Сабақтың ортасы (26 мин)
|
Сабақтың күтілетін нәтижесімен таныстыру:
– Балалар, сендер бүгін суретте берілгендерді дыбыс сызбасымен «оқисыңдар». Сөз сызбасының көмегімен сөйлемді толықтырасыңдар. Орны ауыстырылып берілген сөйлемдерден жаңылтпаш құрастырып, дәптерге көшіріп жазасыңдар. «У у» әрпі кездесетін сөздерді, сөйлемдерді көркем жазып үйренесіңдер.
|
Күтілетін нәтижені мұқият тыңдайды.
Cуреттегілерді атайды: суретші, ұлу, бұзау, тауық, бояу.
«Менің алғашқы сөздігім» кітабынан
«ұлу» сөзінің түсіндірмесін мұғалімнің көмегімен тауып оқиды.
Сөздерге дыбыстық талдау жасайды. Сөзді буынға бөліп,
«У у» дыбысының сөз алдында, ортасында, соңында келетін орнын анықтайды. Сөздегі «У у» дыбысының дауысты немесе дауыссыз екендігін анықтайды.
Оқушылар әр сурет бойынша сөйлем құрайды: 1) Суретші ұлудың суретін салды. 2) Далада бұзау жайылып жүр.
3) Тауық біреу.
4. Сөз сызбасының көмегімен сөйлемді толықтырып «оқиды»: Ауа таза. Алуа, аула тазала.
|
Қолдау
|
Суреттер, оқулық Сызба
|