Сабақтың тақырыбы: Шеру және жорық күзеті



Дата17.07.2016
өлшемі45.04 Kb.
түріСабақ
«Бекітемін»

______________ ______________

Мектеп директоры


  1. Сабақтың тақырыбы: Шеру және жорық күзеті

  2. Сабақтың мақсаты: Оқушыларды шерудің мақсатымен және оның жүргізілуі туралы мәліметтермен таныстыру

  3. Уақыты: 45 мин.

  4. Өткізілетін орны: 11 сынып, БӘД бөлмесі.

  5. Өткізілетін күні:

  6. Көрнекілік құралдар: Плакаттар ,АӘД кітабы

  7. Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 мин.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.



ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі –10 мин.

  • Барлау дегеніміз не ?

  • Барлаушының бірінші міндеті не?

  • Барлау жүргізу тәсілдерін ата ?

  • Бақылаушы жауынгерде не болуы керек?

б) Негізгі бөлім – 25 мин.

Взвод шеруі мен жорық күзетінің негіздері

Қазіргі жағдайда шеру – негізгі қозғалыс тәсілі.Мотоатқыштар мен танк бөлімшелері әр қашанда шеру жасауға және көліктің кез келген түрімен тасымалдауға дайын болуы керек. Шеруді жүзеге асыру кезінде шынжыр табанды техника, сондай-ақ қозғалуы баяу техникалар тасымалдануы мүмкін .

Шерудің негізгі мақсаты – қарсыласқа шабуыл арқылы ұрыс міндетін орындау үшін,ұрыста қимыл үстіндегі әскерді күшейту үшін,қарсылас соққысын тойтару немесе ұрыс қабілетін жоғалтқан әскерлерді ауыстыру үшін берілген шепте немесе көрсетілген ауданда әскерлерді дер кезінде шоғырландыру.Шеру сондай ақ толықтыру,қалыптастыру, әр түрлі жұмыстар мен демалыс өткізу үшін жаңа ауданға шығу мақсатында да жүргізілуі мүмкін.Барлық жағдайда шеру жасырын , көру мүмкіндігі төмен жағдайда жүзеге асырылады.Жағдайға сәйкес шеру жасайтын әскерлер көрсетілген аудан немесе шепке дер кезінде және ұрыстық міндетті орындауға толық дайын болуы тиіс.

Қарсыласпен қақтығысу қатері жоқ жағдайда шеру жасау кезінде жорықтық реті қозғалыс ыңғайлылығын, шерудің жоғары жылдамдығына қол жеткізу ,жеке құрамның күшін неғұрлым аз қолдану және ұрыстық техниканы сақтауды есепке ала отырып құрылады..Мотоатқыш взвод рота легінде немесе өз бетінше шеру жасайды.Лектегі машиналар мен взводтардың арақашықтығы 25-50м.

Көру шектеулі жағдайда ,көктайғақта сондай ақ жоғарғы жылдамдықпен қозғалған жағдайда арақашықтық ұлғаяды.. Шерудегі взводтың жорықтық реті - лек .Ол қозғалыстың жоғары қарқындылығын және ұрысқа кіру, ұрыстық ретке тез жазылуды қамтамасыз етеді.

Шеру жүргізудегі ұйымшылдықтың, тәртіптің ,басқарудың жоғары деңгейін қолдау үшін бастапқы пункт,реттеу пункті, демалыс аудандары мен аялдамалар анықталады.Бастапқы пункт бөлімшелер легінің түзуленіп созылуын қамтамасыз ететін, қашықтықтағы күндіз де түнде де жақсы көрінетін бағдарға жақын жерден таңдалып алынады.Реттеу пункті 3-4 сағ қозғалған сайын қойылады,қарсыласқа байқалатын жергілікті жер заттарға немесе нысандарға жақын орналастыруға болмайды .Аялдамалар 3-4 сағ қозғалыс сайын жасалады,оның ұзақтығы 1 сағат,тәуліктің екінші жартысында 2 сағ аялдама жасалады.

Аялдамаларда, күндізгі , демалыс кезінде қару жарақ пен ұрыс техникасының техникалық жағдайы тексеріледі,жанар-жағармайлармен толықтырылады,жеке құрамның тамақ ішуі мен демалысы ұйымдастырылады.Аялдамалар мен демалыс аудандары үшін жасырынуға ыңғайлы ,қарсыластың ядролық қару мен авияцияны қолдануынан сақтайтын, су көздері мол жерлер болуы тиіс.Аялдамаларда взвод жолдың оң жақ шетіне тоқтайды, машиналар арасыдағы қашықтық 10 м кем болмауы керек

Шерудегі барлау жүргізудің негізігі тәсілі бақылау.Жергілікті жер мен қарсылас туралы мәлімет алудың басты көзі – командирден және барлау органдарынан алынған ақпарат.Взвод командирі әуе, жер үсті қарсыласына үздіксіз айнала бақылауды ұйымдастыруға сондай ақ жергілікті жер және рота командирінің белгілерін бақылап отыруға міндетті.Бақылауды взвод командирі өзі , ал әрбір ұрыс машинасынан бақылауды бөлімше командирі жүргізеді.

Взводтағы күзет күзетілетін бөлімшелерді қарсыластың кенеттен шабуылынан ,оның жер үсті барлауының енуінен сақтау және лектің ұрысқа кіруі үшін қолайлы жағдай туғызу мақсатында бас затавасына тағайындалады.Жаяу ретпен қозғалу кезінде тікелей күзет үшін шолғын бөлімшесінен шолғыншылар жіберіледі.

Шерудегі взводтың жаппай жою қаруынан қорғану және химиялық қаматамасыз етілуі қойылған міндетті табысты орындауға ықпал етеді.Осы мақсатта взвод командирі аға командирдің ұйымдастыру шараларын еске ала отырып, радиациялық,химиялық және бактериологиялық барлау жүргізудің тәртібі мен әдістерін анықтайды.

Қарсылас тұтандырғыш қару қолданғанда және өрт ауданынан өту мәжбүр болған жағдайда взвод командирі жеке құрам мен ұрыс техникасын сақтауға қатысты шараларды,ал бұл аудандардан шығу кезіндемашинадағы өрт ошақтарын сөндіруді, жарақаттанғандарға тиісті көмек көрсетіп,оны батальонның медпунктіне жеткізуді ұйымдастырады.

Шерудің жасырын өтуін қамтамасыз етуде бүркемелеу жұмыстарын жүргізу әуе және жер үсті қарсыластары соққысын азайтудың аса маңызды жолдарының бірі.Оны взвод командир іалынған міндеттер мен қалыптасқан жағдайға байланысты өз бөлімшелерін орналасқан жерінде де, шеру кезінде де қарсыластың барлық барлау құралдарынан жасыру үшін ұйымдастырады.Взводтағы бүркемелеу өз күшімен үнемі және барлық жағдайда жүргізіледі.Ұрыс техникасы мен машиналар жергілікті жер ыңғайына қарай тасаланады.

Инженерлік қамтамасыз ету взводтың шеруді табысты жүргізіп, жеке құрам мен ұрыс техникасын жою құралдарынан сақтандыруды арттыру мақсаттарында ұйымдастырылады.

Шеруді техникалық және тылдық қамтамасыз етуді взвод командирі рота командирінің шешімі мен аға командирдің нұсқауымен ұйымдастырады.Мұнда взвод командирі: техникалық күтім көлемін,оны өткізу орны мен уақытын,жанар жағар май құю,арнайы заттармен толықтыру нормасын , мерзімін орны мен тәртібін,ұрыс техникасын жөндеу мен жеке құрамды тамақтандыруды ұйымдастыруды нақтылайды.



в) Қорытынды бөлім – 7 мин.

Сұрақтар мен тапсырмалар:


  • Барлау дегеніміз не ?

  • Барлаушының бірінші міндеті не?

  • Барлау жүргізу тәсілдерін ата ?

  • Бақылаушы жауынгерде не болуы керек?

Бастапқы әскери даярлық пәнінің



ұйымдастырушы оқытушысы: _____________ ______________

Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет