Сабақтың тақырыбы: XV-XVIII ғасырлардағы Қазақ хандығының қоғамдық құрылысы. Сабақтың мақсаты



Дата23.02.2016
өлшемі0.7 Mb.
#10515
түріСабақ


XV-XVIII ғасырлардағы Қазақ

хандығының қоғамдық құрылысы



Торбаева Алтынай Сираиловна

Шымкент қаласы, N65 Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: XV-XVIII ғасырлардағы Қазақ хандығының қоғамдық құрылысы.

Сабақтың мақсаты:

Білімдік: Оқушылардың XV-XVIII ғасырлардағы Қазақ хандығының қоғамдық құрылысын таныстыру.

Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін дамыту, іздену, зерттеу жұмыстары негізінде шығармашылық қабілетін дамыту.

Тәрбелік: Қазақ Хандығының 550 жылдыған тойлай отырып, жасөспірімдердің бойында ұлтымыздың тарихына, сүйіспеншілігін арттырып Отанға деген патриотизмге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі:

1) Саяси әкімшілік карта, нақыл сөздер, суреттер;

2) электронды оқулық;

Пәнаралық байланыс: әдебиет, география, адам, қоғам, құқық пәні.

Сабақтың барысы:

1. Көкпар.

2. Ой қозғау.

3. “Тарихи тапсырмалар”

4. Хронологиямен жұмыс.

5. Көшбасшылар сайысы.



Ұйымдастыру кезеңі.

Мұғалімнің сөзі:

Құрметті оқушылар, біз ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен жерімізді қорғаған хандар мен батырлардың ұрпағымыз. 2015 жылы біздің еліміздегі елеулі оқиғалар ауқымды түрде өткізілетін ерекше жыл болады. Осы орайда, Қазақ Хандығының құрылуына 550 жыл, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы, Қазақстан Конституциясының 20 жылдығы, сонымен қатар, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қамтылып отыр. Атап айтқанда, 2015 жылы Керей мен Жәнібек хандардың Шу мен Талас өзендерінің арасындағы аймаққа орналасып, қазақтың туын көкке көтергеніне 550 жыл толады. Осыған байланысты, елімізде бұл оқиғаны мерейтой күндерінің қатарына қосу мен Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтуге арналған іс-шараларды өткізу жөнінде мәселе қаралды. Бұл мерейтой ең алдымен азаматтардың патриоттық сезімдерін арттыру мен қазақстандық мемлекеттілікті нығайтуға бағытталып отыр. Қазақ Хандығының құрылғанына 550 жыл толғанын дәлелдейтін тарихи еңбектердің бар. Сол тарихи еңбектердің ішінен қазақстандық тарихшы ғалымдардың Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и-Рашиди» еңбегін негізге ала отырып, жан-жақты зерттеу нәтижесінде Қазақ Хандығының құрылған жылы 1465 жыл деген қорытындысы басшылыққа алынды. Қазақ Хандығының 550 жылдығын атап өтуге арналған іс-шараларға өз үлесімізді қоса отырып, бүгінгі сабағымызда тарихтан алған білімдерімізді ортаға саламыз.

Сондықтан да, сыныпты екі топқа бөліп, екі топтың батырларын білім сайысына шақырамыз.
I. Қысқа нұсқа, тез ойлан, тап.

Көкпар

I-топ “Алаш” тобы:

1. Түрік қағанатының Шығыс және Батыс түрік қағанаты болып бөлінуі. (603 ж.)

2. Тәуке ханның “Жеті Жарғы” заңдар жинағын шығаруы. (XVII ғ. соңы)

3. Мустьер дәуірінің адамы. Алғашқы қалдықтары. Франция жерінде табылған адам. (неандерталь)

4. Қазақтың үш жүзінің біріккен әскер күштерін басқарған қолбасшы. (Әбілхайыр хан)

5. Ол – энциклопедист ғалым, грек тілін меңгеріп Аристотельден кейінгі – екінші ғұлама атанған IX-X. (Әбу Насыр Әл-Фараби)

6. Қазақ хандығында ата-аймақты кім басқарған? (Ақсақал)

7. Кіші жүз қазақтың қай баласынан тарайды? (Жанарыс)


II-топ “Қазақстан” тобы:

1. Жоңғар шапқыншылығына қарсы Қазақ халқының Отан соғысы. (Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама, 1723-1730 ж.ж.)

2. Қожа Ахмет Иассауи кесенесінің салынуы. (1397-1398 ж.ж.)

3. Қазақстанның тұңғыш астанасы. (Орынбор)

4. VI-VIII ғасырларда түрік тайпаларының қолданған көне жазба мұрасы. (Орхон-Енисей жазуы)

5. XIII-XV ғасырларда хан жарлықтары қай тілде жазылды? (түркі тілде)

6. Қазақ халқының құрамына кірген тайпалар. (Үйсін, қыпшақ, найман)

7. Қазақ хандығы құрылар қарсаңында Ақ Орданы кім биледі? (Жәнібек)


II. Ой қозғау

Ұсынылған тақырыптардың біреуіне әңгіме құрастыру:

1. Қазақ хандары

2. Қазақ батырлары
III. Тарихи тапсырмалар

Ұяшықты таңдап, сұраққа дұрыс жауап бер. Ұяшықтағы сандар жоғарылаған сайын сұрақтар қиындай түседі. Әркім өзінің бағын сынасын. Тарихи тұлғаларды, ескерткіштерді суреттерге қарай әңгімелеу.



10

Оңтүстік Қазақстан өңірінен шыққан ортағасырлық ғалімдар мен даналар белгілі?





20

Есік обасынан табылған “Алтын адамды” сипатта



30

Атақты ғұлама Қожа Ахмет Йассауи туралы мәлімет бер.




40

Ұлы Жібек жолының пайда болуы және оның тармақтарын картадан көрсетіңіз?



50

Белгілі қайраткер Абылай хан Жоңғарларға қарсы күресті ұйымдастыруда қандай еңбек сіңірді?





IV. Хронологиямен жұмыс

Шарты: Сағаттар арасындағы сандарды қатыстыра отырып, тарихи деректерді еске түсіреміз.
Алаш” тобы:

1. Әбілқайыр хандығы қай жылы құрылды?

2. Тәуекел хан қай жылы Орта Азияға жорық бастады?

3. Қарақытайлар селжұқтар мен қарахан әскерлерін қай жылы жеңді?

4. Қыпшақ мемлекеті қай жылы құлады?
Қазақстан” тобы:

1. Тоғылық Темір Мәуеренахрды қай жылы басып алды?

2. Есім хан қалмақтарға қай жылы соғыс бастады?

3. Темужін қай жылы хан болып сайланды?

4. Тәуке хан қай жылы I Петрмен сауда байланысын күшейтті?

V. Көшбасшылар сайысы.

Шарты: Екі топ көшбасшыларына тақырыпқа картамен жұмыс орындалады.

Алаш” тобы:



  1. Қазақ Хандығының территориясын картадан көрсет.

Қазақстан” тобы:

1. Қазақ Хандығымен көрші мемлекеттерді картадан көрсет.

Қорытынды:

Міне, оқушылар алып бәйтеректей тамырын тереңге жайған Қазақ Хандығының жалғасы - Қазақстан Республикасы мемлекетінің келешегі кемел, болашағы жарқын болуына үлес қосатын бүгінгі ұрпақ-сіздерсіздер. Бүгінгі сабағымызда әр топтың тапсырмаларды орындау барысындағы жинаған ұпайларын есептеп, қорытындысын шығару үшін сөзді әділ қазылар алқасына берейік.



Бағалау.

Үй тапсырмасы: Тарихи мағлұматтармен таныса отырып, Қазақ Хандығының қоғамдық құрылысын Қазақстан Республикасының қоғамдық құрылысымен салыстыру



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет