Білімділік: оқу түрлерін (буындап оқу, тұтас оқу, мәнерлеп оқу, түсініп оқу) қолданады; дыбыстың мағына ажыратушы қызметін түсінеді; сызба-модель, сурет, белгілер арқылы сөз, сөйлем, шағын мәтін құрастырады; жазу жолын, жоларалықты, жолдың жоғарғы және төменгі сызықтарын сақтап, әріп элементтерін, әріптерді, әріптердің бір-бірімен байланысын көркем жазу талаптарына сай жазады; айтылуы мен жазылуы бірдей сөздерді көшіріп және есту, есте сақтау арқылы жазады.
Дамытушылық:буындап оқу, тұтас оқу түрлерін қолданады; сөйлеу барысында жалғауларды дұрыс қолдануды үйренеді; сөздік қоры байиды, байланыстырып сөйлеуге үйренеді.
Тәрбиелік мәні: ана тілін, Отанын, халқын, мәдениеті мен салт-дәстүрін құрметтей біледі.