Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:
10.2А Тригонометриялық теңдеулер
|
№266 мектеп-лицей
|
Күні
|
22.11.2019 ж
|
Мұғалімнің аты-жөні: Ескалиева Гулнур Бакытбековна
|
Сынып
|
10 «В»
|
Қатысқандар:
|
Қатыспағандар:
|
Сабақтың тақырыбы
|
Тригонометриялық теңдеулер және олардың жүйелерін шешу әдістері
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
10.2.3.8 - қарапайым тригонометриялық теңдеулерді шеше алу;
10.2.3.9 - тригонометриялық теңдеулерді көбейткіштерге жіктеу арқылы шешу;
10.2.3.10 - квадрат теңдеуге келтірілетін тригонометриялық теңдеулерді шеше алу;
10.2.3.16 - тригонометриялық теңдеулер жүйелерін шеше алу.
|
Сабақтың мақсаты
|
Барлық оқушы орындай алады:
қарапайым тригонометриялық теңдеулерді шешу формулаларынын біледі, есептер шығаруда қолданады;
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
Тригонометриялық теңдеулерді және олардың жүйелерін шешу әдістерін қолдана алады;
Кейбір оқушылар:
тригонометриялық теңдеулер мен теңдеулер жүйелерін шешу әдістерін қорытып шығара алады.
|
Ойлау дағдыларының деңгейлері
|
Білу, түсіну, қолдану,талдау;
|
Бағалау критерийі
|
қарапайым тригонометриялық теңдеулерді шешу формулаларынын есептер шығаруда қолдана алады;
тригонометриялық теңдеулерді және олардың жүйелерін шешу әдістерін қолданып,тригонометриялық теңдеулер мен олардың жүйелерін шешеді;
|
Тілдік мақсаттар
|
Пәнге қатысты лексика мен терминология:
Диалогке қажетті сөз тіркестері мен терминдер:
тригонометриялық теңдеулер шешімдерінің жалпы түрі;
тригонометриялық теңдеулердің шешімінің дербес түрі;
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер :
...түріндегі теңдеулер қарапайым тригонометриялық теңдеулер деп аталады;
...сондықтан теңдеудің түбірлері болмайды;
берілген тригонометриялық теңдеуді шешу үшін,...керек;
|
|