлі.
|
|