Ортасы (20 мин)
|
Аймақ коды
|
Аймақ
|
01
|
Астана
|
02
|
Алматы
|
03
|
Ақмола облысы
|
04
|
Ақтөбе облысы
|
05
|
Алматы облысы
|
06
|
Атырау облысы
|
07
|
Батыс Қазақстан облысы
|
08
|
Жамбыл облысы
|
09
|
Қарағанды облысы
|
10
|
Қостанай облысы
|
11
|
Қызылорда облысы
|
12
|
Маңғыстау облысы
|
13
|
Түркістан облысы
|
14
|
Павлодар облысы
|
15
|
Солтүстік Қазақстан облысы
|
16
|
Шығыс Қазақстан облысы
|
17
|
Шымкент
|
18
|
Абай облысы
|
19
|
Жетісу облысы
|
20
|
Ұлытау облысы
|
|
ІІІ Аялдама « Шымкент»
Топтық тапсырма
«Рөлдік ойын» арқылы
І топ – Ана мен қыз
ІІ топ – Ата мен немере
ІІІ топ – Әже мен немере
Берілген тапсырма бойынша оқушылар тақырыпқа байланысты қысқа көрініс көрсетеді.
Бағалау: «Қымыз»
IV Аялдама «Түркістан»
«Қоржын» әдісі арқылы жағдаяттық сұрақтар
Сіз және досыңыз жолда келе жатырсыз, жолдың арғы берінде қарт әжей ауыр сөмке көтеріп бара жатыр. Сіздің әрекетіңіз?
Сіздің досыңыз өз көлігін таппай тұр. Себебі екі бірдей көлік тұр, сіз қалай көмек берер едіңіз?
Сіз саябақта серуендеп жүрсіз. Алдыңызда 3 жаса бала анасын таппай жылап жүр. Сіздің әрекетіңіз?
Сіздің ініңіз немесе сіңіліңіз үйде әрдайым сізді жұмсайды. Су алып бер, ойыншықтарды жина деп. Бұл дұрыс па?
Сіз ақсақалсыз. Ауыл жастарының бірлігі жоқ екенін байқадыңыз. Сіздің әрекетіңіз?
Сіз досыңыз екуіңіз мектепке келе жатырсыз, алдыңыздан екі көлік шықты. 02 202АНС нөмерлі көлік оңға бұрылса, 01 777 РСВ нөмерлі көлік солға бұрылды. Сіз мектепке жеткенге досыңыз сізден оңға және солға бұрылған көліктердің қай қаладан келгендерін сұрады. Сіздің жауабыңыз?
Бағалау: «Жент»
|
Сұрақтар
|