Сабақтың тақырыбы: "Спирттер және оның адам ағзасына зиянды әсері" Сабақтың мақсаты: "



жүктеу 143 Kb.
Дата01.07.2016
өлшемі143 Kb.
Сабақтың тақырыбы: “Спирттер және оның адам ағзасына зиянды әсері”

Сабақтың мақсаты: “Спирттер оның түрлері, құрылысы, изрмерия, номенклатура қасиеттері мен қолданылуы және адам ағзасына зиянды әсері”.

Сабақтың міндеттері:

  1. өткен тарау бойынша алған білімдерін, жинауқау қорытындылау, өзіне-өзі баға беруге, өз жетістіктерін сезініп әлсіз жақтарын сын көзбен қарауға үйрету, мамандық таңдауға кәсіптік бағдар беру.

  2. Жеке-тұлғаның, ақыл-ойын, танымдылық және шығармашылық қабілетін дамыту, химиктердің қоғам өміріндегі ролін ашу, пән тілінде сөйлей білу дағдыларын, ісмерліктердің, өз бетімен еңбектену сезімі ойлау қабілеті және пәнаралыққа байланысты дамыту.

  3. Ұйымшылдыққа, белсенділікке, шапшандыққа тәрбиелеу. Болашақ қоғамның салауаттылығы әр адамның денсаулығына байланысты екенін, денсаулықты спиртті алуға болмайтынын, сондықтан спиртті ішімдіктерден өздерін аулақ ұстауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: 1. Қайталау, бекіту сабағы-1 сабақ

2. “Конференция” сабағы-2 сабақ



Қолданылған әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, репродуктивті, сөздік көрнекілік-сарамандық әдіс, көрнекі түсіндіру.

Сабақтың формасы: жұппен жұмыс, жекелей жұмыс, ұжыммен жұмыс

Сабақта қолданылған көрнекілік: С2Н1-ОН, глицерин, СISO4, NaOH, Na пробиркалар, спиртшам, штатив, Н2SO4, плакаттар, тақтада қолданылуы, зияны, аймақтық материал, қорытынды плакат
Сабақтың жоспары.

Сабақтың типі

Сабақ бөлімі

Сабақ кезеңдері тәсілдері

Мақсаты

Сабақтың өтілу мазмұны

Нәтиже бағалау

Уақыты

І.Қорытындылау, жинақтау сабағы

Ұйымдастыру бөлімі

Тәрбиелік

Оқушылардың назарын сабаққа аудару (тәрбиелік мақсат жүзеге асыру)

Оқушыларды отырғызу,түгендеу сабақтың мақсаты, кезеңдерімен таныстыру










Негізгі бөлім

Білім бекіту оқушылардың көмегімен (терориялық,практикалық,эксперименттік есепте қолдана білу)

Тақырыпты ауызша тексеру (форма ұжымдық әдісі, сұрақ- жауап)

1) (фронтальды тексеру) сұрақ-жауап тапсырма-№1. (фишкалар тарату)

Нақты жауап




Теориялық алған білімдерін практика жүзінде дәлелдеу (жұптық) әдісі, репродуктивті сөздік-көрнекілік сарамандық әдіс. Көрнекі түсіндіру әдістері

2) үлестірмелі тапсырмалар еру 5 жұпқа (тапсырмалар) әртүрлі дайындыққа тапсырма-№2 қосымша жауап бергендерге, қатесін түзеткендерге, жауабын толықтырғандарға-фишка тарату

Нақты жауап химиялық реакция жаза білу және есепте қолдана білу, сарамандық тәжірибені дұрыс жасап, түсіндіре алуы

10 мин

Тест


Білімдерін тексеру


Тапсырма-№3 қосымшалары

Дұрыс жауабы




























Қорытынды

Плакат тапсырма №5 тақтада ілулі

Алған білімдерін бағалау бірін-бірі бағалау әдісі

  1. ауызша жауапқа (фишкаларын санау)

  2. бірін –бірі бағалауы, тапсырма №4 (приложение)

  3. тест қорытындысы

Фишка саны
Қорытындысын көру

Бағалау





ІІ бөлім конференциялық сабақ

1)ұйымдастыру

Маман иелеріне тапсырма алдын-ала берілген (баяндау, ізденушілік,тапқырлық, белсенділік




Оқушыларды отырғызу 2-бөлім конференция сабақ,спирттердің адам ағзасына әсерін әр түрлі маман иелерінің қатысуы бойынша








2) негізгі бөлім

Кіріспе мұғалім

Спирттердің пайдасымен зияны туралы түсінік беру

(плакатта) қолданылуы

С2Н5ОН медицинада дәрі еріткіш диэтил эфир дәрі-дәрмек этилен иіс су, иіс сабын



Зияны (-) адамды аздырады түрлі қылмысқа итермелейді

Тапсырма -№6












Мөлдір

Мамандар сөйлейді тапсырма №8

Аймақтық материалдарды пайдалануы, мысал келтіру

Арақ (табыс көзі) Ағзаны уландырмай, қоғам өміріне пайдасы орасан зор. Дұрыс пайдалана білейік.

Екінші сабағының спирттердің зияны туралы мамандар сөйлейді оны жүргізуші Нурчитова мөлдір.

-өзін таныстыру (құрметті қонақтармен, журнал тілшісімен)

Жергілікті материал: тапсырма №7а-б диаграмма












Айша

Жүргізуші маскүнемдік туралы ғұламалар не дейді?

Ұлы данышпан сөздеріҢ пайдалы ұсыныстары оқушыны тәрбиелеуде дұрыс жол сілтеу үшін көмек ретінде



Тапсырма № 9 59 бет 2002 № 1













Ертедегі спирт ішімдігіне салынған тыйымдар дерегінен

Тарих пәнімен байланыс

Тапсырма №10 59 бет журнал 2002 №1







Барлық оқушылар

Қуаныш

Жарнама тапсырма №11

Арақ жарнамасы (тақпақ)әдебиет пәнімен байланыс

Тақпақ “Арақпен достасқаның деңсаулықпенқоштасқаның” арақ өзін осылай жарнамалайды







“Адам спирттік ішімдікке қарсы”

Алдарына А-3 қағазы, пламастер тарату


Уақытқа байланысты қорғату




Қорытынды: Мұғалім сөзі: Бүгінгі екі сабағымызда спирттер тақырыбын теориялық, практикалық, эксперимент және оның зиян әсері туралы тәнтану курсынан білесіңдер, бірақ оны жинақтап маман ретінде жақсы ойнай білдіңдер. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан-2030 стратегиялық жоспарындағы “Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білім мен әл-ауқаты” бөлімінде болашақ қоғамның салауаттылығы әр адамның денсаулығына байланысты, денсаулықты сатып алуға болмайтынын, сондықтан спиртті ішімдіктерден өздерін аулақ ұстауға, әуестенбеуге тиіссіңдер.


  1. Физикалық қасиеті

Спирттердің меншікті салмағы бірдей: төмен, немесе судан жеңіл. Бірінші үш өкілі суда жақсы ериді, жоғарғылары қатты заттар және суда ерімейді. Молекулалық массасы өскен сайын, қайнау температуралары жоғарлайды.

    1. Метил спирті-метанол СН3-ОН

Әлсіз спиртке тән иісі бар, түссіз сұйық. Көптеген мөлшерде ағаштарды құрғақ айдау арқылы алады, сондықтан кейде ағаш спирті дейді. Ол өте улы, М:10мл ішсе соқыр етеді, ал одан көбірек ішсе өлтіреді. Өнеркәсіпте бояғыш заттар, еріткіштер ретінде қолданылады.

    1. Этил спирті- С2Н5ОН қантты немесе крахмалды заттарды ашыту арқылы алынады, соңғы кезде этил спиртін ағаш жаңқаларынан өндіру әдісі кең дамуда. Өзіне тән иісі бар.

    2. Пропил спирті- пропанол СН3-СН2-СН2-ОН ацетол және еріткіштер алуға пайдаланады.

    3. Этиленгликоль-тәтті дәмді қоймалжың сұйық. Оны антифриз ретінде қолданады. Өнеркәсіпте полиграфияда, мата бояуда және косметикалық препараттарда дайындпауда қолданады. Лактар, бояулар алу үшін.

    4. Глицерин СН2-ОН тәтті дәмді, қоймалжың

СН-ОН сұйық, табиғи майларды синтездеу




СИ2-ОН арқылы алады

Глицерин азот қышқылымен әрекеттесіп үш нитроглицерин өте күшті қопарылғыш зат алынады, одан динамит дайындайды.


  1. изомерия, қандай изомерлер тән?

  2. Гомологтық қатар дегеніміз не?

  3. Спирттердің жалпы аталуы-алканолда

  4. Спирттерге қандай функционалдық тоб бар?

  5. Спирттердің молекулалық массалары артқан сайын ерігіштігі арта ма, азая ма?

  6. Тамақ өнеркәсібінде спирттерді неден алады? Қантты ашыту арқылы С0Н12О6→2С2Н5ОН+2СО2

Қауіпсіздік техникасының ережелері



    1. Кез келген жұмысты орындаудан бұрын оқушы үстіне арнайы жұмыс халатын кию керек.

    2. Тәжірибеге кірісер алдында жұмыс үстелінің үстінен артық дүниені алып тастау керек.

    3. Реактив салынған ыдыстың сыртында жазылған заттың формуласын кем дегенде екі рет қарап, дәл айқындап алған жөн.

    4. Реактивтерді қолмен ұстауға, дәмін татып көруге болмайды, ыдыстың аузына үңілмейді, жанынан қарайды.

    5. Тәжірибеге қажетті заттарды мүмкіндігінше дәл мөлшерде, аз етіп алу керек.

    6. Қышқылдармен сілтілермен жұмыс істегенде абай болыңдар. Реактив денеге тисе немесе киімге бірден суды көбірек пайдаланып, жуып жіберген дұрыс.

Тапсырма №1. (жауап берген оқушыға фишка тарату)



  1. Спирттер дегеніміз не?

  2. Гамологтық қатар дегеніміз не?

  3. Спирттердің жалпы аталуы?

  4. Спирттердің функционалдық тобы?

  5. өте улы спирт?

  6. Этил спиртінің неше пайызы ішуге пайдаланады?

  7. ацетон қандай спирттен алынады

  8. сабын, әр түрлі кремдердің құрамында кездесетін спиртті ата.

  9. антифриз ретінде қолданатын спирт

  10. тамақ өнеркәсібінде спирттерді неден алады?

  11. спирттердің молекулалық массалары артқан сайын ерігіштігі қалай өзгереді?

  12. Этил спиртінің молекулалық массасы С2Н5ОН=12·2+5+17=29+17=46

Тапсырма № 2

№1 жұп 1) спирттердің жалпы формуласы, қандай химиялық элементтерден тұрады. Не себептен оттекті қосылыс деп аталады?

2) Тәжірибе көрсету арқылы этил спиртінің жануын көрсет және мүмкін болатын химиялық реакция теңдеуін жаз. (толық түсіндір)


  1. Есеп. Бір атомды қаныққан спирт буының сутегімен салыстырғанда тығыздығы 37 тьең болса, оның формуласы қандай?

№2 жұп. 1) Бутанолдың С4Н9ОН мүмкін болатын изомериясын және номенклатурасын жаз.

2) Тәжірибе көрсету. Этил спиртін (СН3-СН2ОН) метал натриймен (Na) әрекеттестір, түсіндіріп химиялық реакция теңдеуін жаз.


  1. Есеп. 50г этил спирті натрий мен әрекеттескенде қанша метр (қ.ж) сутек бөлінеді?

№ 3 жұп. 1) Көп атомды спирттерді ата және физикалық қасиеттерін сипатта.

2) Тәжірибе. Молекула ішілік дегидратация немесе спирттен этилен алу (түсіндір) химиялық реакция теңдеу құр.


  1. Есеп. Массасы 60г 40% этил спиртінен қанша грамм этилен алуға болады?

№ 4 жұп. 1) Мына өзгерістерді жүзеге асыр. С2Н5СІ→С2Н5ОН→СО2

2) Тәжірибе. Спирттердің негізбен әрекеттесуін тәжірибе жасап не түзілді химиялық реакция теңдеу бойынша дәлелде.


  1. Есеп. 10г этил спирті 25г натрий гидроксидімен әрекеттескенде неше грамм этилатнатрий түзіледі?

№ 5 жұп. 1) 3:3 диэтил 4-этил гексанол-2 формуласын жаз

2) Тәжірибе. Көп атомды спирт глицериннің мыс (Сu(OH)2 гидроксидімен әрекеттесуін көрсетіп. Сапалық реакция екендігін дәлелде. Химиялық реакция теңдеуін жаз.


  1. Глицерин мысгидроксидімен (Сu(OH)2) әрекеттескенде 30г мыс глицераты түзілген қанша грамм глицерин алынғанын есепте.

№3 тапсырма оқулық



    1. Спирт молекуласынан су бөлініп шыққанда қандай заттар түзіледі?

А) алкандар ә) Алкендер б) Алкиндер в) Алкадиендер г) Арендер

    1. Спирттерден молекулааралық әдіспен су бөлінгенде қандай зат түзіледі?

А) Алкендер ә) Алкиндер б) Алкадеиндер в) Жай эфирлер г) Кетондар

    1. Спирттер класының функционалдық тобы:

А) Гидроксил ә) Карбоксил б) Карбонил в) Формил г) Ацетил

    1. Глицерин теріні жұмсарту үшін қолданылады, себебі не?

А) Глицериннің гигроскопиялық қасиеті жоғары

ә) Глицериннің атомдылығы жоғары болғандықтан

б) Глицериннің тұтқырлығыжоғарылығынан

в) Глицериннің аққыштығы нашар болғандықтан

г) Глицериннің қайнау температурасы жоғары болғандықтан (2100)


    1. Метанол тотыққанда не түзіледі?

А) пропаналь ә) этаналь б) Ацетон в) Формальдегид г) ацетангидрид

    1. Біріншілік спирттердің тотығуы нәтижесінде мына заттардың қайсысы түзіледі?

А) Ацетон ә) Ацетангидрид б) Ацетальдегид в) Альдегид г) Ацетамид

    1. Пропеннің гидратациясы нәтижесінде мына спирттердің қайсысы түзіледі?

А) Пропанол-1 ә) Пропанол-2 б) Пентанол-3 в) Пентанол-2 г) Пентанол-1

    1. Нитроглицерин мына қосылыстар кластарының қайсысына жатады?

А) Нитроалкан ә) амин б) Нитроспирт в) Күрделі эфир г) Нитроалкен

    1. Спирттердің гомологтық қатарының алғашқы өкілдері неліктен суда шексіз ериді?

А) Спирттер полярлы қосылыстар болғандықтан

ә) Гидратация оңай жүретіндіктен

б) Спирттер мен су молекулаларының арасында сутектік байланыс түзілетіндіктен

в) Гигроскопиялық қасиеттері жоғары болғандықтан

г) Су молекуласы жақсы еріткіш болғандықтан


    1. Инъекция жасағанда ине шаншитын жерді спиртпен сүртіп, соңынан инені суырып алғаннан кейін тағы да спиртпен өңдейді. Себебін түсіңдіріндер.

А) Спиртпен бірінші рет дезинфекциялау үшін, ал екінші рет теріні ұйыту үшін сүртеді

ә) спирт жақсы еріткіш болғандықтан

б) Спирт коагулянт болғандықтан

в) Спирт антиоксидант болғандықтан

г) Спирт антикоагулянт болғандықтан
Тапсырма 4. Бірін-бірі бағалау картасы.

Аты-жөні

Теориялық сұрақ

Тәжірибе

Есеп

қорытынды

1













2












№5 тапсырма плакат (тақтаға ілу)



Аты-жөні

Ауызша сұрау

Тест

Теория

Қорытынды

№6 тапсырма (плакат) (тақтаға ілу) қолданылуы



Пайдасы

Медицинада

Еріткіш

Этилен алу



Дәрі-дәрмек

Иіс су, иіс сабын

Эфир

Арақ (табыс көзі)



Зияны

Адамды аздырады

Түрлі қылмысқа итермелейді

№7 тапсырма. Аймақтық материал. Үлкен Нарын ауылы бойынша диаграмма

40% этил спиртінің өтілуі Ішімдіктен уланған адамдар (1жылда) поликлиникадағы

деректер Үлкен Нарын-Катонмен бірге (321)

50 арақ саны

45 40 бут

40 35 бут

35

30

25



20

15 15 бут

10

бәйтерек мейрамханасы


тапсырма №8 Мамандар сөйлейді

тапсырма №9 Маскүнемдік туралы ғұламалар не дейді?



  1. Мас болу-өз еркімен жындау деген сөз (Аристотель)

  2. Бұзықтықтың көбі мастықтан болады (Л.Н.Толстой

  3. Маскүнемдік-ақылдан ажырасуға жаттығу деген сөз (Пифагор)

  4. Қыруар пәле шарап құйылған ыдыстың түбінде жатыр. (И.Вазов)

Тапсырма №10

Ертедегі спирт ішімдігіне салынған тыйымдар дерегінен


  1. Ежелгі мысырда арақты құлдар ғана ішкен.

  2. Бай ырғы Қытай императорлары маскүнемдікке бой ұрғандарды өлім жазасына кескен.

  3. Ежелгі Римде 30-ға толмағандарға арақ ішуге мүлдем тыйым салынған

  4. Үндістанда маскүнемдерге сыйырдың қайнап тұрған зәрін ішкізіп өлтірген.

  5. Ресейде 1Петр тұсында арақ ішкендердің мойындарына салмағы 17 фунт келетін медаль тағып қойған.

  6. Америкада 1885 жылы “құрғақ қасық” заңын енгізген.

Тапсырма №11 (тақпақ)

Арақпен достасқаның-денсаулықпен қоштасқаның

Қолданған әдебиеттер.


  1. Химия, сандық есептер шығару әдістемесі М.Б.Усманова, К.Н.Сақариянова

  2. А.М.Радецкий, В.П.Горшкова

Дидактический материал по химий Москва просвещение 2002ж 8-9

  1. Учебная литература Г.М.Чернобельская, Химия 1991 Н.Н.Чертков

  2. Сейітқалиев Қ. Органикалық химия “Қайнар” баспасы 1993

  3. “Биология, гшеография және химия” журналы 2002 №6; №1; №2 2004 №6

Үлкен Нарын ауылдық лицейі


Химия пәні 11- сынып


Ашық сабақ



Тақырыбы:

Спирттер және оның адам ағзасына зиянды әсері”


Өткізген: Кожикова Б.М.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет