Сабақтың тақырыбы: Сүт қалай ұйықтады? Сабақтың мақсаты



Дата16.06.2016
өлшемі35.65 Kb.
#138904
түріСабақ
Аймағамбетова Зоя Серікқызы,

№8 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі

Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы

Сабақтың тақырыбы: Сүт қалай ұйықтады?


Сабақтың мақсаты:

а) Білімділігі: Оқушыларды ертегі мазмұнымен таныстырып, негізгі ойды, идеяны ұғындыру.

ә)Дамытушылығы: Оқу мен жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Сөздік қорын байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық қабілетін арттыру.

б)Тәрбиелілігі: Ұлттық тағам түрлерін, олардың пайдасын, жасалу жолдарын білгізе отырып, асты қадірлеу дұрыс тәрбиелеу мәдениеттілігін үйрету. Жақсы мен жаман қылықтарды ажырата білуге, ақтың қадірін білуге, төкпеуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: слайд Оспанхан Әубәкіровтың, бейнесі, өмірбаяны, ребус, сөзжұмбақ, сүт, айран, құрт суреттері.

Сабақтың түрі: аралас сабақ, ойын сабақ

Сабақтың пәнаралық байланысы: қазақ тілі, дүниетану, математика

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ- жауап, әңгіме, тірек схема, көрнекілік

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі: Топқа бөлу. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Үй тапсырмасын тексеру: Салақтық

Сұрақ-жауап арқылы үй тапсырмасын пысықтау.

А.Құнанбаевтың бес асыл, бес дұшпан деп нені айтқанын еске түсірейік.

Салақтық дегенде не түсінеміз?

Үйге берілген Ы.Алтынсариннің әңгімесінің мазмұнын сұрау. Мәтіндегі нақыл сөздерді оқимыз (Тазалық - денсаулықтың кепілі.) Салақтық сөзіне

Мағынасы жуық сөздерді айтыңдар? (ұқыпсыздық, жалқаулық)

Қарсы мәндес сөздерді табыңдар? (таза, ұқыптылық)

Ой тастау. Балалар, біз өткен сабақтан қандай жаман әдеттен аулақ болу керектігін білдік және қандай әдеттерді білеміз?

Ой қозғау: Жаман әдеттердің бірі ұйқышылдық екен, неге?

Ұйқышылдық: жалқау, басы ауырады, сабақтан кешігеді, ісі өнбейді, ерінеді, жігерсіз.

Жаңа сабақ:

Олай болса, бүгінгі біздің танысатын жаңа сабағымыз ұйқышылдық төңірегінде құрылған ерте ерте ертеде деп басталатын не екен. Ертегі екен. Олай болса жаңа сабағымыздың тақырыбы: Сүт қалай ұйықтады? (ертегісі). Ертегі деген не?

Ертегіден халқымыздың тұрмыс- салтын, әдет ғұрпын білеміз.Онда қиындық пен ғажайып оқиғалар араласып айтылады. Ертегі халық ауыз әдебиетіне жатады. Бірақ бүгінгі өтетін ертегіміздің авторы бар. Сондықтан, ол әдеби ертегіге жатады. Ертегімен таныспас бұрын авторымен танысып алайық.

Оспанхан Әубәкіров 1934-1986 жылы Алматы облысы Жамбыл ауданында дүниеге келген. «Қағаз қалпақ», «Қожанасыр чемпионы» деген балаларға арналған кітаптары бар. Сықақшы жанрын дамытуға үлес қосқан. Оның шығармаларында қоғамға жат қылықтар өткір тілмен саналады. Оқулықпен жұмыс

Жаңылтпашты жаңылмай айтамыз?

-Кәне, қай топ бастайды?

Ұйқышыл кісіні ұйқы қысты,

Ұйқышыл кісінің ұйқысы күшті.

Ертегіні мәнерлеп оқып беру. Сурет бойынша мазмұндау.

Сүтті қайдан аламыз? Қандай малдың сүтін ұйытуға болады?

Ертегідегі негізгі кейіпкерді атау тапсырылады.

Сүт ел жұрт әже
Ұйықтап қалған әңгімелейді оны сүзіп құрт жасайды

Кейіпкерлерді анықтаған соң тізбектей оқытамын.

Сергіту сәті: Балалар әуенге билейді.

Енді топпен жұмыс

1-топ Ертегіден елдің сөзін тауып, әуеніне сай оқы.

2-топ Өлең неліктен ертегіге жатады?

3-топ Мақалды оқып, мәнін аш.

1-топ Сүт әрекетін әңгімеле.

(Сүт айран дорбаға құяды сары су ағады құрт)

2-топ Сүтті неліктен көп ішу керек деп ойлайсың?

3-топ Негізгі ойды тауып оқу.

1-топ тақырыпқа қатысты ырым-тыйым сөздерді ата?

А) малды басқа ұрма ә) малды теппе, сүтті төкпе б) Сиырдың сүті тілінде в) малды бақсаң сиыр бақ, сүт кетпейді шарадан г) сауылған сүттің бетін ашық қоюға болмайды. Беті ашық қалса, шаң-тозаң немесе улы жәндіктер түсіп кетіп, сүтті бүлдіреді.

2-топ Сызба арқылы белгіле




Сұрақ

Жауап

Мал атасы

Сұйық, ақ түсті,ұйықтайтын қасиеті бар

Сүт қасиеті

Шопан ата, Зеңгі баба, Сексек ата, Ойсыл қара.

Мал төлдері

Еті, жүні, сүті, терісі

Мал пайдасы

Қозы, лақ, бұзау, бота, құлын

3-топ Сүттен жасалатын тағамдарды ата?

Жұмбақ шешіңдер:

1.Екі айнасы бар, Сыртылдаған тұяғы бар,

Екі найзасы бар. Бір желпеуіш сияғы бар. (Сиыр)
2.Сылдыр сұйық су емес, Ақ болсада қар емес,

Сөзжұмбақ шешу арқылы бекіту.

Қорытынды: Ой тастау

-Балалар, осы сүттен ұйып айран болған сендерге ұнай ма? Жауаптарын тыңдау.



Үйге: Ертегіні мәнерлеп оқып келу. Балалар бағаланады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет