Сабақтың тақырыбы:



Дата05.07.2016
өлшемі56.5 Kb.
#179201
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: «Қыз Жібек» жыры

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылар «Қыз Жібек» жырының шығу тарихы, киноның түсірілуі туралы, актерлер, кейіпкерлер жайлы мәліметпен оқып танысады.

2. Сөздік қорларын, сөйлеу мәдениетін, тіл байлығын дамыта отырып, топпен жұмыс істеуге дағдыланады.

3. Шығармадан үлгі-өнеге алуға, адамгершілікке, инабаттылыққа, ұлтжандылыққа үйренеді.

Сабақтың түрі: Оқу күні

Көрнекілігі: кеспелер, сызба, суреттер

Сабақтың барысы

1. Ұйымдастыру кезеңі

а) амандасу

ә) оқушылардың назарын сабаққа аудару

І. Қызығушылығын ояту

- Бүгін біз оқу күнін өткізгелі отырмыз. Бәрімізге сәттілік тілей отыра, сабаққа белсене қатысыңдар, өз ойларыңды жетік жеткізе біліңдер, балалар!

- Сонымен сабағымызды өткізу үшін, топқа бөліну керек. Ол үшін үстелдің үстінде үлестірмелі кеспелер жатыр. Осы қағаздарды келіп ала қойыңдар.

- Ал кімге «Сұхбат» деген сөз түскен екен, сендер бірінші партаға отырыңдар.

- «Дәнекер» деген сөз кімде, сендер екінші партаға отырыңдар.

- «Сілтеме табушы» деген сөз кімде екен? Сендер үшінші партаға келіңдер.

- «Зерттеуші» сөзі түскен оқушылар төртінші партаға отырыңдар.

ІІ. Мағынаны ажырату

- Төрт топқа бөліндік, енді жұмысымызды басатайық. Менің қолымда төрт конверт бар, бұл конверттің ішінде әр топқа арналағн тапсырмалар бар.



- «Дәнекер» тобының тапсырмасы қандай екен? Оқи қойыңдар.

Алма: 1. Қыз Жібек” жырын өмірмен ұштастыр.

2. “Қыз Жібек” жырының бүгінгі таңда маңызы қандай?

- «Сұхбат» тобының тапсырмасы қандай екен? Оқи қойыңдар.

Медеу:


  • “Қыз Жібек” жыры сізге таныс па?

  • Қыз Жібек пен Төлегеннің махаббатындай сезім бола ма?

  • “Қыз Жібек” фильмін неше рет көрдіңіз? Тағы да көргіңіз келе ме?

«Зерттеуші»

Инесса:


1. “Қыз Жібек” жыры туралы не білесің?

2. Қазақ фольклорының жауһары -

«Қыз Жібек» жырына 500 жыл толуына байланысты қандай іс-шаралар өтті.

- «Сілтеме іздеуші» тобының тапсырмасы қандай екен? Оқып бере қойыңдар.

Дулат:


  • Мәтіннен өзіңе ұнаған жерін тап. Несімен ұнады?

Мәнерлеп оқып беріңдер.

  • Жақсы, балалар. Сендерге осы тапсырмаларға дайындалу үшін 15 минут уақыт беріледі. Өз жұмыстарыңды дайындай беріңдер. «Сұхбат» тобы сендер де сұхбат алуға барыңдар.

  • Құрметті ұстаздар, сіздер де бір топ боласыздар. Сіздерге де тапсырма бар. Қыз Жібек дегенде ... осы тақырыпқа эссе жазсаңыздар.

  • Балалар уақыт болды. Дайынсыңдар ма?

  • Бірінші «Зеттреуші» тобына сөз берелік.

  • Оқушылар «Қыз Жібек» жырының шығу тарихы жайлы, кинодағы актерлер туралы жалпы мағлұмат айтып берді.

    Шығармның аты

    Шыққан жері

    Кейіпкерлер

    Тақырыбы

    Ерекшелігі


    «Қыз Жібек» жыры



    Орал өңірі

    Жібек, Төлеген,

    Сансызбай,

    Бекежан,

    Сырлыбай,

    Шеге,

    Базарбай,



    Қарлығаш,

    Хан Қорен



    Екі жастың арасындағы

    мөлдір махаббат, сол кездегі ру аралық қатынастар



    Қазақ халқының салт-дәстүрлері қамтылған, жыр бойынша кино түсірілген және опера қойылған,

    15-16 нұсқасы бар



  • «Сұхбат» тобы:

  • 1. Сұхбат алған адамның саны: 18

  • «Қыз Жібек» жыры сізге таныс па? – деген сұрақ қойдық. «Қыз Жібек» жыры көбіне таныс екен. 90 пайыз болды.

  • 2. «Қыз Жібек» фильмін көргендер де көп екен – 85 пайыз.

  • 3. Қыз Жібек пен Төлегеннің махаббатындай сезім бола ма?

  • Аға буын – 60 пайыз болса, ал оқушылар шынайы махаббат болады дегенге сенбейді екен – 20 пайыз болды.

  • «Дәнекер» тобы:

  • Қазіргі таңда жастардың арасында да Жібек пен Төлегеннің шынайы махаббаты сияқты сезім болады деп ойлаймыз. Жібек пен Төлеген 14 жаста болады. Бүгінде біздер де осы он төрттеміз. Бірақ біздер махаббат дегенді әлі басымыздан кешкен жоқпыз. Сондықтан да 14 жаста ешкім де отау құрмайды. Қазақ халқы «13 жаста - отау иесі» деген екен, соған да байланысты болған шығар ол кезде.

«Қыз Жібек» жырының маңызы өте зор деп ойлаймын. «Қыз Жібек» фильмінде ойнаған Жібек – М.Утекешова мен Төлеген – Қ.Тастанбеков екеуі отау құрған. Жырда Жібек пен Төлеген қосылмаса, өмірде – сол ғашықтарды сомдаған Құмен Тастанбеков пен Меруерт Утекешова қосылды. Бұл - «Қыз Жібек» эпосының тарихи беделін арттырды.

  • «Сілтеме табушы» :

Оқушылар жырдан өздеріне ұнаған жерлерін тауып, мәнерлеп оқып берді.

  • «Әуелеп ұшқан алты қаз, атайын десем оғым аз» деп алты қазбен қоштасуының өзінде оның өмірге деген құштарлығын көрсетеді. Осы сәт маған ұнады.

  • Жақсы, балалар. Жауаптарыңа рахмет.

  • Құрметті ұстаздар енді сіздердің де эсселеріңізді тыңдасақ.

  • Қыз жібек дегенде... (Жанар мұғалім)

Алдымен қазақ қыздарының жауқазын жарқын бейнесі, сұлулығы, пәктігі, ақтығы, биязылығы ойыма оралады...

Одан кейін көз алдыма қазақ жігіті, оның қайраттылығы, ерлігі, қайсарлығы, көркем бейнесі келеді ...

Одан соң қыз бен жігіт арасында болатын жамандық атаулыдан бейхабар, таза, пәк, адал махаббаты есіме түседі...

Одан кейін көз алдыма елестейтіні – қиқу салған аққулар, аққу қонған айдын көл, қазақтың кең даласы, сол далада аттарын ойнақтатып, елдің бірлігін, тыныштығын қорып жүрген батырлар...

Тәтті мұң бойымды кернейді,

Қыз Жібек дегенде...

Махаббат жүректі тербейді

Қыз Жібек дегенде...

Қиялым қанатын сермейді

Қыз Жібек дегенде...

Сезімді жоғалтқым келмейді

Қыз Жібек дегенде...

Айтарым, шіркін-ау, көр екен,

Қыз Жібек дегенде...

Қыз Жібек дегенде...

Ұстаздар оқушыларға «Қыз Жібек» жыры туралы сұрақтар қойып, пікір алмасты.



ІІІ. Ой толғаныс

-Балалар, кері байланыс парағы беріледі, сондағы сұрақтарға тез арада жауап берсеңдер.

- Оқу күнінде саған не ұнады?

- «Қыз Жібек» жырымен танысқаныма қуаныштымын. Топпен жұмыс істеген ұнады, сұхбат алған да қызықты болды.

- Бүгін не білдің?

- «Қыз Жібек» жыры туралы көп мәлімет алдым. Өмірде шынайы махаббат бар дегенге сендім.

- Балалар, көркем әдебиетті көп оқу керек десем келісесіңдер ме?

- Оқушылар бір ауыздан «иә» деп жауап берді.

- Балалар, жағы демалыста, тіпті бүгіннен бастап, «Қыз Жібек» жырын тауып алып оқыңдар, фильмді көріңдер. Келесі жылы 9 сыныпта «Қыз Жібек» жырын өткенде бәріне дайын болады деп сенемін.

- Сау болыңдар.


Қожаберген жырау атындағы

6 орта мектебі



«Қыз Жібек» жыры

(Қалалық семинар)



(Оқу күні)

Өткізген: Қасенова З.С.
Петропавл, 2009 жыл

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет