Сабақтың тақырыбы: Тұқым. Тұқым құрылысы



жүктеу 68.19 Kb.
Дата15.06.2016
өлшемі68.19 Kb.
Қызылорда қаласы №257 орта мектебінің

биология пәні мұғалімі Байтасова Айгүл
Сабақтың тақырыбы: Тұқым. Тұқым құрылысы.

Сабақтың мақсаты: Тұқым құрылысы, дамуы және қос жарнақты, дара жарнақты тұқымдардың құрылысы ерекшеліктері жөнінде жалпы мағлұмат беру.

Сабақтың білімділік мәні: Оқушыларға тұқымның құрылысы туралы мағлұмат бере отырып, зертханалық жұмыстар арқылы негізгі ұғымдарды қалыптастыру.

Сабақтың дамытушылық мәні: Оқушылардың белсенділігін арттыру, ойлау қабілетін, шапшаңдылығын дамыту, өз бетімен жұмыс істеп, талаптануын арттыру.

Сабақтың тәрбиелік мәні: Оқушылардың ақыл-ойын, ғылыми дүние танымын қалыптастыру, экологиялық тәрбие беру.

Сабақтың міндеті: Табиғатта өсімдіктердің тұқым арқылы таралатынын, қос жарнақты және дара жарнақты тұқымдардың ерекшеліктері, тұқым жарнақтың маңызы жөніндегі теориялық білімін практикада пайдалануды іске асыру.

Сабақтың көрнекі құралдары: Алдын-ала суға жібітілген тұқымдар (үрмебұршақ пен бидай), өткір ұстара, ұлғайтқыш қол әйнегі, сызбанұсқа, тұқым құрылысы-аппликация, тест, биологиялық есеп.

Сабақтың түрі: Интерактивті сабақ,

Биологиялық ойын .

Зертханалық жұмыс.

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгеру.

Сабақтың әдісі: Ұжымдық ойлау әрекеті технологиясы, тірек-сызба, сұрақ-жауап, оқулықпен жұмыс.

Сабақтың пән-аралық байланысы: Математика, экология, биология.

Сабақтың құрылымы:


  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Өткен сабақты сұрау (тест, биологиялық ойын).

  3. Жаңа сабақ. Зертханалық жұмыс.

  4. Бекіту жұмыстары (сызба), қорытынды.

  5. Бағалау.

  6. Рефлексия

  7. Үйге тапсырма.

І. Сыныпты түгендеу.

Оқушыларды 4 топқа бөлу. Топ жетекшілерін сайлау. Топ жетекшілері жауап беріп отырған оқушыны белгілеп отырады. Әр топқа ұжымдық ойлау әрекетінің ережесі таратылады.



Ұжымдық ойлау әрекетінің ережесі:

  1. Тыңда және басқаны түсіне біл.

  2. Сұрақтың мазмұнын түсін, қайшылықты тап.

  3. Оған дәлелді жауап құрастыр.

  4. Дауысыңды көтермей, заңдар мен ғылыми фактілерге сүйене отырып, өз көзқарасыңды қорғай біл.

  5. Қателесуің мүмкін-бұл заңдылық, маңыздысы оны байқап, кемшілікті түзеу.

  6. Кім өз көзқарасын ғылыми тұрғыдан дәлелдесе, сол әділ.

ІІ. Өткен сабақты сұрау. Биологиялық ойын. «Кім шапшаң?».



«Экологиялық соқпақ» бөлімі. Бұл соқпақта үш кедергі бар. Әр біреуінде екі сұрақтан жасырынған.

  1. «Қышқылды жаңбыр» кедергісі:

а). Жемістер қалай бөлінеді?

ә). Шырынды жемістер неге бөлінеді?

2. «Ядролық сынақ аймағы» бөгеті:

а). Құрғақ жемістер неге бөлінеді?

ә). Тозаңдану дегеніміз не?

3. «Бетін мұнай жапқан теңіз» бөгеті:

а). Ұрықтану дегеніміз не?

ә). Айқас тозаңдану дегеніміз не?



«Сәйкестік тесті» (5 мин). «Кім жүйрік?»

Жұптық жұмыс (қатар отырған екі бала бір-бірінің жұмысын тексереді).

І. Шырынды жемістердің сәйкесін тап.


  1. Жидек а). Мандарин

  2. Жидек тәрізді ә). Өрік

  3. Сүйекті б). Қызанақ

ІІ. Мына құрғақ жемістерге анықтама бер.

  1. Бұршаққап а). Бір тұқымды жеміс

  2. Бұршаққын ә). Бір ұялы тұқым саны

біреу немесе бірнешеу

3. Дәнек б). Қос ұялы

ІІІ. Мына құрғақ жемістерге анықтама бер


  1. Қанатты жеміс а). Жеміс серігі тұқымымен

бірікпеген

  1. Тұқымша ә). Жеміс қабы ағаштанып

қатайып кетеді.

3. Жаңғақ б). Серігінің біраз бөлігі

жұқарып, қанатқа

айналған тұқымша.

IV. Құрғақ жемістерге қайсысы жатады?


  1. Бұршаққап а). Меңдуана.

  2. Бұршаққын ә). Асбұршақ

  3. Қауашақ б). Орамжапырақ.

V. Құрғақ жемістерге қайсысы жатады?

1. Қанатты жеміс а) Бидай.

2. Дәнек ә). Күнбағыс

3. Тұқымша б). Үйеңкі



«Тапқыр болсаң, тауып көр».

Дұрыс жауабын тап.



1 топ

Қауашақты құрғақ жемісті өсімдік;

а).Картоп ә). Күнбағыс

б). Көкнәр б). Бұршақ

Ұрықтану-

а).Тозаңданудың алдында болады.

ә). Тозаңданудан кейін жүреді.

б). Тозаңданумен қатар жүреді.



2 топ

Мақта жемісі:

а). Жидек ә). Жаңғақ

б). Дәнек в).Қауашақ

Ұрықтану дегеніміз-

а). Тозаңның аналық аузына түсуі:

ә). Тозаңның өнуі:

б). Тозаң түтікшесінің тұқым бүршігіне жетуі:

в). Тозаң түтікшесіндегі жасушаның жұмыртқажасушаға қосылуы.

3 топ

Орамжапырақ жемісі:

а). Қанатты ә). Тұқымша

б). Қауашақ в). Бұршаққын

Бір гүлде аталық пен аналық болса:

а). Бір үйлі ә). Қосжынысты

б). Даражынысты в). Екі үйлі
4 топ

Бақбақ жемісі:

а). Дәнек ә). Жидек

б). Қауашақ в). Тұқымша

Гүлдің көбеюге қатысатын мүшесі:

а). Аналық ә). Күлте

б). Аталық в). Тостағанша
III - жаңа сабақ.

Жұмбақ.

Біреуін бердім, онын тердім (тұқым)



Сабақтың тақырыбы: Тұқым. Тұқым құрылысы.

Тұқым – тұқым бүршігінен дамитын көбею мүшесі.





.

IV. Сабақты бекіту. Қорытынды.

V. Бағалау.

VI. Рефлексия.

VII. Үйге тапсырма.
Ауыз қуысында астың қорытылуы.

Мақсаты: Ауыз қуысында астың қорытылу процесі, ферменттердің ролі, тіс және оның құрылысы туралы танысып, тіс күтімін сақтауға, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

Сабақта қолданылған әдіс: Дамыта оқыту

Көрнекілік: Слаид, электрондық оқулық, тіс және ауыз қуысының моделі, плакаттар.

Сабақ барысы: Ұйымдастыру

«Қазақстан-2030» мемлекеттік даму бағдарламасында «Азаматтардың денсаулығын, білімін және ырысын жақсарту» бөлімі бар. Онық мақсаты: Салауатты өмір салтын қалыптастыру, ана мен баланы қорғау, нашақорлық, есірткі саудасымен күресу, темекі мен ішімдік тұтынудың алдын алу, тағамның сапасын жақсарту, балалардың денсаулығын нығайту, қоршаған ортаны сақтау.

Жұмбақ шешу.

Отыз екі мықты,

Қаз-қатар боп шықты.

Он алтысы асты,

Он алтысы үсті. (Тіс)

Есігін ашсаң, сайраған бұлбұл,

Есігін жапсаң, жайраған құр күл. (Тіл)

Тіс пен тіл ауыз қуысында орналасқандықтан жаңа білім беру тақырыбы:

Ауыз қуысында астың қорытылуы

Ас қорыту өте күрделі процесс. Тамақтың өзгеріске ұшырауы ауыз қуысынан басталады. Ауызға келіп түскен ас тіс және тілдің көмегімен механикалық өзгерістерге ұшырайды. Шайнау-рефлексті әрекет. Жақсылап шайналған ас сілекей құрамындағы ферменттердің әсерінен химиялық ыдырауға ұшырайды. Барлық сауықтыру туралы кітаптарда тағамды ұзақ уақыт шайнап және мұқият жұту дағдысы 60 жастағы американдық Флетчердің есіміне «флетчеризм» деп аталып көрсетіледі. Ауызға келіп түскен тағамды тістер майдалайды.



Сілекей бездері






Екі шықшыт безі

Екі жақ асты безі

Екі тіл асты безі

Ұсақ микроскопиялық без

Сілекей құрамы:

Таза күйінде 98-99% су, 1,5% әлсіз сілтілік реакция көрсететін сұйықтық, қалған мөлшері органикалық зат: нәруыз және ферменттерден тұрады.

Муцин- сілекейді жабысқақ ететін нәруыз. Лизоцим-микробтарды жоюға қатысатын нәруызды зат. Птиалин (амилаза) ферменті – крахмалды, мальтаза –дисахаридтерді глюкозаға дейін ыдырататын ферменттер.

Әрбір тістің үсті ақ түсті зат эмальмен (кіреуке) қапталады. Ол тісті үйкелуден және бактериялардың енуінен сақтайды. Оның астында қатты сүйекке ұқсас тығыз зат- дентин жатады.Тістің іші қуыс, ол борпылдақ ұлпадан құралады, оның арасынан қантамырлар мен жүйке талшықтары өтеді. Қантамырлар тіске кенеулі зат, ал жүйкелер оған сезімталдық қасиет береді.

Тістерді күту

Астың дұрыс қорытылуы үшін тістің сау болуы қажет. Ауру тістер – микробтардың жиналатын орны. Тістің ауруға шалдығуы кіреуке қабатының жарылып, сынуынан басталады. ( тіспен жаңғақ шағу, темірді тістеу, ыстық және суық тағамды бірінен соң бірін ішкенде, т.б). Оны тек тіс дәрігері- стомотолог емдей алады. Тістерді зерттейтін ғылым- стомотология. Тісті дұрыс күтпесе тіс тасы, тіс жегісі, қанжел, қанқұрт аурулары пайда болады. Тіс ауруларынан сақтану жолдарын үнемі есте ұстау керек. Салауатты өмір салтын қалыптастыруда мақал- мәтелдердің де ролі зор. Мысалы:



  1. Денсаулығы ғалымның – денсаулығы адамның. Білім заңы. 48-бап.

  2. Адамның өмірі ұзақ, бірақ оны өзі қысқартады. Сенека.

  3. Салауатты күн кешу, саналы өмір сүрумен үндесу.

  4. Дені сау адам- табиғаттың ең қымбат жемісі.

  5. Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде.

  6. Саулықтың кепілі – салауатты өмір.

  7. Апыл-ғұпыл ішкен ас, асқазанға түскен тас.

Білімді бекіту: Сабақта электрондық оқулық пайдаланылып, тапсырмалары орындалып, проблемалық сұрақтарға жауаптар алынды.

Үйге: Шығармашылық жұмыстар берілді. Тіс туралы қосымша жұмбақтар, өлеңдер жинастыру, тіс пастасын жарнамалау.



Қызылорда қаласы №257 орта мектебінің

биология пәні мұғалімі Байтасова Айгүл
1. «Тұқым. Тұқым құрылысы»

2. «Ауыз қуысында астың қорытылуы»



3. «ХХІ ғасыр көшбасшысы» биологиялық сайыс.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет