Соңы
(5 мин)
|
Бекіту
Жасырылған сөзді табу. Тазша бала туралы не білетінін айту.
Үй тапсырмасы. 51-жаттығу. Оқулықтағы ережелерді қайталап, жаттау тапсырылады.
|
Дәптердегі шығармашылық тапсырма орындалады.
Жасырылған сөзді тиісті қарын- дашпен суретті бояу арқылы табады. Тазша бала туралы не
білетінін айтып, әңгімелейді.
|
Өзін-өзі бағалайды.
|
Түрлі түсті қарын- даштар
|
Рефлексия. «Бағдаршам» арқылы оқушы- лар бір-бірін бағалайды.
|
Сабаққа, бір-бірінің іс-әрекетіне кері байланыс береді.
|
«Бағдар- шам» әдісі
|
Кері байла- ныс тақтай- шасы
|
97-сабақ
Бөлім:
|
Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті
|
Педагогтің аты-жөні
|
|
Күні:
|
|
Сынып:
|
Қатысушылар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы
|
Зат есімнің жекеше және көпше түрі
|
Оқу бағдарла- масына сәйкес оқыту мақсат- тары
|
2.1.2.1 мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжау;
2.2.4.1 мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтау;
2.4.2.2 көптік жалғауларын дұрыс қолдану;
2.1.5.1 аудио-бейнежазба мазмұнына өз ойын (ұнайды/ұнамайды, себебі ..., пайдалы/пайдасыз бол- ды, себебі ...) білдіру
|
Сабақтың мақ- саты
|
Мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжайды. Мұғалімнің көме- гімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтайды. Көптік жалғауларын дұрыс қолданады. Аудио- бейнежазба мазмұнына өз ойын білдіреді.
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың ке- зеңі/уақыт
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Басы
(5 мин)
|
Психологиялық жағымды ахуал қалып- тастыру.
«Шаттық шеңберіне» тұру. Қуанамын мен де, Қуанасың сен де, Қуанайық, достарым, Арайлап атқан күнге.
– Балалар, көңіл күйлерің қалай?
Егер жақсы болса, қол шапалақтаймыз.
|
Барлығы дауыстап бірге айта- ды.
|
|
Танысты- рылым
|
Ортасы
(35 мин)
|
«Ол не?» ойыны. Қағаз қалтаның ішіндегі су- ретте не жасырылғанын, ол үшін сол заттың атын, пішінін, түрін, қызметін жетекші сөз- дер арқылы жетелей отырып табу көзделеді.
Жұмсақ емес.
Пішіні бірдей, көлемі әртүрлі болады.
Киелі саналады.
Қолға ұстауға ыңғайлы...
Осылайша оқушылар «домбыра» сөзін айт- қанға дейін жалғасады.
Жұмбақ жасыруға да болады.
Басы бар, денесі жоқ, бойы бір кез, Табарсың болсаң зерек осыны тез. Қозғалсаң қос құлағын тігіп алып, Тамаша әр тараптан айтады сөз.
Шешуі: домбыра.
|
Оқушылар да өз ойларынан жұмбақ жасыруына болады. Жасырылған жұмбақтардың шешуін табады.
|
|
|
|
54-жаттығу ауызша орындалады. Мәтінді түсініп оқытып, мазмұнымен жұмыс жүр- гізіледі. Мәтіндегі негізгі ой анықталады. Ол үшін жетекші сұрақтар қойылады.
– Қандай музыкалық аспаптарды білесіңдер? Мәтінде қандай үрлемелі аспаптар туралы айтылды?
|
Мәтінді түсініп оқиды. Сұрақтарға жауап береді. Негізгі ойды анықтайды. Өздері ойнай алатын музыка- лық аспаптар жайлы айтып береді.
|
ҚБ.
«Отша- шу» арқылы бағалау.
|
351
352
|
55-жаттығу жазбаша орындалады. Қобыз, жетіген, сыбызғы аспаптары жайлы білетін- дері сұралады.
Күй атасы кім? Қандай күйшілерді білесіңдер?
Өздеріңнің қызыға тыңдайтын күйлерің бар ма? Несімен баурады? Қорқыт ата тура- лы естігендерің бар ма?
Құрманғазы, Қорқыт бабалары мен Дина апалары жайлы қысқаша мағлұмат беріледі. 56-жаттығу көру диктанты түрінде жүр- гізіледі. Интербелсенді тақтадан жаңылт- пашты барлығы хормен дауыстап оқиды, қайталайды, тыныс белгілеріне назар ау- дарады. Өшіріп қойып, жатқа жазуларын қадағалайды.
Дескриптор:
жаңылтпашты барлығы дауыстап, түсініп оқиды;
хормен және жекелей дауыстап жатқа айтады;
көру диктанты ретінде жатқа жазады;
зат есімдердің жекеше, көпше түрін табады.
Сергіту сәті
«Бұлт үстіндегі саяхат»
Балалар, көздеріңді жұмып, ыңғайлы оты- рыңдар. Екі-үш рет терең дем алыңдар. Мен сендерді бұлт үстіне саяхатқа шақырмақшы- мын.
|
Суреттегі аспаптардың атын табады. Оларды көпше түрде жазады.
Сөздерді сөз құрамына талдай- ды. Сұрақтарға жауап береді.
Жаңылтпашты жатқа жазады. Зат есімнің жекеше, көпше түрін табады.
Жазып болған соң, бір-бірін жұпта тексеріп, қателерін түзейді.
Сергіту сәтін орындайды. Баяу әуенмен айтылған сөз-
дерді тыңдай отырып жасайды. Балалар бір сәт өздерін ғажа- йып әлемге барып қайтқандай демалып алады.
|
ҚБ. Жұл-
дыздар арқылы бір-бірін бағалау.
|
Домбыра
Домбыра, қобыз, жетігеннің суреттері
|
|
Аппақ мамықтай бұлт үстіне секіріңдер. Аяқ-қолдарың, денелерің осы үлкен бұлт жастыққа ыңғайлы орналасқанын сезінің- дер. Саяхат басталды. Бұлт жайлап, көк аспанға көтерілді. Самал жел беттеріңнен сипап жатыр. Биік таулардан, көк теңіз, сулардың үстінен өттіңдер. Биік аспанда мүлгіген тыныштық орнаған. Бұлт өздеріңді бақытты сезінетін жерге жеткізді. Бұл жер- де сендер өздеріңді өте жайлы сезінесіңдер. Осы жерде досыңа, құрбыңа жазған ха- тыңды шарға байлап ұшырып жібердің (30 секунд). Енді сендер тағы да бұлт үстіндесің- дер. Ол сендерді сынып ішіне әкеле жатыр. Бұлттан түсіп, оған рақмет айтыңдар. Бұлт ақырындап ыдырай бастады. Қолдарыңды созып, көздеріңді ашыңдар.
57-жаттығу. Тәжірибе жасау тапсырылады.
|
Сөздердің түбірін қағазбен жауып, жабылмаған жалғау- ларды оқиды. Жалғау- лардың неге әртүрлі екенін түсіндіреді.
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |