Сабақтың тақырыбы: «Волейбол добын астынан, үстінен алу»



жүктеу 62.74 Kb.
Дата24.07.2016
өлшемі62.74 Kb.
Сабақтың тақырыбы: «Волейбол добын астынан, үстінен алу»
Сабақтың мақсаты: а) Допты қабылдаудың әдістерін үйрету, ептілік, жылдамдық, дәлдік қасиеттеріне баулу;

б) Салауатты өмір салтын насихаттау;

в) Волейбол ойнауды үйрену;
Дамытушылық: Оқушылардың бойындағы волейболға деген қызығушылығын арттыру;
Керекті құралдар: Волейбол доптары – 8 – 10;

Баскетбол доптары – 8 – 10;

Нығыз доптар – 4 – 5;

Тор, ысқырық, плакаттар, спорттық форма.


Қатысатын сынып: 7 сынып
Бала саны: 14
Өтетін жері: Шетпе кенті, № орта мектептің спортзалы
Өткізуші: С.Жанғабылов орта мектебінің дене тәрбиесі пәні мұғалімі - Ақсүйеуова Амангүл

Дайындық бөлімі - 10 минут

Мазмұны

Уақыты

Методикалық ескертулер

Сапқа тұрғызу.

Журнал бойынша тексеру.

Оңға, солға, артқа бұрылулар.

Залмен жүргізу.

Спорттық жүріспен жүргізу. Жай жүгірту, тез жүгірту.

Жүгіріп жүріп жаттығулар топтамасын орындау.



а) аяқты алға тастай

б) аяқты артқа тастай

в) аяқты тізеден бүгіп

г) қолды айналдыру

д) қапталдай жүгіру

(аяқты - аяққа тигізе жүгіру)

Жай жүгіру

Залдың шетінен 4 адамнан жүгіру

Бір орыннан жасалатын жаттығулар топтамасы:

а) Бастан бастап жаттығулар жасату

б) Алға, артқа, қапталға басты еңкейту

в) Қолды иыққа қойып 4 рет алға, 4 рет артқа айналдыру

г) Қолды алға – қапталға қойып сол аяқты оң қолға көтеру, оң аяқты сол қолға көтеру

д) Қолды белге қойып, оң, сол қапталдарға денені еңкейту

е) Қолды жоғары қойып шапалақтау

оң аяқпен 10 рет

сол аяқпен 10 рет

екі аяқпен 10 рет секірулер

Саптан шығарып, тыныстарын демалдыру.

Бір саптың бойына тұрғызу.

Негізгі бөлім:


2 минут
3 – 4 рет

қайталау


4-5 рет айналдыру

3 – 4 рет айналу

әр жаттығуды 10-12 рет қайталау

әр жаттығуды 7 – 8 рет қайталау


2 рет залды айналдыру

1 – 4 артқа

1 – 4 алға

айналдыру


7 – 8 рет қайталау
7 – 8 рет қайталау

1 – 2 оң


3 – 4 сол қапталға
3 – 4 рет қайталау

2 рет айналдыру

30 минут


Рапорт қабылдау

Амандасу


Дұрыс бұрылмағандарына ескерту беру.
Ара қашықтығын сақтау.
Денені тіке ұстап, дұрыс жасауын қадағалау.
оң қапталға,

сол қапталға


Тынысты демалдыру

Бір – бірінің артынан дұрыс тұруларын қадағалау.

қолды белге қою

қолды иыққа қою


жауырынды қосып жасау
денені тік ұстау

аяқтың арасын алшақ ұстау


жай бастап, тез секіру



Волейбол добын астынан, үстінен алуды үйрету.

а) Түсіндіру.

б) Плакаттан көрсету.

в) Өзім көрсету.

Арнайы жаттығулар топтамасын орындау. Сапты 1,2 – ге санатып, екі топқа бөлу.



  1. Нығыздалған допты бір – біріне жоғарыдан лақтыру. 10 – 12 рет қайталау.




  1. Баскетбол добын жоғарыдан бір – біріне лақтыру. 10 – 12 рет қайталау



  1. Волейбол добын астынан, үстінен алу әдістері.



а) өзімен-өзі астынан алу 10 – 12 рет қайталау


б) өзімен-өзі үстінен алу 10 – 12 рет қайталау


а) бір-бірімен астынан алу 10 – 12 рет

қайталау






б) бір-бірімен үстінен алу 10 – 12 рет

қайталау



  1. Волейбол добын 14 бала өз – өздері ойнайды. 20 – 30–ға дейін санау.

а) астынан




б) үстінен



  1. Волейбол добын тор арқылы ойнау, екі адам тордың екі жағында тұрады да біреуі астынан алады, екіншісі – үстінен береді – 40 – қа дейін. Доптарды жинастыру. Түсірмей ойнау.

Сапқа тұрғызу.



  1. Оқушыларды екі топқа бөліп, волейбол ойынын ойнату. Ойын кезінде ережемен таныстыру. 5 – 6 минут ойнату. Ысқырықпен ойынды тоқтатып, бір сапқа тұрғызу. Қорытынды бөлім - 5 минут.



Тыныстарын демалдырып, қолдарын жоғары көтеріп, терең демалдыру.

1 минут.



Сабақты қорытындылау. Дұрыс жасағандарына, дұрыс үйренгендеріне баға қою. Жасай алма-ғандарына қателерін көрсету, түсіндіру.

Үйге тапсырма беру.

Қоштасу

Шешінетін бөлмеге шығару


2 минут


2 минут

Волейбол туралы сұрап өту

Волейбол ойынының ережесімен танысып келу.



Барлығы:

45 минут








©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет