Сабақтың тақырыбы: Тарих тағылымы



бет4/4
Дата18.02.2023
өлшемі27.17 Kb.
#469754
түріСабақ
1   2   3   4
9,10,11-сыныптан тыс

Соңғы ҮІІ кезең «Тарихи тұлғаны таны» деп аталады. Аты айтып тұрғандай мен тарихи тұлғаларға мінездеме беремін,сендер оның кім екенін табуларың керек. (Әр топ кезекпен жауап береді)

  1. Қазақстанда 1916 жылы өріс алған ұлт-азаттық көтерілістің басшысы.Торғай уезі Қайдауыл болысының 3-ауылында кедей шаруа отбасында туған.Ол байларға жалшы болды,еңбекші халықтың тартқан қайғы қасіретін,ауыр тұрмысын көрді.1905-1907 ж орыстың 1- революциясының азаттық идеясы ықпалымен шаруалардың байларға қарсы күресіне қатысты.

(Амангелді Иманов)
2.Кеңес –Герман соғысында жасаған ерлігі баршаға аян.Ол алғашқылардың бірі болып,Берлинде Рейстагтың үстіне қызыл туды тікті.Ақмола облысындағы қыстақта дүниеге келген. (Рақымжан Қошқарбаев)
3. 2-дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері.Халық қаһарманы,қазақтың көрнекті жазушысы.Туған жері Жамбыл облысы.Әскери міндетін өтеуге шақырылып,запастағы командир атағын алады. Қызыл Армия қатарында,түрлі әскери бөлімдерде взвод, рота командирі болады.
( Бауыржан Момышұлы)
4.Тәуке заңдар жинағын жасауға қатысқан,Жоңғар басқыншылығына қарсы азаттық күрес ұйымдастырушылардың бірі. ХҮІІІ ғ 40 жылдары Абылайды жоңғар тұтқынынан құтқарған.Шешендігімен өз жауын жыққан,қазақ тарихындағы ұлы тұлғалардың бірі. ( Қазыбек би)
5. Қатаң тәртіп орнатуда атасының саясатын жүргізген.Үш жүздің руларын саясаткер,дипломат хан ретінде бір ту астына жинаған,әскер санын 20 мыңға жеткізген адам. І Николай оның басын кесіп әкелгендерге бәйге жариялады. Оның сардарбегі Амангелдінің атасы Иман болды.(Кенесары хан)
6.Әз Жәнібектің ұлы.Оның тұсында Қазақ хандығының саяси ықпалы күшейіп,ірі қуатты хандыққа айналды.Оның тұсында қазақ саны 1 000 000-ға жетті. (Қасым хан)

Қай топ жеңгенін қорытындылап,мадақтау.


Қатысқандарыңызға көп рахмет!
І-топ
1.Қазақстанда 1916 жылы өріс алған ұлт-азаттық көтерілістің басшысы.Торғай уезі Қайдауыл болысының 3-ауылында кедей шаруа отбасында туған.Ол байларға жалшы болды,еңбекші халықтың тартқан қайғы қасіретін,ауыр тұрмысын көрді.1905-1907 ж орыстың 1- революциясының азаттық идеясы ықпалымен шаруалардың байларға қарсы күресіне қатысты.
2. 2-дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері.Халық қаһарманы,қазақтың көрнекті жазушысы.Туған жері Жамбыл облысы.Әскери міндетін өтеуге шақырылып,запастағы командир атағын алады. Қызыл Армия қатарында,түрлі әскери бөлімдерде взвод, рота командирі болады.
3.Қатаң тәртіп орнатуда атасының саясатын жүргізген.Үш жүздің руларын саясаткер,дипломат хан ретінде бір ту астына жинаған,әскер санын 20 мыңға жеткізген адам. І Николай оның басын кесіп әкелгендерге бәйге жариялады. Оның сардарбегі Амангелдінің атасы Иман болды.

ІІ-топ

1.Кеңес –Герман соғысында жасаған ерлігі баршаға аян.Ол алғашқылардың бірі болып,Берлинде Рейстагтың үстіне қызыл туды тікті.Ақмола облысындағы қыстақта дүниеге келген.

2.Тәуке заңдар жинағын жасауға қатысқан,Жоңғар басқыншылығына қарсы азаттық күрес ұйымдастырушылардың бірі. ХҮІІІ ғ 40 жылдары Абылайды жоңғар тұтқынынан құтқарған.Шешендігімен өз жауын жыққан,қазақ тарихындағы ұлы тұлғалардың бірі




3.Әз Жәнібектің ұлы.Оның тұсында Қазақ хандығының саяси ықпалы күшейіп,ірі қуатты хандыққа айналды.Оның тұсында қазақ саны 1 000 000-ға жетті.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет