Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:синус,косинус,тангенс,котангенс,бұрыш,формула,квадрат бөлшек,қос бұрыш,жарты бұрыш.
Диалогтер мен жазу үшін қолданылатын тіркестер: Негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктер….,
тригонометриялық функциялардың қосу формулалары….,
қос бұрыштың тригонометриялық функциялары дегеніміз…,
Жарты бұрыштың тригонометриялық функциялары дегеніміз …,
бөлшекті қысқарту…,
тригонометриялық функциялардың қасиеттері...
қысқаша көбейту формулалары….
Тригонометрия элементтерін біледі,тригонометриялық функциялардың таңбаларын анықтай алады,қосу формулаларын қолдана алады.
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/Уақыты
Педагогтің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басы Қызығушылықты ояту.
Ұжымдық жұмыс.
3 мин. Миға шабуыл. «Ой қозғау» әдісі.
Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, сыныпта жағымды атмосфера қалыптастыру. Оқушыларды төртке дейін санау арқылы төрт топқа бөлу.
Үй тапсырмасын тексеру.
1.Үшбұрыштар теңдігінің белгілерін ата
2. Теңбүйірлі үшбұрыштың анықтамасы ата
3. Тікбұрышты үшбұрыштар теңдігінің белгілері мен қасиеттерін көрсет
4. Үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштарының арасындағы қатынастарды ата
5. Параллель түзулердің белгілері мен қасиеттері көрсет
- оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын анықтау: екі бұрыштың қосындысының тригонометриялық формулаларындағы бұрыштар өзара тең болса , онда бұл формулалар қандай түрге келеді?
Шаттық шеңберін құрып «Өзіңе тілегенді,өзгеге тіле»! әдісі арқылы бір-біріне тілек айтып,жақсы көңіл күй сыйлайды.
Мақсаты: Оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.
Тиімділігі: Оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл -күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.
«Көршіңді тексер» әдісімен бір бірінің үй жұмысын тексереді және бағалайды.
Мұғалім ұйымдастыру кезеңінде белсенділік танытқан оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!» Топ жұмысын бағалау кестесі.(+дұрыс,-дұрыс емес).
Оқулық 7-сынып.
Ұжымдық жұмыс.
10 мин.
«Джигсо» әдісі
Жаңа тақырыпты меңгеру.
«Джигсо» әдісі арқылы тапсырма және сұрактар беремін.
1. Екі үшбұрыштың үш қабырғасы және үш бұрышы тең, олар тең үшбұрыштар ма?
2. Барлық қабырғасы тең үшбұрыш тең бүйірлі үшбұрыш па?
3. Екі тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрыштары тең, олар тең
үшбұрыштар ма?