Сабақтың тақырыбы: «Зар заман және Шортанбай» Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаты



бет2/4
Дата10.11.2023
өлшемі27.4 Kb.
#482952
түріСабақ
1   2   3   4
Ашық сабақ жоспары 7 сынып

Пәнаралық байланыс

Қазақстан тарихы, қазақ тілі

Осыған дейін меңгерілген білім

«Мына заман қай заман?» мәтін бөлшектерін талдады

Жоспарланатын уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Сабақтың басталуы
5 минут

Ұйымдастыру
Оқушылармен амандасу. Жұп болып бір-біріне сәттілік тілейді.
Шортанба» Қанайұының «Зар заман» толғауының шумақтары бір оқушы оқып тұрады, сол арқылы
5 топқа бірігеді.
1-топ.
Зар заман, зар заман,
Зарланып өткен бір заман…
…Жөн білмеген жамандар
Ел билеген бек болды,
Көтере алмай билігін,
Ұласқан үлкен кек болды…
2-топ.
Арам сулы балаға
Атаның сөзі ұнамас.
Заманақыр боларда
Алуан-алуан жан шықты,
Қайыры жоқ бай шықты
3-топ.
Қыс көбейді – жаз аз боп,
Бай таусылды – мал аз боп,
Ағайыны көре алмай,
Атаға бала араз боп.
Әр нәрсенің болжалы
Келе жатыр жақындап
4-топ
Байлар ұрлық қылады,
Көзіне малы көрінбей,
Билер жейді параны
Сақтап қойған сүріндей.
Заманың сенің құбылды
Текметтің түріндей...
5-топ.
Тарлығының белгісі:
Жақсы – жаннан түңілген,
Жаман – малдан түңілген,
Мұның өзі – зар заман.
Топ бақылаушыларын сайланады..«Ұтымды ой» әр топ жыр жолынан бір сөйлем ұсынады. Қай топ жақсы ой ұсынғанын өзара талдайды, бағалайды.


Үй жұмысы. Өткен сабаққа шолу жасау. «Тест интервью» әдісі. Топпен ақылдасып жауап береді.

  1. Сөз басында Нұрасыл мен Ләйләнің әңгімесіне арқау болған көркемсөздер

  2. «Зар заман ақындары» туралы ұғымды

енгізген кім, өкілдері кімдер ?

  1. Ш. Қанайұлының өмірі туралы қандай деректер алдыңыздар?

  2. .«Зар заман» өлеңі қандай сөздермен басталады? Неліктен деп ойлайсыз?

  3. Шортанбай өмір сүрген заман қандай еді?

  4. Ел билеу жүйесінде қандай өзгерістер болды?

  5. Шортанбай шығармаларынан қандай

тәлім-тәрбие алдыңдар?

  1. Шортанбай өлеңдерінен заманның бұзылған белгілерін табыңыздар, қандай өзгерістер енді?

  2. Ақын өз заманының қандай өзгерістерінен шошына жырлайды?

  3. Өлеңмен таныса отырып қандай сезімде болдыңыздар?



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет