Сабақтың тақырыбы: Толағай тауының тарихын айтшы



бет2/2
Дата26.03.2024
өлшемі180.93 Kb.
#496540
түріСабақ
1   2
Толағай тауының тарихын айтшы

Туған жер
Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем... деп Фариза Оңғарсынова апамыз жырлағандай менің кіндік қаным тамып, алғаш тәй-тәй басқан, алғаш «ана» деп күлім қаққан, апама еріп қой баққан елім, киелі жерім, ата мекен Жерұйығым – тәуелсіз Қазақстан. Халық даналығы «Туған жер-алтын бесік», «Әркімге өз туған жері Мысыр шаһары» деп бекерге айтпаған.Туған жерін жырға қоспаған, туған жері жайлы толғанбаған ақын-жазушылар жер бетінде жоқ шығар.Сол жерде біздің ата-бабаларымыз, батырларымыз, ақындарымыз, ғалымдарымыз туып өскен. Қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін өлкені мен әрқашан да мақтан тұтамын.Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. «Отаның-алтын бесігің», «Отаны жоқтық нағыз жоқтық»- деп дана халқымыз бекер айтпаған. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау әрбір азаматтың бірінші міндеті. Әрбір азамат туған өлкесін, елін, жерін, салт-дәстүрін, тарихын құрметтейтін, сүйетін, мақтан тұтатын, Ұлтжанды азамат болу керек.
Мен өз Отанымды сүйемін және мақтан тұтамын!

  1. Тапсырма:Сұраққа жауап жаз.

  • Қазақстанның жері қандай?

  • Қазақстанда тұратын әрбір азаматтың борышы қандай, мәтіннен тауып жаз

  • Өз Отанын сүйетін адам қандай болуы тиіс?

  • Тақырыпқа байланысты мақал-мәтедерді көшіріп жаз.

  • Мәтіннен деректі, дерексіз зат есімдерді бөліп жаз

  • Неліктен жазушы Ф. Оңғарсынова

Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем- деп жырлаған?

  • Мәтіннен жай сөйлемдерді тауып белгіле.

Дескриптор

  1. Сұраққа толық жауап бере алады

1

  1. Сұраққа толық жауап бере алады

1

Тапсырмаға байланысты сын есімді біледі

1

Мақал-мәтелдерді дұрыс таба біледі

1

Деректі, дерексіз зат есімдерді біледі

1

Сұраққа қатысты өз ойын дұрыс жеткізе алады

1

Мәтіннен жай сөйлемдерді таба алады

1



Ережесін оқушыларға тарату

Әр топқа мәтін және тапсырма таратылады.


Бағалау.
Дескриптор арқылы, стикерлер




Жазылым.


Тірек сөздерді пайдаланып, 5 жай сөйлем құра.

Өлке, самал, саумал, барқыт, талап, атамекен, аспан, жер


Дескриптор

Тірек сөздерді пайдалана отырып, жай сөйлемдер құра алады

1

Сөздердің орын тәртібін сақтайды

1

Өз ойын дұрыс жеткізеді

1

АЙТЫЛЫМ
Өлеңнің негізгі мазмұнын түсініп және нақты ақпаратты анықтау үшін өлеңді тыңдайды, айтады. Өз туған жерлерін сипаттайды. «Менің елім»
Салқындап саясында самал-көлдің,
Бұла өскен баяғыдан балаң менмін.
Сіміре саумалыңды бұл жолы да,
Сабылып, сағымды өлке, саған келдім… …
....Тікенге балтырымды талатып ем,
Ал қазір дала – барқыт, дала - кілем.
Кетіп ем сол даладан шыбық мініп,
Оралдым бір талаптың қанатымен.
Жұмекен Нәжімеденов
Дескриптор

Өлеңді түсініп тыңдайды, мәнерлеп айта алады

1

Өлеңді негізге ала отырып, туған жері туралы сипаттай алады

1




Оқулық,
Карточкалар
Бағалау.
Дескриптор арқылы, стикерлер
Бағалау.
Дескриптор арқылы, стикерлер

Сабақтың соңы:

«Қабырға әдісі»
Тақтада ватман ілулі тұрады, оқушылар кезекпен шығып, тақырыпқа байланысты сөз, сөз тіркесі, сөйлем жазады.

Сөз

Сөз тіркесі

Сөйлем










Кері байланыс:



Үйге тапсырма:


«Туған жер» мәтіні бойынша диалог жазу, жаттау.


Оқулық


Ватман, маркерлер,стикерлер

Қорытындылау

Біз әрбір күннен не күтеміз? Әр күніміз несімен ерекше? Бүгінгі өтіп бара жатқан күннен өзіме не алдым? Ертеңгі атар таңымнан, келер күнімен не күтемін?





Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет