Сабақтың тақырыбы: «Ұшқыр ой мен шешен тіл»



бет2/5
Дата01.03.2024
өлшемі21.9 Kb.
#493879
түріСабақ
1   2   3   4   5
I топ:
Топтың аты: «Сұңқар»
Ұраны: «Білім алып бүгін алтын ұяда, ертең әлі шарықтаймыз қияда»
Таңбасы: Кітап пен қаламның суреті.
Қатысушылар:

  1. Топ басшысы: Тамерлан

  2. Әділет

  3. Нұрмұхаммед

  4. Исламбек

  5. Айсұлу

  6. Қазына



II топ:
Топтың аты: «Тұлпар»
Ұраны: Асау тұлпар желдей ескен арынды,
Оқу менен еңбекке сал барыңды.
Таңбасы: Аттың суреті
Қатысушылар:

  1. Топ басшысы: Дарина

  2. Балжан

  3. Нұрдәулет

  4. Мадина

  5. Дінмұхаммед

  6. Бекзат

Енді ойынымыздың І айналымын бастаймыз.



І айналым «Ұшқыр ой»
Әр топқа қазақ тілі пәнінен сұрақтар қойылады. Тез, жылдам, нақты жауап беру керек. Әр топта 6 оқушы 1 сұраққа жауап береді.
«Сұңқар» тобына:
1. Сөздің әрі қарай бөлінбейтін, мағыналы бөлігі. (түбір)
2. Жалқы есімдер қалай жазылады? Неге? (бас әріппен)
3. Етістіктің сұрақтары. (не істеді? не қылды? қайтті?)
4. «Бесінші» сөзі қандай сұраққа жауап береді? (нешінші?)
5. Әдемі сөзіне жуық мәндес сөзді ата. (сұлу, көркем)
6. Сұраулы сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады? (сұрақ белгісі)
«Тұлпар» тобына:
1. Дауысты дыбыстар неше топқа бөлінеді? (2: жуан, жіңішке)
2. Заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөз табы қалай аталады? (етістік)
3. Сөздің мағынасын өзгертетін қосымша қалай аталады? (жұрнақ)
4. Батыр сөзіне жуық мәндес сөзді ата. (ер, қаһарман)
5. Жалпы есімдер қалай жазылады? (кіші әріппен)
6. Хабарлы сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады? (нүкте)



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет