Сабақтың тақырыбы: Шырша Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Жыл мезгілдерінің өзгерістері жайлы әңгімелеу,Шырша



Дата25.02.2016
өлшемі29.24 Kb.
#24682
түріСабақ




Қалманова Салтанат-№229 «Абызтөбе» орта мектебінің бастауыш

сынып мұғалімі

Жаңақорған ауданы, Қаратөбе ауылы


Мектепалды даярлық Көркем әдебиет

Сабақтың тақырыбы: Шырша

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Жыл мезгілдерінің өзгерістері жайлы әңгімелеу,Шырша

туралы мәлімет беріп,шыршаны мүсіндей білуге

үйрету. Қауіпсіздік ережесін қатаң сақтай білу.

Дамытушылығы: Ой-өрісін дамыту,қол икемділігін дамыту.

Тәрбиелігі: Ұқыптылыққа,тазалыққа,ептілікке,төзімділікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Шыршаның ,интерактифті тақта,ермексаз

Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру,көрсету,сұрақ-жауап,кіріктіру әдісі(құрастырумен)


Іс-әрекет кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру сезімін ояту

Оқушылардың құралдарын дайындап,назарларын сабаққа аудару.Шаттық шеңберін құру.



Қуанады,қимылмен көрсетеді

Ұйымдастыру

Балалар Аяз ата бізге хат жіберіпті. Хатында жұмбақ жасырыпты. Жұмбағын мен оқып жіберейін,сендер жұмбақтың жауабын табыңдар.

Балалар шырша жайлы өздерің не білесіңдер?

Шырша қарағай тұқымдасына жататын биіктігі 30-50м құрайтын, баяу өсетін қылқанжапырақты ағаш.

15-20 жылға дейін өте жай өсіп,кейін жылына 30 см-ге дейін өсетін болады. Шырша тұқымнан көбейеді. Сәуір -мамыр айында гүлдейді, тамыз, қыркүйек айларында піседі. Шыршаның дүниежүзінде 50-ге жуық түрі бар. 50-150 жыл аралығында өмір сүреді.



Шырша

Шырша тауда өседі,түсі жасыл болады.Шыршаны жаңа жыл болғанда құрамыз





Алдымен сергіту сәтін жасап бойымызды сергітіп алайық.

Ермексазбен шыршаны мүсіндеу.

Жұмыстың барысы.

1. Керекті құралдарды дайындап алу

2. Шыршаның түсіне қарай ермексаздың түсін таңдау

3. Ермексазды белгілі пішінге келтіріп, кескішпен кесу арқылы 3 бөлікке бөлу

4. Ермексазды алақанға салып домалақтау арқылы,дөңгелек пішінге келтіру

5. Ермексазды жұқартып, үшбұрышты етіп кесіп, 3 үшбұрышты бір-біріне біріктіріп қосамыз.

Міне балалар біздің шыршамыз дайын болды.


Шыршамызды мүсіндеп болсақ «Кім көп біледі» ойынында сұрақтарға жауап беру арқылы ортада тұрған шыршамызды безендіріп жіберейік.

Сұрақтар:

1.Шыршаның түсі қандай?

2.Шырша сөзінде бірінші қандай дыбыс естіледі?

3.Шырша сөзін буынға бөл?

4.Шырша қай жерде өседі?

5.Шыршаға байланысты білетін тақпақ, ән айт.

Балалар сабаққа жақсы қатысқандарын үшін Аяз ата сендерге сыйлығын беріп жіберіпті.


Бағалау

Сергіту сәтін жасап,бойларын сергітіп алады.

Жасыл
Ш дыбысы естіледі

Шыр-ша


Таулы жерлерде
Балалар қуанып сыйлықтарын алады.




Күтілетін нәтиже: Нені біледі:шырша туралы біледі.

Қандай түсініктерді игерді: Шырша жасауда түстерді таңдауды, дұрыс орналыстыруды игерді.






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет