Сабақтың тақырыбы: Солтүстік Қазақстан аймағы. Сабақтың мақсаты: Қазақстанның экономикалық аймақтарына



Дата30.06.2016
өлшемі40.11 Kb.
#167278
түріСабақ
№ 9 орта мектеп 8-сынып мұғалім: Шаймергенова К.С.

Сабақтың тақырыбы: Солтүстік Қазақстан аймағы.

Сабақтың мақсаты: . Қазақстанның экономикалық аймақтарына

байланысты білімдерін тексеріп,толықтыру.

Тапсырмалар арқылы білім деңгейлерін ныға-

ғайту,молайту.

2.Ауызекі сөйлеу қабілетін арттыру.

3.Отанымызға,туған жерімізге,қаламызға деген

сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:жалпылау сабақ.

Көрнекіліктер: Қазақстан картасы,аудитаспа, кластерлер, «Менің қалам»

фотосурет көрмесі, «Солтүстік Қазақстан» кітап

көрмесі,Венн диаграммасы,мақалдар.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап,ойландыру,сипаттау,топтық жұмыс,

іздендіру, талдау.



Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

-Сәлемдесу.

-Балалар,бүгін сабағымызға қонақтар келіп

отыр,олармен амандасайық..

-Тіл дамыту тапсырмалар.

1.Кезекшінің мәліметі.

2.Сұрақ-жауап.

-Қазақстан неше экономикалық аймаққа бөлінеді?

-Бұл қандай аймақтар?

-Осы аймақтар немен бай? Мысалы,Батыс Қазақстан?(мұнай),Шығыс(түсті металдар),

Орталық(көмір).

-Елордамыз Астана қаласы қай аймақта орналасқан?

-Қазақстанның ең ірі қаласы қай қала?

-Алматы қаласы қай аймақта орналасқан?

II.Үй тапсырмасын тексеру.

-Балалар,Қазақстанның Оңтүстік аймағын қайталау мақсатында,біз кластер бойынша жұмыс істейміз.Біріншіден,кластердың негізгі сөздерін аударайық..

-Кластермен жұмыс.


облыстары ірі қалалары табиғаты

ауа райы

Оңтүстік Қазақстан

шекарасы байлықтары


-Кластер бойынша,картаны қолданып,оқушылар Оңтүстік Қазақстан туралы әңгімелейді.
III.Жаңа тақырып: Солтүстік Қазақстан аймағы.

Кіріспе.


Мұғалім:-Балалар,сендердің туған жерлерің қай қала?

-Петропавл қаласы қай экономикалық аймағында орналасқан?

-Сонымен,бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:

Тақтада: Солтүстік Қазақстан аймағы.

-Картада осы аймақты көрсетейік.

Лингафон. 1.-Балалар,қазір біз сендермен мәтінді тыңдаймыз.

Солтүстік Қазақстан аймағы.

Солтүстік Қазақстан аймағына Қостанай,Солтүстік Қазақстан,Павлодар,Ақмола облыстары жатады.Бұл аймақ Ресей Федерациясымен шектесіп жатыр.Қазақстанның солтүстігінде Астана,Қостанай,Павлодар,Көкшетау,Петропавл сияқты ірі қалалар орналасқан.

Солтүстік Қазақстанның табиғаты әр алуан,тамаша,бай.Бұл өңірде Есіл,Ертіс өзендері ағып жатыр.Осы аймақта Бұрабай,Баянауыл сияқты әдемі демалыс-сауықтыру орындары бар.Солтүстік Қазақстанның біраз бөлігін ормандар алып жатыр: бұл қарағай,ақ қайыңдар,көктерек.

Солтүстікте жануарлар және өсімдіктер дүниесі өте бай.Осында өте көп дәрілік шөптер өседі.Ормандарында бұлан,қасқыр,қоян,түлкілер мекендейді.

Ауа райы осы аймақтың шұғыл континентті:жазы- жылы,ыстық ,қысы-суық,аяз.Жаздыгүні жаңбыр жиі жауса,қыста көп қар жауады.

Солтүстік Қазақстан- астығы мол өлке.Бұл жерде темір рудасы,құрылысқа қажетті табиғи заттар,алтын,көмір бар.

Республикамыздың экономикасында бұл аймақ ерекше орын алады.Мен өз туған жерімді мақтаныш етемін.
Мұғалім: -Бұл мәтін не туралы?

Кластер. 2.-Ал ендеше,балалар,мына кластерды қолданып,мәтін бойынша Солтүстік Қазақстан туралы әңгімелеп берейік.

Ірі қалалары табиғаты


Облыстары ауа райы





Солтүстік Қазақстан

Шекарасы байлықтары

Мұғалім:-Балалар,біз Солтүстік аймағы туралы әңгімеледік.

3.Көрмелер:-Ал бұл көрмелерде сендер не көріп тұрсыңдар?

-Кәзір бірінші топ оқушылары «Менің қалам» тақырыбына сұхбат құрастырады,

Ал екінші топ-Солтүстік Қазақстан туралы әңгімелейді.

Лингафонмен жұмыс: Оқушылар лингафон арқылы жұппен жұмыс істейді.

4.Грамматика.

-Дәптерлерінде жұмыс.Төрт оқушы тақтаға шығады.

№1 кеспенің тапсырмасы:

-Синтаксистік талдау.

Мен өз туған жерімді мақтаныш етемін.

№2 кеспенің тапсырмасы:

-Морфологиялық талдау.

Жерімді

№3 кеспенің тапсырмасы:

Фонетикалық талдау.

Туған


№4 кеспенің тапсырмасы:

-Сөз құрамына қарай талдау.

Туған

IV.Қорытыңды кезең.



1. -Бүгінгі сабақта Қазақстанның қандай екі үлкен аймағы туралы әңгімелестік?

-Ал енді,балалар,осы екі аймақты салыстырып көрейік.



Венн диаграммасы: Солтүстік Қазақстан-Оңтүстік Қазақстан.

2.-Балалар,Солтүстік Қазақстан –біздің туған өлкеміз.Мына мақалдарды қалай түсінесіңдер?

Мақалдар:1. Отансыз адам - ормансыз бұлбұл.

2. Туған жердей жер болмас,

Туған елдей – ел болмас.

3. Отан –оттан да ыстық.

Туған жеріміз туралы айту үшін қандай мақалды таңдайсыңдар?
3.Бағалау.

4.Үй тапсырмасы:1 топ- туған жерің туралы 8-10 мақалды жазыңдар..



2 топ-Солтүстік Қазақстан (монолог)

Бір сөйлемді синтаксистік талдау жасаңдар.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет