Сабақтың тақырыбы: Тұйық етістік. Сабақтың типі: білімді меңгерту Сабақтың әдісі: баяндау,сұрақ-жауап



бет12/20
Дата16.06.2016
өлшемі1.97 Mb.
#139389
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20

Сабақтың түрі : Қайталау

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі : плакат,кеспе қағаздар

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы тексеремін. Кеспе қағаздарды үлестіріп жауап талап етемін.

1.Етістік нені білдіреді ? 2.Етістік қандай сұрақтарға жауап береді ?

3.Етістік құрамына қарай қалай бөлінеді ? 4.Туынды етістіктер қалай жасалады ?



б) Жаңа сабақты түсіндіру :

Етістік – заттың қимылын,іс-әрекетін білдіретін сөз табы. Етістік не істеді ? не қылды ? қайтті деген сұрақтарға жауап береді.



Кітаппен жұмыс : 214-жаттығу. Етістіктерді тауып,олардың нешінші жақта қалай жіктеліп тұрғанын айтыңдар.

Топпен жұмыс : Оқушыларға мақал-мәтелдер айтқызып,етістікті тапқызып,талдатамын.

1.Кісі елінде күркірегенше

Өз еліңде дүркіре

2.Өз үйім - өлең төсегім.

3. Отанға опасыздық еткенің-

Өз түбіңе жеткенің

4. Ер қанаты - өнер.

5.Баланың бас ұстазы – ата-анасы.



Екеуара жұмыс : Екі оқушыға бірнеше сөйлем беріп,фонетикалық,морфологиялық талдау жасатқызамын.

Сабақты салт дара



Етістік


Күрделі тұйық етістік


Есімше көсемше
Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын

Бағалау : Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма : 217-жаттығу. Есімшелерді бір бөлек,көсемшелерді бір бөлек теріп жазыңдар.


Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақырыбы : Етістіктің сөйлемдегі қызметі

Сабақтың мақсаты: . а) Етістіктің сөйлемдегі қызметін түсіндіру;

ә) Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету. Ойлау шеберлігін,сөйлеу мәдениетін арттыру.

б) Оқушылардың білімін бақылау арқылы сауаттылыққа баулу.

Сабақтың түрі : дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі : тіл дамыту, талдау

Сабақтың көрнекілігі : плакат, кеспе қағаздар

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу, түгелдеу,оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына назар аудару



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Өткен сабақтарды қалай меңгергенін білу үшін оқушыларға кеспе қағаздар үлестіріп,жауап талап етемін.



б) Жаңа сабақты түсіндіру :


Етістік






Бастауыш

баяндауыш

толықтауыш

пысықтауыш

анықтауыш

Есімше мен тұйық етістік атау септігінде тұрып,бастауыш болады.

Етістіктер жіктеліп келіп,баяндауыш болады.

Есімше және тұйық етістік атау және ілік септіктерінен басқа септіктерде тұрып,толықтауыш болады.

Қимылдың әр түрлі қасиетін білдіріппысықтауыш болады.

Есімшелер және ілік септігіндегі тұйық етістік анықтауыш болады.

Оқу-білім бұлағы

Мен биыл бітіремін.

Білгенге маржан,білмеске арзан

Ол күлімсіреп қарады.

Оқудың шегі жоқ


Жаттығумен жұмыс: 215-жаттығу. Етістіктерді тауып,сұрақ қою арқылы сөйлемнің қай мүшесінің қызметін атқарып тұрғанын көрсетіңдер.

Тақтамен жұмыс : Тақтаға бірнеше сөйлем жазып синтаксистік, морфологиялық талдау жасайды.

Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Өткен тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Тұйық етістіктің ерекшелігі неде?

2. Тұйық етістік қалай жасалады?

3. Тұйық етістіктің қандай емлелік ерекшелігі бар?


Бағалау : Оқушылардың сабаққа жақсы қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма : 217-жаттығу.

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақырыбы: Синтаксис

Сабақтың мақсаты:

білімділік – оқушыларға синтаксис туралы түсінік беру,сабаққа деген қызығушылығын арттыру.

дамытушылық – оқушылардың іскерлігі мен біліктілік дағдыларын жетілдіре отырып,ойлау қабілетін,сөздік қорын дамыту;

тәрбиелігі – оқушыларға туыстық атаулар туралы ұғым бере отырып,алыс-жақынын тани білуге шақыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Оқыту әдісі:талдау,сұрақ-жауап,шығармашылық ізденіс,кітаппен жұмыс.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті.

Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелі кеспе қағаздар, деңгейлік тапсырмалар т.б.

Сабақтың барысы.

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу, түгелдеу,оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына назар аудару



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Өткен сабақтарды қалай меңгергенін білу үшін оқушыларға кеспе қағаздар үлестіріп,жауап талап етемін.



б) Жаңа сабақты түсіндіру :

Синтаксис –гректің «құрау,біріктіру, рет» деген мағынадағы сөзі. Қазіргі кезде синтаксис тіліміздегі сөз тіркесі мен сөйлемнің құрылым-құрылысы,басқа да ерекшеліктерін қарастыратын грамматиканың бір саласы ретінде түсініледі.

Тілдің ойды білдіреті ең кіші бөлшегі-сөйлем. Сөйлем сөздердің бір-бірімен грамматикалық байланысқа түсуі арқылы құралады.

Синтаксис сөйлемді, оның мағыналары мен түрлерін, сөйлемнің қалай құралатынын, яғни сөйлемдегі сөздердің қалай грамматикалық байланысқа түсетінін және оның нәтижесінде сөздердің бір-бірімен тіркесіп қолданылуын қарастырады.


Жаттығумен жұмыс: 230-жаттығу. Көшіріп жазып, сөйлемдегі сөздерді бір-бірімен байланыстырып тұрған тұлғалардың астын сызып көрсетіңдер.

«Кім көп біледі?» ойыны Ойынның шарты мынадай.

  1. Бірнеше жазушылардың шығармаларын атап шығамын, оқушылар кімнің шығармасы екенін табады.

  2. Әдеби шығармалардығы кейіпкерлерді табу.

Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Өткен тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.

  1. Грамматиканың синтаксис саласы нені қарастырады?

  2. Сөйлем құрауда сөздердің бір-бірімен грамматикалық байланысқа түсуінің орны неге ерекше?

  3. Тіл білімі неше салаға бөлінеді?


Бағалау : Оқушылардың сабаққа жақсы қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма : 231-жаттығу.
Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақырыбы: Сөздердің грамматикалық байланысы

Сабақтың мақсаты:

білімділік – оқушыларға сөздердің грамматикалық байланысы туралы түсінік беру,сабаққа деген қызығушылығын арттыру.

дамытушылық – оқушылардың іскерлігі мен біліктілік дағдыларын жетілдіре отырып,ойлау қабілетін,сөздік қорын дамыту;

тәрбиелігі – оқушыларға туыстық атаулар туралы ұғым бере отырып,алыс-жақынын тани білуге шақыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Оқыту әдісі:талдау,сұрақ-жауап,шығармашылық ізденіс,кітаппен жұмыс.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті.

Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелі кеспе қағаздар, деңгейлік тапсырмалар т.б.

Сабақтың барысы.

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу, түгелдеу,оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына назар аудару



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Өткен сабақтарды қалай меңгергенін білу үшін оқушыларға кеспе қағаздар үлестіріп,жауап талап етемін.



б) Жаңа сабақты түсіндіру :

Сөздер ойды білдіру үшін бір-бірімен белгілі грамматикалық байланысқа түсіп, сөйлем құрайды. Сөйлемдегі сөздердің бір-бірімен грамматикалық байланысы әр түрлі болуы мүмкін, сөздер бір-бірімен белгілі тәсіл арқылы байланысады. Мысылы: Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін деген сөйлемдегі мен жазбаймын, ермек үшін жазбаймын болып сөздер бір-бірімен байланысқа түскен.

Осы сөйлемдегі сөздерді байланыстырып тұрған тұлғаларды алып тастасақ,сөйлем түсініксіз болып қалар еді. Мен жазбаймын өлең ермек. Осыдан көрінетіндей,біріншіден мағыналық жағынан бір-бірімен сәйкес,үйлес сөздер ғана байланыса алады. Екіншіден, сөздер белгілі бір амал-тәсілдер арқылы байланысыды.

Жаттығумен жұмыс: 233-жаттығу. Көшіріп жазып, сөйлемдегі сөздерді бір-бірімен грамматикалық байланысына қарай бөлек-бөлек көшіріп жазыңдар.

Үлгі: Оспан кіріп келді,сырттан кіріп келді, сөйткенше кіріп келді.



Тақтамен жұмыс : Тақтаға бірнеше сөйлем жазып синтаксистік, морфологиялық талдау жасайды.

Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Өткен тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.

  1. Грамматиканың синтаксис саласы нені қарастырады?

  2. Сөйлем құрауда сөздердің бір-бірімен грамматикалық байланысқа түсуінің орны неге ерекше?

  3. Тіл білімі неше салаға бөлінеді?


Бағалау : Оқушылардың сабаққа жақсы қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма : 234-жаттығу.

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақырыбы: Сөздердің байланысу тәсілдері

Сабақтың мақсаты: білімділік – сөйлем құрылысынан сөздердің байланысу тәсілдерін ажыратуға үйрету;

дамытушылық – оқушылардың жеке өнімді қызметтерін дамытушылық тапсырмалар арқылы байқау,логикалық тапсырмалар арқылы жұмыстану, практикалық тапсырмалар арқылы оқушы қызметінің әрекетін арттыру;

тәрбиелік – лексикалық тапсырмалар арқылы оқушының сезіміне әсер ету,жан дүниелерін байыту.

Әдісі: баяндау,түсіндіру,анализ ,синтез.

Көрнекілігі: сызбалар,үлестірме топшамалар,көркем шығармалар,портреттер.

Пәнаралық байланыс: әдебиет,математика.

Сабақтың барысы.

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу, түгелдеу,оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына назар аудару



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Өткен сабақтарды қалай меңгергенін білу үшін оқушыларға кеспе қағаздар үлестіріп,жауап талап етемін.



б) Жаңа сабақты түсіндіру :

Қазақ тілінде сөздер бір-бірімен төрт түрлі тәсіл арқылы байланысады:


Сөздер сөйлемде септік, тәуелдік,жіктік жалғаулар арқылы байланысады.

Сөздер шылаулар арқылы да байланысады.

Сөздер орын тәртібі арқылы да байланысады.

Сөздер сөйлемде интонация арқылы да байланысады.

Өй, сүйіндік,сен ақылды мына Дәркембайдан сұрасаң етті

Мейрам әлдекімге телефон арқылы әмір етті.

Тас жолды ағаш күрекпен күредік

Бұл ұрыста Төлеген ерекше ерлік көрсетті.


Жаттығумен жұмыс: 235-жаттығу. жалғаулар арқылы байланысқан сөздерді өзі тіркескен сөзімен бірге теріп жазыңдар.

Үлгі: Оспан кіріп келді,сырттан кіріп келді, сөйткенше кіріп келді.



Тақтамен жұмыс : Тақтаға бірнеше сөйлем жазып синтаксистік, морфологиялық талдау жасайды.

Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Өткен тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.

  1. Грамматиканың синтаксис саласы нені қарастырады?

  2. Сөйлем құрауда сөздердің бір-бірімен грамматикалық байланысқа түсуінің орны неге ерекше?

  3. Тіл білімі неше салаға бөлінеді?

  4. Сөйлемде сөздер бір-бірімен қалай байланысады?

  5. Септеулік шылаулар сөздерді қалай байланыстырады?


Бағалау : Оқушылардың сабаққа жақсы қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма : 237-жаттығу.


Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақырыбы : Диктант

Сабақтың мақсаты :

а) Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту,өз ойын еркін жеткізе білуге,сауатты жазуға дағдыландыру.

ә) Мұқият тыңдап, ұқыпты жаза білуге үйрету.
б) Өз ісіне ұқыпты,мейірімді,кешірімшіл болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : қайталау

Сабақтың әдісі: баяндау

Сабақтың көрнекілігі : диктанттар жинағы

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқушылардың зейінін аудару.
Тақтаға бүгінгі күн мен диктанттың тақырыбын жазып қоямын.

ә) Жаңа сабақты түсіндіру;

Біздің қала

Біз Алматы қаласында тұрамыз. Алматы қаласы-ең әдемі қалаларының бірі.Таудан төмен қарай созылған тіп-тік,әдемі көшелері неше түрлі ағаштармен көмкерілген. Көшелердің екі жағынан сылдыраған мөлдір бұлақтар ағып жатады. Достық атындағы сарай,Спорт сарайы,Оқушылар сарайы және көп қабатты қонақ үйлер өздерінің керемет көркемдігімен көздің жауын алады. Қаланың оңтүстігін басынан өмір бойы қар кетпейтін ақ бас Алатау қоршаған. Тау беттерін қысы-жазы өзгермей,ылғи жап-жасыл болып тұратын шыршалар мен қарағайлар,ақ қайыңдар жапқан. Етегінде атақты «Медеу» мұз айдыны,көптеген демалыс,сауықтыру-емдеу орындары бар. Олар алуан түрлі гүлдерге,бау-бақшаларға бөленеген. Қалада тарихи орындар,мұражайлар,көрікті жерлер,бақтар өте көп. Қаланың батысы мен шығысынан Үлкен Алматы,Кіші Алматы өзендері ағып жатады. Алматы қаласының табиғаты-сирек кездесетін тамаша табиғат!

(111 сөз)
Тапсырма: Мәтіннен сөздердің байланысу түрлерін табыңдар.

Үйге тапсырма : Сөздердің байланысу түрлерін,тәсілдерін қайталап келу.


Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақырыбы : Жаттығумен жұмыс

Сабақтың мақсаты :

а) Түрлі әдістерді пайдалана отырып балалардың тапқырлық,жылдамдық,есте сақтау қабілеттерін артыру.Сөйлеу тілін жетілдіріп,шешендік өнерге баулу;

ә) Оқушылардың туған жер тарихына деген патриоттық сезімін ояту,адамгершілікке баулу,,халық даналығы,халық өсиеттерінен нәр алғызу,сөз өнеріне деген қызығушылығын арттыру ;

б) Ой еркіндігіне,ізденімпаздыққа баулу,сөйлеу мәдениетін жетілдіру,өз бетімен әрекеттенуге дағдыландыру.



Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ – жауап,тіл дамыту т.б.

Сабақтың көрнекілігі : суреттер т.б.

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.


ә) Үй тапсырмасын пысықтау :
Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

  1. Грамматиканың синтаксис саласы нені қарастырады?

  2. Сөйлем құрауда сөздердің бір-бірімен грамматикалық байланысқа түсуінің орны неге ерекше?

  3. Тіл білімі неше салаға бөлінеді?

  4. Сөйлемде сөздер бір-бірімен қалай байланысады?

  5. Септеулік шылаулар сөздерді қалай байланыстырады?

б) Жаңа сабақты түсіндіру :

Көп нүктенің орнына жіңішке дауыстылардың тиістісін қойыңдар.

Б... р жарлы шал есг ... не м .. н .. п келе жатыр ед ... Олар шалды ... жуалап, мазақ етк ... пе ...р ... кел ... п :

- Ата, неге есег ..ң..зд ... өлең айтуға үйретт ... ң ... з? депті. –Есег..м ...лең айтпайды.Сендердей жақсы жолдасын к...рген соң қуанғаннан бақырады,-депт...


Топпен жұмыс : Мына сөздермен сөз тіркестерін құрыңдар.

бала


бала

әдепті әдепсіз


ниет


ізетті ізгілік


Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

Білімді бағалау : Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: «Егер де мен ...» тақырыбына мәтін жазып келу.

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақырыбы: Тест тапсырмалары

Сабақтың мақсаты:

а) оқушылардың қазақ тілі пәнінен алған білімдерін тиянақтау;

ә) тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу;

б) оқушылардың білімін бақылау арқылы сауатты жазуға дағдыландыру;



Сабақтың түрі: қайталау

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, т.б

Сабақтың көрнекілігі: тест парақшалары т.б

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



б) Жаңа сабақты түсіндіру:

1. Етістіктің райы неше түрге бөлінеді?

А) 2 В) 4 С) 3

2. Үш жақтың бірінде қолданылып,сөйлеушінің шындыққа қатысын баяндайтын рай түрі

А) қалау рай В) шартты рай С) ашық рай

3. Көбіне ІІ жаққа қаратылып, қимылдың орындалуын талап ету мағынасын білдіретін рай түрі.

А) шартты рай В) бұйрық рай С) ашық рай

4. Іс-әрекеттің іске асу,аспау мүмкіндігінің шартын білдіріп,-са,-се жұрнағы арқылы жасалатын рай түрі.

А) шартты рай В) бұйрық рай С) ашық рай

5. Оқуға түскім келеді рай түрі

А) қалау рай В) шартты рай С) ашық рай

6. Есімшенің жұрнағы

А)-ғалы,-гелі,-қалы,-келі В) –а,-е,-й С) –атын,-етін

7. Есімшенің тәуелденуі

А) берермін В) берерім С) берерден

8. Адасқанның айыбы жоқ. Есімшенің сөйлемдегі қызметі.

А) толықтауыш В) пысықтауыш С) анықтауыш

9. Көп сөйлегенді ұнатпаймын. Есімшенің сөйлемдегі қызметі

А) толықтауыш В) пысықтауыш С) анықтауыш

10.Есімшенің көпше түрде жіктелуі

А) Келгенмін В) келгенбіз С) келгенде

11. Есімшенің септелуі

А) көрмесім В) көрмеспіз С) көрместен

12. Менің ұстаз болғым келеді. Рай түрі

А) қалау рай В) шартты рай С) ашық рай

13. Атаның баласы болма, Адамның баласы бол. Рай түрі

А) шартты рай В) бұйрық рай С) ашық рай
Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: Қайталау

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақырыбы: Сөз тіркесі туралы түсінік

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділігі: оқушыларға сөз тіркесі туралы түсінік беру,теориялық білімдерін практикамен ұштастыру,оқушы білімін есепке алу.

2.Дамытушылық: әдеби жанрлардың түрлерінен мысалдар келтіру арқылы әдебиетке деген қызығушылығын дамыту,ізденімпаздық қасиетін қалыптастыру,шығармашылыққа баулу,тіл байлығын жетілдру.

3.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке.ізеттілікке,әдептіліке,шапшаңдыққа тәрбиелеу,ұлттық салт-дәстүрді қадірлеуге баулу,өз елін,тілін сүюді үйрету.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,топпен жұмыс,СТО стратегиялары,

Сабақтың көрнекілігі: кубик,қима қағаз,перфокарта,сызба таблицалары,көркем әдебиет.

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.



б) Жаңа сабақты түсіндіру :

Сөйлемде кем дегенде екі толық мағыналы мағыналы сөздің бірі екіншісіне сабақтаса байланысқан сөздер тізбегін сөз тіркесі дейміз.



Сөз тіркесінің айрықша белгілері




Сөйлем ішінде танылады,өйткені сөздердің байланысы сөйлем ішінде анықталады

Кем дегенде толық мағыналы екі сөзден тұрады

Сөз тіркесін құрайтын сөздер бір-бірімен белгілі грамматикалық тәсілдер арқылы бірі екіншісіне бағына байланысады

Сөз тіркесі белгілі синтаксистік қатынасты білдіреді


Жаттығумен жұмыс : 224-жаттығу. Сөздердің байланысын тауып,басыңқы сөзден бағыныңқы сөзге сұрақ қойыңдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет