Сабақтың тақырыбы: wordpad мәтіндік редакторында жұмыс жасау. Сабақтың мақсаты: Білімділік



Дата17.06.2016
өлшемі28.96 Kb.
#141540
түріСабақ
Туркменбаева Алима Азижановна

Ақтөбе қаласы

Пригород орта мектебінің

информатика пәні мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: WORDPAD мәтіндік редакторында жұмыс жасау.

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік. WORDPAD мәтіндік редакторы тақырыбы бойынша оқушылардың білімдерін тексеру, редактормен жұмыс жасау ережелерін практикалық сабақта бекіту, тақырыпты қорытындылау. Тақырып бойынша алған білімдерін тапсырмаларды орындау барысында пайдала білу, қойған мақсатына жете білуге дағдылану, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

2. Дамытушылық. . Оқушылардың процессорда жұмыс істеудің қосымша әдістері мен

режимдерін, мәтіннің үзіндісін көшіру мен жылжыту кезінде алмасу буферін қолдана білу қабілеттерін дамыту.



3. Тәрбиелік. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру сәті.

ІІ. Теориялық білімдерін тексеру.

Өткен сабақты еске түсіру үшін ұлттық ойындарының бірі «Аңшылар» ойынын ойнайық. Ойынның тәртібі: екі оқушының аңшы етіп сайлаймыз, олар тақтаға шығады. Ал, қалған балалар үйрек болады. Енді аңшы үйректі ату үшін, үйрек аңшыға сұрақ қояды. Егер сұраққа дұрыс жауап берсе, онда аңшы үйректі атып алады. Үйректі көп атып алған аңшыға сыйлық беріледі.

а) WordPad мәтіндік редакторын іске қосу үшін қандай әрекеттер орындаймыз.

(Іске қосу Бағдарламалар Стандартты WordPad)

ә) WordPad мәтіндік редакторының терезесінің элементтерін атаңыз



(Тақырып жолы, меню жолы, құрал – саймандар тақтасы, пішімдеу тақтасы, сызғыш, жұмыс аймағы)

б) WordPad мәтіндік редакторының батырмаларының атқаратын қызметтері туралы не білесің?



- Құжат құру ( жаңа құжат құрады)

- Маркерлер (ағымдағы үнсіз келісім бойынша бюллетень – тізімді құрады)

- Ашу ( бар құжатты немесе үлгіні ашады)

- жартылай қалың (белгіленген мәтінді жартылай қалың қаріппен жазады)

- Құжатты сақтау ( активті құжатты немесе үлгіні сақтайды)

- Баспа ( активті құжатты ағымдағы үнсіз келісімді пайдаланыып басып шығарады)

- Болдырмау ( соңғы әрекетті алып тастайды)

Т.б.

в) Қаріпті, өлшемді және әлпетті қатар өзгерту үшін қандай әрекеттер орындау қажет?



(Формат Шрифт) (Пішім Қаріп)

г) WordPad мәтіндік редакторының қандай қосымша мүмкіндіктері бар?



(WordPad мәтіндік редакторында мәтіннің үзінділерін тышқанның көмегімен апару және көшіру әдістерімен немесе меню командалары арқылы көшіруге және жылжытуға болады. )

д) WordPad мәтіндік редакторынан қалай шығамыз?



(Файл Выход)
ІІІ. Жұмыс дәптерімен жұмыс.

Жұмыс дәптері 2 деңгейден тұрады, бірінші деңгейімізде теориялық сұрақтар берілген, ал екінші деңгейімізде «Стандартты» саймандар тақтасының батырмалары берілген, осы батырмалардың атқаратын қызметін жазасыздар.


ІV. Компьютермен жұмыс.

Сабағымызды бекіту үшін таратпа карточкаларды пайдаланып практикалық жұмысты орындаймыз.

1. Жаңа құжат құрып оны сақтаңыз.

2. Раint программасын пайдаланып сурет енгізіңіз.

3. Суретке байланысты өлең немесе мәтін теріп жаз.
Бұл тапсырмада оқушылар «Қазақстан көп ұлтты, тәуелсіз мемлекет», «Қазақ халқының ұлттық киімдері», «Денсаулық – зор байлық» тақырыптарына байланысты суреттер қойып, мәтін жазады. Жазған мәтіндерін пішімдейді.
V. Сергіту сәті. (Теңге алу ойыны)

Бұл ойында тақтаға бірнеше теңгелер ілінеді. Осы теңгелердің артында терминологиялық сөздіктер және сыйлықтар жазылған. Бір –бірден тақтаға шығып теңгелерді алып терминологиялық сөздіктердің мағынасын, яғни атқаратын қызметін айтып беру керек. Егер дұрыс жауап берсе теңгені өздері алады.


VІ. Үйге тапсырма. WORDPAD мәтіндік редакторы бөлімі бойынша тест сұрақтарын құрастырып келу.

VІІ. Сабаққа қорытында жасау. Оқушылардың білімін бағалау.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет