Сабақтың тақырыбы Тәуелсіз елім-тұғырың сенің биікте Сабақ мақсаты


Бүгінгі өткен Ш.Мұртазаға арналған тәрбие сағатымыздан біраз мәліметтер алдық. Сабағымызды қортындылай келе сұрақ-жауап



бет3/3
Дата12.04.2024
өлшемі29.31 Kb.
#498468
түріСабақ
1   2   3
Бекітемін1111111

Бүгінгі өткен Ш.Мұртазаға арналған тәрбие сағатымыздан біраз мәліметтер алдық. Сабағымызды қортындылай келе сұрақ-жауап.

Ш.Мұртаза кім?

Құрметті оқушылар бүгінгі тәрбие сабақа қатысқандарыңызға көп – көп рахмет!


Бір-біріне өз ойларын білдіру.








Бекітемін:



Педагогтің аты-жөні

Алжанова Э

Күні:

15.01.2024

Сынып: 4«В»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Туған өлке ақындарының шығармалары
Ұлы қазақ ақыны,ағартушы Абай Құнанбайұлы.

Сабақ мақсаты

Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, шығармаларына шолу жасау, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу. Сөз өнерінің қыр – сырымен таныстыру.Көркем сөйлеуге , өз бетімен іздене білуге , шығармашылықпен жұмыс істеуге көмектесу. Оқушыларды туған жерге деген сүйіспеншілікке, Отан тыныштығын қорғауға, адамгершілікке, табиғат әсемдігін түсінуге, қасиетті нәрселерді қадір тұтуға тәрбиелеу. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың барысы.




Сабақтың кезең
уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурс
тар

Басы

Психологиялық ахуал қалыптастыру.
Жұмыс ережесін келісу

  • Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

  • Уақытты үнемдейміз!

  • Нақты,дәл жауап береміз!

  • Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

  • Сабаққа белсене қатысып, жақсы бағааламыз!

Психологиялық ахуалға берілген тақпақтарды дауыстап айтып, тілді жаттықтыру және жаңа сабаққа назар аудару.




Психологиялық ахуал.



Ортасы

 Құрметті оқушылар! Бүгінгі тәрбие сағатымыз « Ұлы қазақ ақыны,ағартушы-Абай Құнанбайұлы» шығармашылығына арналады. Бұл кеште Абайдың өлеңдері, әндері мен шығармаларының үзінділерімен танысасыздар. Абай философ ,заңгер ,ақын, аудмашы,сазгер,дара ойшыл ,кемеңгер ,Абай жазба әдебиетінің негізін салушы ,гуманист , қоғам қайраткері, әділ би, ағартушы-ұстаз. Абай қазақ тіліне А. С. Пушкиннің, Ю. М. Лермонтовтың, Л. Н Толстойдың, Салтыков –Шедриннің, Гетенің шығармаларын қазақшаға аударды.
Өлсе өлер табиғат, адам өлмес.
Ол бірақ қайтіп келіп ойнап – күлмес.
Мені мен, менікінің айырылғанын,
“Өлді” деп ат қойыпты өңкей білмес.
Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.
Өлді деуге сыя ма, айтыңдаршы.
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған – дегендей бүгін біз артында өлмейтұғын сөз қалдырған ұлы ақын атамыз – Абай Құнанбайұлы туралы сөз қозғамақпыз.
Ал енді белсенді тақтаға назар аударайық Абай Құнанбаевтің өмірбаяны туралы видиосюжетті тамашалайық.
Абай – Ибраһим.
Абай 1845 жылы жылан жылында туылып, 1904 жылы 60 жасында Семей уезінің Шыңғыс болысында дүниеден қайқан. Негізгі аты – Ибраһим болса да, «Абай» деп жас Ибраһимді анасы Ұлжан еркелетіп атаған. Содан бері бұл есіммен Абай тарихқа енді.
Абайдың бар өмірі өзі туып өскен Шыңғыс болысы, қазіргі Абай ауданы, бұрынғы Семей облысында өтті. 
Әкесі - тілге шешен, ақылға бай, қатыгез, ал шешесі керісінше ағайын-туысқа қайырымды, мінезі жұмсақ, тілге бай адам болған.Міне, сәби шағынан-ақ Абай от пен судай екі ұдай, кереғар мінезді адамдар ортасында өмір кешті. Аяулы әжесі Зере мен анасы Ұлжанның жас бала қиялы мен санасының, мінез-құлқының қалыптасуына әсері мол болды. Ол екеуі айтқан ертегі, аңыз-әңгіме, күлдіргі, мысқыл, ел басынан өткен тарихи оқиғалар зерделі бала-Абайдың санасына біртіндеп сіңе берді. Осылайша, бала Абай өз халқының рухани ой қазынасына қанығып өсті. 
Абай – ақын.
- Ұлы ақынның туған жері – табиғаты тамаша Семей жері, Шыңғыс тауының етегі. Осы туған жердің табиғаты, туған отбасы, заманы –барлығы Абайдың сезіміне, жүрегіне әсер етіп, оның ақындығына ықпал етті. Енді өзіміз білетін Абай атамыздың өлеңдеріне кезек берелік.
- «Қыс»
- «Жазғытұры»
- «Жаз»
- «Күз»
- «Ғылым таппай мақтанба»
- Көріп отырғандай ақын өз өлеңдерінде қараңғылық, надандық, кертартпалықпен күрескен, халық қамын ойлаған, жастарды білімге, еңбекке, өнерге шақырған.

Балалар өз ойларын білдіру.



Форма
тивті бағалау.

ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.



.


Соңы

  1. Абай – дара, Абай – кемел, озат та,
    Жол салады әр өлеңі ғажапқа!
    Бар жазғаны даналық боп саналған,
    Жалғыздардың жалғызы ол – қазақта.
    Мыңмен жалғыз алысқан,
    Арыстандай ер еді.
    Әр ақынды кезеді
    Абайдың өлең-өзені.

  2. Осымен ашық тәрбие сағатымыз аяқталды,назарларыңызға рахмет.

Бір-біріне өз ойларын білдіру.










Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет